Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 наурыздағы
№ 304 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 ақпандағы
№ 234 қаулысы
ҚР Үкіметінің 20.01.01 ж. № 87 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 наурыздағы № 304 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 10, 90-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі туралы ережеде:
9-тармақтың үшінші абзацындағы "мемлекеттік" деген сөз "республикалық" деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақта:
1) тармақшадағы "тапсырысшылар жүргізетін" деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшадағы "әзірлеу" деген сөзден кейін "және өз құзыретінің шегінде оларды қабылдау" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) мемлекеттік сыртқы заемдардың қаражаты есебінен сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңдарын қолдану мәселелері бойынша сол заемдар туралы келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысу;";
8) тармақшадағы "шығару" деген сөз "шығаруды ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдарын қолданудың тәжірибесін талдау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;";
12-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік органдар мен мекемелерден жүргізілген мемлекеттік сатып алу туралы, оның ішінде мемлекеттік сыртқы заемдар мен гранттардың қаражаты есебінен жүзеге асырылған сатып алу туралы есептерді, ақпараттар мен материалдарды сұратуға және алуға;";
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) мемлекеттік сатып алудың рәсімдері бұзылған жағдайда конкурстардың нәтижелерін қайта қарауға немесе қайтадан конкурстар өткізуге бастама жасауға;";
19-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) заңдарда белгіленген тәртіппен:
Агенттіктің қызметкерлерін көтермелеу жөнінде және оларға материалдық көмек көрсету жөнінде шешім қабылдайды;
Агенттіктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) бұйрықтар шығарады;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | Қ. Тоқаев |