Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 19 қаңтардағы № 97 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 733 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этиль спиртiн сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 43, 388-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил спиртiн сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібінде:
34-тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысымен белгiленген ең төменгi бағадан кем сатпауға;
7) этил спиртiн сатудың уәкiлеттi орган белгiлеген тәртібін сақтауға;"
35-тармақ мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) нормативтiк-техникалық актiлерде көзделген есеп құжаттамасының кемiнде екi жыл сақталуын қамтамасыз етуге;
10) Сериялы шығарылатын этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан басқа) жылына кемінде бір рет, ал рецептуралары, технологиялық процесі немесе өндірістің режимі өзгерген жағдайда - өнімді сериялық өндіріске енгізгенге дейін дәм айыру комиссияларына ұсынуға.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі