Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N
796 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1900 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ақмола облысының орталығын көшіруге байланысты босаған ғимараттарды және қызмет үй-жайларын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
4-бағандағы реттік нөмірі 25-жолдағы "Президент Іс Басқармасының резерві" деген сөздер "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі