7) заңдарда белгiленген тәртiппен Агенттіктің қызметкерлерiне тәртiптiк жазалар қолданады;
8) Сараптық кеңестердiң жеке құрамын бекітедi;
9) Агенттiктiң құзыретiне кiретiн басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 16.09.02 ж. № 1010 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді
18. Агенттік төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады, алқаның шешімі қаулылар нысанында шығарылады.
Алқаның сандық және жеке құрамын Агенттіктің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының арасынан Агенттiктiң төрағасы бекiтедi.
19. Қазақстан Республикасының Әкiмшілiк тәртіп бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес монополияға қарсы заңдардың бұзылуы туралы істерді қарау үшін Агенттікте және оның аумақтық органдарында Әкімшілік комиссиясы құрылады.
Агенттік Әкімшілік комиссиясының жеке құрамын Агенттіктің төрағасы және аумақтық органның басшысы бекітеді.
ҚР Үкіметінің 16.09.02 ж. № 1010 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді
20. Агенттіктің облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің департаменттерi болады.
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
21. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
15 қарашадағы
№ 1713 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 16.09.02 ж. № 1010 қаулысымен тізбенің күші жойылды
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың
Тізбесі
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1999 жылғы
15 қарашадағы
№ 1713 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 16.09.02 ж. № 1010 қаулысымен қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігінің
мемлекеттік мекемелерi-аумақтық органдарының
Тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментi.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті.
4. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментi.
5. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментi.
6. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментi.
7. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
8. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментi.
9. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментi.
10. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментi.
11. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментi.
12. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментi.
13. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігінің Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi.
14. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігінің Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi.
15. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментi.
16. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
15 қарашадағы
№ 1713 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
Тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 наурыздағы № 326 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 11, 99-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі № 475 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 14, 151-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы № 1093 қаулысымен (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 40, 343-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 16-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1301 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 8 және 16-тармақтары.