Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N
796 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 2025 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасындағы:
реттік нөмірі 12-жолдағы 4-бағандағы "Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттік" деген сөздер "Астана қаласының ЕЭА әкімшілік кеңесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 21-жолдағы 4-бағандағы "Президенттің Іс Басқармасының резерві" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі