Жекелеген тауарларға арналған уақытша қорғаныштық шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24
ақпандағы № 296 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды
"Тауарлардың импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тауарларға қатысты 2000 жылдың 1 шiлдесiне дейiн мерзiммен уақытша қорғаныштық шаралар енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi тауарлардың импорты кезiнде қосымшаға сәйкес депозитке қазiргi қолданылып жүрген кедендiк баждың ставкасынан жоғары алынатын уақытша қорғаныштық баж енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Демпингке қарсы бақылау жөнiндегі комитетi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесiп белгiленген тәртiппен Беларусь Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжiкстан Республикасы Интеграциялық комитетiне және Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжiкстан Республикасының және Өзбекстан Республикасы Орталық Азия Экономикалық Қоғамдастығы Мемлекетаралық Кеңесiнiң Атқарушы комитетiне Қазақстан Республикасының уақытша қорғаныштық шаралар енгізетіндiгi туралы хабарласын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2000 жылғы 24 ақпандағы
№ 296 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетiн, уақытша
қорғаныштық шаралар енгізiлетiн тауарлардың тiзбесi
---------------------------------------------------------------------------
Тауардың атауы Тауардың СЭҚ ТН Уақытша
бойынша коды қорғаныштық шаралар бажының
ставкалары (кедендiк құнына %-пен)
---------------------------------------------------------------------------
Табиғи барий
сульфаты 2511 10 000 20
Оралған жабдық және 680710100 30
қаптағыш материалдар
Гофрирлендiрiлген 681 1 10 000 25
табақшалар (шифер)
Диаметрi 244,5 мм. 82 07 19 900-дан 30
бұрынғы
шапқыларының,
диаметрi 105 мм., 125
мм., 130 мм. бұрғы
ұштарының бөлiктерiн
қоса алғанда тас
жыныстары мен
қабаттарын бұрғылау
құралдары
салмағы 21 кг. аспай. 8424 10 910-дан 30
тын көмiрқышқылды
өрт сөндiргiштер, өрт
сөндiргiш зат - көмiр.
тегiнiң қос тотығы*
Сұйықтарды 9028 20 000 25
өлшегіштер
Ауыспалы тоққа 9028 30 110 30
арналған бір фазалы
электр энергиясын
өлшегіштер
Ауыспалы тоққа 9028 30 190-дан 20
арналған көп фазалы
электр энергиясын
өлшегіштер, дәлдік
сыныбы 02-05*
есептегіштерден басқа
* Тауарлардың номенклатурасы тауардың кодымен де, атауымен де белгіленеді. Техникалық өлшемдері мен белгіленген жағдайлар кезіндегі жұмысқа арналуы мынадай тиісті жазулармен расталуы тиіс: машиналар мен жабдықтар үшін - бұйымның төлқұжатында немесе зауыттық сынақ сертификатында