Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы № 1243
қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 30 желтоқсан № 2027 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1404 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жекелеген тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне шектеу енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы № 1243 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 45, 410-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
3-тармақтың үшінші абзацындағы "1999 жылдың желтоқсанында" деген сөздерден кейін "2000 жылдың желтоқсанында" деген сөздермен толықтырылсын.
осы қаулыға 1-қосымшада:
"Бір жылға арналған квотаның көлемі" деген бағандағы "Бір жылға арналған" деген сөздер "2000 жылдың 31 желтоқсаны бойынша" деген сөздермен және "8000" деген сан "3000" деген санмен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Қ. Тоқаев |