Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 қарашадағы №
1389 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы № 70 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.14.08. № 765 қаулысымен күші жойылды
Отандық жиһаз өнімі тауар өндірушілерін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Әкелінетін тауарларға кеден бажының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1389 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 46, 450-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"392041110- Қатты, қабатталмаған, қалыңдығы 1 мм-ден 25"
нан аспайтын винилхлорид полимерлерінен
жасалған пленкалар
деген жолдардан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"392042910- Винилхлорид полимерлерінен жасалған бажсыз"
-нан қабатталған, қалыңдығы 1 мм-ден аспайтын
тақталар, парақтар, пленкалар, фольга және
белдеулер
"441019100 Шайыр немесе басқа да органикалық бажсыз"
байланыстырушы заттар сіңірілген немесе
сіңірілмеген, өңделмеген немесе тек
тегістелген ағаш жоңқасынан жасалған
тақталар және ағаштан немесе басқа да
ағаш материалдардан жасалған осындай
тақталар
деген жолдардан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"441019300 Жоғары қысыммен безендірілген қабатты бажсыз
пластикпен жасалған ағаш жоңқасы
тақталары
441121000 Тығыздығы 0,5 г/текше см, бірақ
0,8 г/текше см-дан артық емес
механикалық өңдеуден өтпеген немесе беті
қапталмаған ағаш талшықты тақталар
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап бір ай өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі