Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім)
өзгерістер енгізу туралы 1999 жылғы 29 қарашадағы № 486-I
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. 1999 жылғы 17, 20-22 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 17, 20, 22-24, 27 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 747-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Егер заң актілерінде немесе тараптар келісімінде өзгеше белгіленбесе, банктік шот шарты мерзімсіз болып табылады.";
2) 751-баптағы ", бірақ ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сыйақы төленетін күнгі қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан кем болмауға тиіс" деген сөздер алып тасталсын;
3) 760-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктегі ", бірақ ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сыйақы төленетін күнгі қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан кем болмауға тиіс" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті | | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |