"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу
туралы 1999 жылғы 16 қарашадағы № 480-I Қазақстан Республикасының
Заңы
1-бап. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ведомостары, 1992 ж., № 23, 560-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; № 20, 252-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; № 22, 334-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
13-баптың екінші бөлігінде:
1) тармақшада «ең төмен жалақы» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті | | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |