32. Радиоактивті заттармен, иондаушы сәулеленудің көздері және бериллиймен жүргізілетін жұмыстар
1. Зерттеу, көлік және тәжірибелік-өнеркәсіптік атом реакторлары мен олардың прототиптеріндегі жұмыс
Радиоактивтілік пен радиоактивті сынықтардан пайда болған технологиялық суларды тазалаумен, сондай-ақ радиоактивті зияндылық жағдайында тазалау құрал-жабдықтарының технологиялық жабдықтарын жөндеумен үнемі айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар
1 және 2-сыныптағы жұмыстар жүргізілетін кеме ғимараттары мен имараттарының ішінде технологиялық жабдықтау құралдары мен атом энергетикалық құрылғылардың жабдықтарын сақтаумен үнемі айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар
2. Кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу институттарында, зертханаларда, конструкторлық және тәжірибелік-конструкторлық ұйымдардағы жұмыс
Жұмыс орнында белсенділігі 226 радийдің 0,1 милликюриінен кем емес немесе оған радиоактивті зат көлемінің радио улағыштығы бойынша баламалы радиоактивті заттармен үнемі жұмыс істейтін және осы жағдайда технологиялық жабдықтарды жөндеумен айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар
3. Радиоактивті заттарға байланысты жер бетіндегі геологиялық барлау жұмыстары
Радиоактивті кендерге байланысты жұмыстармен үнемі айналысатын жұмысшылар
4. Кәсіпорындардағы өнеркәсіптік санитарлық зертханаларда, ұйымдарда, медициналық мекемелерде және мемлекеттік өнеркәсіптік атомдық қадағалау инспекциясы және радиациялық қауіпсіздіктің ведомстволық қызметіндегі жұмыстар
Радиация және бериллий зияндылығы жағдайында атом реакторларына, атом станцияларына қызмет көрсетумен және радиоактивті заттар мен бериллий өндірісінде үнемі жұмыс істейтін жұмысшылар мен мамандар
5. Жеделтету құрал-жабдықтарында, бір секундта нейтрондардың тоғызыншы дәрежесіндегі 10 және одан да көп нейтрон шығаратын нейтрон генераторларындағы жұмыстар
Экстремалды және пайдалану жұмыстарын жүргізген кезде үнемі және тікелей радиациялық қауіптілік жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар
Жабдықтарды жөндеумен айналысатын жұмысшылар мен мамандар (нақты жұмыс істеген уақытқа)
6. Радиоактивті заттарды көму және тасымалдау жөніндегі жұмыстар; радиоактивті заттар мен бериллиймен ластанған арнайы киімдер мен жабдықтарды дезактивизациялау, газсыздандыру және шаңсыздандыру жұмыстары
Радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтар мен бериллийді тиеу, түсіру, қайта тиеу, тасымалдау, жинау, өңдеу, сақтау және көмумен, сондай-ақ жабдықтарды, үй-жайды, көлік құралдарын газсыздандыру, арнайы киімді жинау, жөндеу, дезактивизациялау және шаңсыздандырумен үнемі айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар
Санитарлық рұқсатнамалардың (душ) жұмысшылары
7. Басқа да жұмыстар
Бөлшектер мен құралдарды сынаушылар, 25 киловольт және одан жоғары кернеуде стендтердегі электр сәулесін жіберуші түтіктерді сынаумен айналысатын шеберлер, аға шеберлер
Атом нысандары апаттарының нәтижесінде радиоактивті ластануға ұшыраған, КСРО Үкіметінің шешіміне сәйкес жергілікті өндірудің және жеке қосалқы шаруашылықтардың азық-түлік өнімдерін тұтынуға шектеу енгізілген аудандарда істейтін жұмысшылар
33. Жалпы мамандықтар
Аккумуляторшылар
Әкті езуші аппаратшылар
Құрамында қауіптілігі 3-сыныптағы заттардан төмен емес зиянды заттар бар құраммен бөлшектер мен бұйымдарды қанықтырумен айналысатын бакелитшілер (қанықтырушылар)
№ 2 Тізімде көзделген жұмысшыларды басқаратын және осы жұмысшылар үшін белгіленген жұмыстардың барлығын толық атқаратын бригадирлер
Жұмсақ бактарды жасау және жөндеумен және шина жөндеу кәсіпорындарында істейтін резина қоспасын үгушілер
№ 2 Тізімде көрсетілген өндірістердің барлық қызметкерлері, егер өндірістер кәсіптер мен лауазымдары санамаланбай көрсетілген болса
Кәсібінің атауына қарамастан, № 2 Тізімде көзделген белгілі бір жұмыстарды атқаратын барлық жұмысшылар
Вулканизаторшылар
Ацетилен станцияларында істейтін газ генераторшылары
Газбен кесушілер
Газбен дәнекерлеушілер
Әкті езушілер
Ацетилен құрал-жабдықтарының генераторшылары
Гидроқұмбүріккішілер
Қауіптілігі 3-сыныптағы заттардан төмен емес зиянды заттарды қолдана отырып жұмыс істейтін компаундтарды құюшылар
Өндірістің технологиялық процесімен немесе жабдықты жөндеумен және қызмет көрсетумен айналысатын басшылардың орынбасарлары
Көмір және тау-кен өнеркәсіптерінде жер асты жұмыстарында, металлургиялық өндірістің ыстық жұмыс учаскелерінде, химия өнеркәсібінде оқытумен айналысатын және жұмыс уақытының 50% және одан да көбін жер астында және өндірістік цехтарда өткізетін көпшілік мамандықтардағы жұмысшыларды өндірістік оқыту нұсқаушылары
Негізгі жұмысшылары № 1 Тізім немесе № 2 Тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы алуға құқылы өндірістерде істейтін технологиялық пештердің от жағушылары
Құрамында қауіптілігі 3-сыныптағы заттардан төмен емес зиянды заттар бар лактармен жұмыс істейтін электр оқшаулағыш бұйымдар мен материалдарды лактаушылар
Пластмасса құюшылар
Қауіптілігі 3-сыныптағы заттардан төмен емес зиянды заттарды қолдана отырып жұмыс істейтін бояушылар
Қауіптілігі 3-сыныптан кем емес зиянды заттармен жұмыс істеген кезде компрессорлы құрылғылардың машинистері
Қазандықтардың (көмір мен жанар таспен жанатын) машинистері (от жағушылары), оның ішінде күл шығарушылар
Газ компрессорларына (әуе компрессорларынан басқа) қызмет көрсетумен айналысатын технологиялық компрессорлардың машинистері
Аммиакты-тоңазытқыш құрал-жабдықтарына қызмет көрсетумен айналысатын тоңазытқыш құрал-жабдықтарының машинистері
Металлизаторшылар
Жұмсақ бактарды жасаумен және шина өңдеуші кәсіпорындарда істейтін бөлшектерді сылаушылар
Әкті күйдірушілер
Алмас пен гауһарды қырлаушылар
Эмаль күйдірумен айналысатын конвейерлік пештердің операторшылары
Құмбүріккішпен тазалау құрылғысының операторлары
Винипласттың үстінен дәнекерлеушілер
№ 2 Тізімде көрсетілген шеберлердің көмекшілері
Вулканизаторшы-престеушілер
Пластмассадан жасалған заттарды престеушілер
Қауіптілігі 3-сыныптағы заттардан төмен емес зиянды заттарды қолдана отырып жұмыс істейтін аралаушы ағаш үгіндісі материалдары мен ағаштан жасалған бұйымдарды қанықтырушылар
Ракеталар мен ғарыш нысандарына жылы оқшаулағыш жапқыштарды (қоспалар, қанықтырғыштар, қалыптар мен престегіш бұйымдар жасауда) дайындау және жағумен тікелей айналысатын жұмысшылар
Жол жағдайында сауытты танк техникасын жүргізу кезінде сынаумен үнемі айналысатын жұмысшылар
Асбоцемент пен асбоселиттен жасалған бұйымдарды механикалық өңдеумен үнемі айналысатын жұмысшылар
Қорғасынды материалдары бар қыш декол өндірісінде тікелей жұмыс істейтін жұмысшылар мен шеберлер
Сәулеленудің УҚТ, УТЧ, СВЧ көздерімен үнемі жұмыс істейтін жұмысшылар мен шеберлер, бұл жұмысты орындау сәулеленуден қорғайтын жеке қорғану құралдарын қолдануды міндетті түрде талап етеді
Кремний органикалық қоспалар өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшылар, учаскелердің шеберлері мен аға шеберлері
Шыны талшық және шыны пластиктен жасалған бұйымдарды механикалық өңдеумен үнемі айналысатын жұмысшылар
Қауіптілігі 1-2-топтағы микроағзалармен жұмысты тікелей орындайтын жұмысшылар
Дайындау, қосымша, ағымдағы жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ өзінің еңбек функцияларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өзінің жұмыс орнынан тыс жерде жұмыс атқаратын жұмыскерлер
№ 2 Тізімде көзделген жұмыстарды орындаумен толық жұмыс күні ішінде, яғни жұмыс уақытының кемінде 80 пайызында айналысатын жұмыскерлер
Мамандандырылған кәсіпорындардың, ұйымдардың, цехтардың, учаскелер мен басқа да құрылымдық бөлімшелердің (жөндеу, жөндеу-құрылыс, монтаждау және басқа) № 2 Тізімде көзделген өндірістік цехтарда, бөлімшелер мен учаскелерде, жұмыстарда, кәсіптер мен лауазымдарда тікелей, толық жұмыс күні істейтін жұмыскерлері
Барлық атаудағы жұмысшылар, оның ішінде бас, аға жұмысшылар, олардың көмекшілері, егер № 2 Тізімге жұмысшылардың кәсіптері жалпы атаумен енгізілген болса
Өнімдері өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпыодақтық сыныптауышына сәйкес мынадай: бейорганикалық химия, органикалық синтез, мұнай-химия, резина-техникалық және асбест өнімі; тыңайтқыштар; полимерлер; пластикалық массалар; каучуктер; лак-бояу материалдары; фототехникалық тұрмыстық химия; синтетикалық бояғыштар; химиялық реактивтер мен жоғары тазалау заттары бөлімдеріне жататын «10. Химиялық өндіріс» тарауының өндірістерінде істейтін жұмыскерлер.
Вулкандаумен айналысатын резина бұйымдарын жөндеушілер
Жинаушы-шегелеушілер (шегелеушілер)
Целлулоидты көзілдірік әйнектерін жабыстырушы-бояушылар
Жер асты канализация желілерінде үнемі жұмыс істейтін апатты-қалпына келтіру жұмыстары слесарьлары және шеберлер
Қауіптілігі 3-сыныптағы заттардан төмен емес зиянды заттарды ағызу және құюмен айналысатын ағызушы-құюшылар
Шина жөндеуші кәсіпорындарда шиналарды қалпына келтіру және жөндеумен айналысатын кедір-бұдыр салушылар
Құрамында қауіптілігі 3-сыныптағы заттардан төмен емес зиянды заттар бар флюстерді қолдана отырып жартылай автоматты машиналарда, сондай-ақ автоматты машиналарда кесумен және қолмен дәнекерлеумен айналысатын электрлі газбен дәнекерлеушілер
Қорғасындалған кабельдер мен полиэтиленді және полихлорфинилді қаптамамен қапталған кабельдерді дәнекерлеу жұмыстарымен үнемі айналысатын кабельді желілер жөніндегі электромонтаждаушылар
Қорғасындалған кабельдер мен полиэтиленді және полихлорфинилді қаптамамен қапталған кабельдерді дәнекерлеу жұмыстарымен үнемі айналысатын кабельді желілерді жөндеу және біріктіру жөніндегі электромонтерлер
Құрамында қауіптілігі 3-сыныптағы заттардан төмен емес зиянды заттар бар флюстерді қолдана отырып жартылай автоматты машиналарда, сондай-ақ автоматты машиналарда көмір қышқыл газы ортасында дәнекерлеумен айналысатын автоматты және жартылай автоматты машиналардағы электр дәнекерлеушілері
Қол дәнекерлегішінің электр дәнекерлеушілері
Көмір және тау-кен өнеркәсіптерінде жер асты жұмыстарында, металлургиялық өндірістің ыстық жұмыс учаскелерінде, химия өнеркәсібінде оқытумен айналысатын және жұмыс уақытының 50% және одан да астам уақытын жұмыс уақытын жер астында және өндірістік цехтарда еткізетін көпшілік мамандықтардағы жұмысшыларды өндірістік оқыту шеберлері мен аға шеберлері
Резервуарларды, бактарды және цистерналарды ішкі тазалаумен айналысатын шеберлер мен аға шеберлер
Баспа үшін емес
Баспа үшін емес
34.