Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1433
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 17 ақпандағы № 261 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.02.01 ж. № 214 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1433 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейтін министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар қызметкерлерінің штат санының лимиттерінде:
3-реттік нөмір жаңа редакцияда жазылсын:
"3 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 863
оның ішінде:
1) Қазынашылық комитеті 154
2) Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
комитеті 118
3) Қаржы бақылау комитеті 71";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейтін министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерінің штат санының лимиттерінде:
2-реттік нөмір жаңа редакцияда жазылсын:
"2 1) Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті 4180
2) Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру комитеті 250
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Қаржы бақылау комитеті 948".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі