Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1131
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 10 қыркүйектегі № 1358 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі № 995 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлiгі Аэроғарыш комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылдың 11 тамыздағы № 1131 қаулысына мынадай өзгерістер енгізсiн:
1) 1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлiгінiң Аэроғарыш комитетi туралы ережеде:
16-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары, оның ішінде төрағаның бiр орынбасары - "Байқоңыр" космос айлағы басқармасының бастығы, болады.";
18-тармақтың 1) тармақшасындағы "өзiнiң орынбасары" деген сөздер "өзiнiң орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі