"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
өзгеріс енгізу туралы 1999 жылғы 29 қарашадағы № 487-I
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 7, 225-құжат; 1999 жылғы 29 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 30 шілде және 3 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 24 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгеріс енгізілсін:
26-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджет тапшылығының белгіленген деңгейінен асып кеткен не оны атқару барысында кірісті көздерден алынатын түсімдер төмендеп кеткен жағдайда, бюджет шығыстарын және кредит беруді, бірақ бекітілген соманың 10 процентінен аспайтын, қысқарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар қабылдайды, ал 10 проценттен жоғарысы республикалық бюджет туралы заңға және мәслихаттардың тиісті шешімдеріне өзгерістер енгізу жолымен қабылданады.".
2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті | | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |