Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы N
343 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 ж. 14 ақпандағы № 231 Қаулысы
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстар мен қызмет көрсетулердің жекелеген түрлерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жұмыстардың және қызмет көрсетулердің жекелеген түрлерінің рыногын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы № 343 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 11, 105-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы тараумен және 39, 40-тармақтармен толықтырылсын:
"Жол қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы қызмет
39. Мемлекеттік техникалық байқаудың алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалау.
40. Көлік құралдарын дайындауға, қайта жабдықтауға, көшелерді, қалалық жер бетіндегі электр көлігі желілерінің құрылысын салуға және оларды қайта жаңартуға, жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарына арналған техникалық құжаттамаларға жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қолданылып жүрген нормаларға, ережелерге және стандарттарға сәйкестігі бөлігінде сараптама жасау.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі