41-3-бап. Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға берiлетiн өтiнiм
Конкурсқа қатысуға берiлетiн өтiнiмде:
1) өтiнiм берушiнiң атауы оның орналасқан жерi, мемлекеттік тиесiлiлiгi (заңды тұлғалар үшiн), азаматтығы (жеке тұлғалар үшiн);
2) заңды тұлғалардың және өтiнiм берушiнiң атынан өкiлдiк ететiн тұлғалардың басшылары немесе иелерi туралы деректер;
3) өтiнiм берушiнiң техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкiндiктерi туралы деректер болуға тиiс.
41-4-бап. Өтiнiмдердi қараудың тәртібі мен мерзiмдерi
1. Өтiнiм берушi конкурсқа қатысуға арналған жарнаны төлеген соң өтiнiм қарауға қабылданады. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) өтiнiмнiң конкурсқа қатысуға қабылданғаны туралы оның келiп түскен күнiнен бастап бiр ай мерзiмде өтiнiм берушiге ресми хабарлайды. Өтiнiмдердiң сараптамасы конкурс процесiнде жүргiзiледi.
2. Конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылданған соң өтiнiм берушiге Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) ақысын төлетiп жер қойнауы пайдалануға берiлетiн аумақтағы жер қойнауы Учаскесi (Блоктары) жөніндегі геологиялық ақпарат пакетiн бередi. Пакетте өтiнiм берушiге Жұмыс бағдарламасын және Барлауды және (немесе) Өндiрудi жүзеге асыру бойынша техникалық-экономикалық көрсеткiштердi әзiрлеуi үшiн қажеттi геологиялық, тау-кен-техникалық, технологиялық және өзге ақпарат көлемi болуға тиiс.
41-5-бап. Жер қойнауын пайдалану Құқығын алуға конкурстық ұсыныс
1. Өтiнiм берушi конкурстың шарттарымен белгiленген мерзiмдерде бiрлескен Барлау мен Өндiруге немесе Өндiруге жер қойнауын пайдалану Құқығын алуға 41-2-баптың 2-тармағына сәйкес мiндеттемелердің орындалуын ескере отырып конкурстық ұсыныс жасайды. Конкурсқа қатысуға өтiнiм берушiлердiң арасынан конкурстың жеңiмпазын анықтауды комиссия жүргiзедi. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
Конкурстың нәтижелерi ресми баспасөз басылымдарында жариялануға тиiс.
2. Барлауға, жер қойнауын пайдалану Құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныста:
1) өтiнiм берушiнiң соңғы 5 жылда өзi қызметiн жүзеге асырған мемлекеттердiң тiзiмiн қоса алғанда, оның бұрынғы қызметi туралы ақпарат, өтiнiм берушiнiң қаржылық мүмкiншiлiктерi туралы банк анықтамасы;
2) жұмыс бағдарламасын және оны жүзеге асыруға кететін шығындарды қоса алғанда, өтiнiм берушiнiң Барлау жүргiзу шарттары туралы ниетi;
3) Контракт аумағы жерiн рекультивациялауды және қалпына келтiрудi қоса алғанда, өтiнiм берушiнiң қоршаған ортаны қорғауға қатысты ниетi;
4) Барлауды қаржыландырудың көздерi (өзiнiң қаражаты немесе заемдық қаражаттар);
5) геологиялық ақпаратты сатып алудың шарттары;
6) өтiнiм берушiнiң жер қойнауын пайдалануға құқықтарды іске асыруда Ұлттық компаниялармен үлестiк ынтымақтастығы туралы ниеті болуға тиiс.
3. Өндiруге жер қойнауын пайдалану Құқығын алуға конкурстық ұсыныста бұдан басқа:
1) өзi өндiрудi ұйғарып отырған Пайдалы қазбалардың көлемiн қоса алғанда, Кен орындарын игеру жоспары;
2) Өндiрудi бастаудың күтіліп отырған мерзiмi және оған қол жеткізудің экономикалық және техникалық мүмкiн деңгейi;
3) Өндiруге байланысты шығыстар бойынша және Пайдалы қазбаларды iске асырудан түсетiн кiрiстер бойынша болжамдарды есептеу;
4) Қазақстан Республикасының көзделiп отырған ақша түсiмдерi мен Контракт аумағының өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымын дамытуға салынатын күрделi салымдары болуға тиiс.
4. Бiрлесiп Барлау мен Өндiруге Құқық алуға конкурстық ұсыныс осы баптың 2-3-тармақтарына сәйкес қалыптасуға тиiс.
41-6-бап. Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысу құқығынан бас тартылу
Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысу құқығынан бас тартылу мынадай жағдайларда орын алуы мүмкiн:
1) осы Жарлықтың 41-3-бабының талаптарын бұза отырып конкурсқа қатысуға өтiнiм беру немесе 41-5-бабының талаптарын бұза отырып конкурстық ұсыныс беру;
2) өтiнiм берушiнiң жалған мәлiметтердi ұсынуы;
3) өтiнiм берушiнің конкурсқа қатысуға өтiнiмiнде және (немесе) конкурстық ұсыныста аталған Барлау мен (немесе) Өндiру үшiн қажеттi техникалық, ұйымдастырушылық, бас қарушылық және қаржылық мүмкiншiлiктерге ие екендiгiнiң немесе ие болатындығының құжаттамалық айғақтарының өтiнiмде болмауы.
41-7-бап. Конкурстың қорытындыларын шығару
1. Конкурстың жеңiмпазы мынадай басты өлшемдер жиынтығының негiзiнде анықталады:
1) Барлауды жүргiзудiң басталу және қарқындылық мерзiмі;
2) Өндiрудi бастаудың және оның экономикалық техникалық мүмкiн деңгейiне, сондай-ақ Пайдалы қазбаларды барынша жоғары коэффициентiне жету мерзiмi;
3) бюджетке бастапқы, сондай-ақ одан кейiнгi төлемдердің болжамды мөлшерi;
4) инвестициялардың мөлшерi, жобаны қаржыландырудың және Контракт аумағының өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымын дамытуға салынатын күрделi салымдар мерзiмдерi мен шарттары;
5) Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөніндегі талаптардың сақталуы.
2. Өтiнiм берушi әзiрлеген техникалық-экономикалық көрсеткiштердiң конкурс шарттарына сәйкес келуiн бағалауды Құзыретті орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) құратын сараптама комиссиясы жүргiзедi және хаттамамен ресiмделедi.
41-8-бап. Геологиялық және Тау-кендiк бөлу
1. Барлауға, Өндiруге, бiрлескен Барлау мен Өндiруге, сондай-ақ Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану Құқығын иеленушi тиiсiнше Геологиялық немесе Тау-кендік бөлу айқындалған жер қойнауы Учаскесiнiң шектерiнде ғана жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиiстi Операцияларды жүргiзуге құқылы.
2. Өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану Құқығын иеленуші Тау-кендiк бөлумен айқындалған жер қойнауы Учаскесiнiң шектерінде, өзiнiң қалауы бойынша, Барлауға Контракт жасамай және Геологиялық бөлудi ресiмдемей Барлау жөніндегі операцияларды жүргiзуге құқылы.
3. Контракт аумағын қайтаруға байланысты ресімделетін Геологиялық бөлудi жер қойнауын пайдалану және оны қорғау жөніндегі мемлекеттік орган бередi.";
18) 42-бапта:
1-тармақта:
"Барлау және Өндiру жөніндегі операцияларды" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
1), 2), 3), 4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3) және 1-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) Барлау жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге арналған Контракт;
1-2) бiрлескен Барлау және Өндiру бойынша жұмыстарды жүргiзуге арналған Контракт;
1-3) Өндiру бойынша жұмыстарды жүргiзуге арналған Контракт;
1-4) Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуға және (немесе) пайдалануға арналған Контракт.";
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Контрактiнiң шарттары Модельдi контрактiнiң ережелерiн ескере отырып, тараптардың өзара келісімi бойынша белгiленедi.
2-2. Контрактiнiң шарттары Қазақстан Республикасының Заңдарына сай келуге тиiс. Контракт жасалған кезде қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiн Контрактiнiң шарттары Контрактiге қол қойылған кезден бастап жарамсыз деп есептеледi.
2-3. Жұмыс бағдарламасын қоса алғанда, бiрлескен Барлау мен Өндiруге жасалған Контракт бойынша Өндiрудi жүргiзудiң шарттары мен тәртібі Контрактiде белгiленген тәртiппен, жасалған Контрактiге қосымша ретiнде қосалқы рәсiмделуге тиiс.";
19) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"43-бап. Контрактiнiң қолданылу мерзiмi
1. Барлауға Контракт алты жыл мерзiмге жасалады. Мердiгер Контрактiде және тиiстi жұмыс бағдарламасында белгiленген мiндеттемелердi орындаған жағдайда Мердiгердiң Контрактiнiң қолданылу мерзiмiн ұзартуға құқығы бар. Контрактiнiң қолданылу мерзiмi әрбiр кезеңi ұзақтығы екi жылға дейiн болып екi рет ұзартылуы мүмкiн. Егер Мердiгер мерзiмдi ұзарту үшiн Контрактiнiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн 12 айдан кешiктiрмей өтiнiш жасаған болса, Барлауға Контрактiнiң мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.
2. Өндiруге арналған Контракт 25 жылға дейiнгi, ал пайдалы қазбалардың iрi және бiрегей қорлары бар кен орындарында - 45 жылға дейiнгi мерзiмге жасалады.
3. Бiрлескен Барлау мен Өндiруге Контракт мүмкiн болатын ұзарту мерзiмдерi ескерiле отырып, Барлау мен Өндiрудiң мерзiмiн қамтитын мерзiмге жасалады. Бұл ретте мерзiмдердi ұзартуға осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелер қолданылады.
4. Пайдалы қазба табылған жағдайда Контрактiнiң қолданылу мерзiмiн Коммерциялық табуды бағалау үшiн Мердiгердiң қажет кезеңге ұзартуға құқығы бар.
5. Контрактiнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiм ол Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттік орган) келiп түскен күнiнен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қаралуға тиiс.";
20) мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын:
"43-1-бап. Контрактiнің қолданылуының аумақтық аясы (Контрактілік аумақ)
1. Контрактілік аумақтың шегiнде жер қойнауының бiр-бiрiмен өзара аралас ретiнде де, бөлек те бiр Учаскесi немесе жер қойнауының бiрнеше Учаскесi болуы мүмкiн. Контрактілік аумақтың шегiнде бөлiнетiн жер қойнауы Учаскесi (жер қойнауы учаскелерi) белгiлi бiр тереңдiкпен шектелiне алады (шектелiнуi мүмкiн).
2. Егер Барлау және (немесе) Өндiру жүргiзу кезiнде Пайдалы қазбалар табылатын болса, Кен орнының географиялық шекаралары көрсетiлген Геологиялық немесе Тау-кендiк бөлудегi Контракт аумағы шегiнен шығып кеткен болса, онда оны кеңейту туралы мәселе конкурс өткiзiлместен Контракт шарттарын өзгерту арқылы шешiлуге тиiс.
3. Контрактiнiң аумағын қайтарудың шарттары мен тәртібі Контрактiде айқындалады.
4. Контракт аумағының бөлiктерiн қайтару, Контракт аумағынан осы Жарлықтың 41-8-бабына сәйкес осындай Геологиялық бөлуден қайтарылатын бөлiктердi қоспағанда, Геологиялық бөлудi қайта ресiмдеу арқылы жүзеге асырылады.";
21) 44-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Контракт оған қол қойылғанға дейiн Қазақстан Республикасы Үкіметі белгiлеген тәртiпке сәйкес тиiстi мемлекеттік органдармен, оның iшiнде салық салу мәселелерiмен айналысатындарымен мiндеттi түрде келісілуге тиiс. Келiсу мерзiмi контрактілік құжаттардың ұсынылған күнiнен бастап 30 күннен аспауға тиiс. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) өзiнiң қалауы бойынша оған қол қойғанға дейiн Контрактiге тәуелсiз сараптама жүргiзу тағайындауға құқылы. Бұл ретте мұндай сараптама жүргiзудiң мерзiмi контрактілік құжаттарды берген кезден бастап 30 күннен аспауға тиiс.";
3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлдiк еткен орган Контрактiнi тiркейдi және ол тiркелген күннен бастап күшiне енедi" деген сөздер "Кең таралған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта Өндiруге Контрактiнi қоспағанда, Контрактiнi тiркеу туралы сертификатты мiндеттi түрде бере отырып, Контрактiнi Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) тiркейдi және ол қол қойылған кезден бастап күшiне енедi" деген сөздермен ауыстырылсын.";
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
"4-1. Контрактiнi жасау жергiлiктi атқарушы органдардың жер учаскесiн дереу ресiмдеуi үшiн негiз болып табылады. Бұл ретте ресiмделетiн жер учаскесiнiң кеңiстiк шекаралары жер учаскесiн iс жүзiнде пайдалану мерзiмдерiнiң шегiнде Жер қойнауын жердiң үстiңгi бетiн бұза отырып iс жүзiнде пайдаланылатын аумақпен шектеледi.
4-2. Құзыреттi орган Контрактiнiң көшiрмесiн оны тiркеген соң бiр апта мерзiмде мiндеттi түрде жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органға жiбередi.";
22) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"45-бап. Контрактiнi жарамсыз деп тану
1. Контракт мынадай жағдайларда:
1) сот тәртібімен Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттік орган) осы тұлғамен Контракт жасауға шешiм қабылдауға ықпал еткен көрiнеу жалған ақпарат беру фактiсi анықталған жағдайда;
2) сот тәртібімен конкурсты жүргiзуге не жер қойнауын пайдалану құқығын алуды ұтып алған үмiткермен оған басқа үмiткерлердiң алдында заңсыз басымдықтар беру мақсатында Контракт жасасуға қатысушы лауазымды адамдардың арасында сөз байласу, бюджетке төленетiн төлемдердiң шарттарын ырықтандыру және олардың мөлшерiн азайту фактілері анықталған жағдайда;
3) қолданылуы Контракт жасасуға тiкелей ықпал еткен шарттың күшiн сот тәртібімен жою кезiнде жарамсыз деп табылады.
2. Контрактiнi жарамсыз деп тану үшiн соттың осы баптың 1-тармағында көрсетiлген фактiлердiң болғандығын растайтын шешiмiнiң немесе үкімінiң заңды күшiне енуi негiз болып табылады. Контракт ол жасалған кезден бастап жарамсыз деп есептеледi.
3. Сот тәртібімен оның негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын беру және қайта ресiмдеу жүзеге асырылған шартты жою не бұзу Контрактiнiң өзiнiң емес, жер қойнауын пайдалану құқығын осындай берумен байланысты қабылданған өзгерістер мен толықтырулардың жарамсыздығына әкелiп соғады.";
23) мынадай мазмұндағы 45-1 және 45-2-баптармен толықтырылсын:
"45-1-бап. Контрактiнiң қолданылуын тоқтата тұру
1. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) не жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган Мердiгер:
1) Контрактiде көзделмеген қызметтi немесе оны Контрактiнiң талаптарын бұза отырып жүзеге асырған;
2) Контрактiде көзделмеген бағдарлама бойынша қызметтi жүзеге асырған;
3) өз қызметiн жүзеге асыру процесiнде жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу бөлiгiнде заңдарды ұдайы бұзған жағдайларда Барлауды, Өндiрудi, бiрлескен Барлау мен Өндiрудi не Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын Салуды және (немесе) пайдалануды алты айға дейiн мерзiмге тоқтата тұруды талап етуге құқылы.
2. Барлау, Өндiру, бiрлескөн Барлау мен Өндiру не Барлау және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын Салуды және (немесе) пайдалануды жүргiзу тоқтатыла тұрған жағдайда Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) не жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган Жер қойнауын пайдаланушыға мұндай тоқтата тұрудың себептерi туралы жазбаша түрде хабарлайды және оларды жою үшiн қисынды мерзiм белгiлейдi.
3. Барлауды, Өндiрудi, бiрлескен Барлау мен Өндiрудi не Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуды және (немесе) пайдалануды тоқтата тұруды тудырған себептер жойылған кезде Құзыреттi орган (уәкілеттi мемлекеттік орган) не жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган Мердiгерге Барлауды, Өндiрудi, бiрлескен Барлау мен Өндiрудi не Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуды және (немесе) пайдалануды жүргiзудi жалғастырудың мүмкiндiгi туралы жазбаша түрде хабарлайды.
4. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) және (немесе) жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган, егер жасалған Контрактiге сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды жалғастыру, Жер қойнауын пайдаланушыға тәуелсiз белгiлi бiр жағдайларға байланысты адамдардың өмiрiне қауiп немесе қоршаған ортаға қатер төндiретiн жағдайда, Барлауды, Өндiрудi немесе бiрлескен Барлау мен Өндiрудi жүргiзудi тоқтата тұруға құқылы. Бұл жағдайда Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) немесе жер қойнауын пайдалану және қорғау жәніндегі мемлекеттік орган Жер қойнауын пайдаланушыға осындай жағдайлардан туған қолайсыз зардаптардың тәуекелiн болдырмайтын не оны төмендететiн шаралар қолдану жөнiнде атқарылуы мiндеттi нұсқаулар беруге құқылы. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды тоқтата тұру үшiн негiз болатын мән-жайлардың туындағаны үшiн қандай да бiр жауапкершiлiктен босатылады.
45-2-бап. Контрактiнi өзгерту және тоқтату
1. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) Контрактiнi мынадай жағдайларда:
1) Мердiгер Барлау, Өндiру, бiрлескен Барлау мен Өндiру не Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуды және (немесе) пайдалануды жүргiзудi тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға әкеп соққан себептердi жоюдан бас тартқан жағдайда, не осы себептер оларды жою үшiн жеткiлiктi мерзiмде жойылмаған жағдайда;
2) Жер қойнауын пайдаланушылар осы Жарлықтың 70-бабында көзделген шараларды қолданбаған жағдайда;
3) Осы Жарлықтың 45-1-бабының 4-тармағына сәйкес Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұруға әкеп соққан себептердi жою мүмкiн болмайтын жағдайда;
4) Мердiгер Контрактiмен не жұмыс бағдарламасымен белгiленген мiндеттемелерiн айтарлықтай бұзған жағдайда;
5) Мердiгер осы Жарлыққа сәйкес жер қойнауын пайдалану Құқығы кепiл нысанасы болып табылатын жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес банкрот деп танылған жағдайда бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы.
2. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттік орган) Контрактiнi бұзу туралы тиiстi шешiм қабылдағанға дейiн Мердiгерге хабарлама жiберу арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзудi дереу тоқтатуды талап етуге құқылы, ал Мердiгер мұндай талапты дереу атқаруға мiндеттi.".
24) 46-бапта:
1-тармақтағы "Егер енгiзiлетiн өзгертулер Лицензия талаптарына қайшы келмесе" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы екiншi сөйлем алып тасталсын.
25) мынадай мазмұндағы 48-1-баппен толықтырылсын:
"48-1-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды Сақтық аймағының шегiнде жүргiзу
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды Сақтық аймағының шегiнде жүзеге асыратын Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі осы Операцияларды судың деңгейiнiң көтерiлуi жағдайында теңiздiң Ластануын болдырмайтындай немесе барынша төмендететiндей етiп жүргiзуге мiндеттi.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды Сақтық аймағының шегiнде жүзеге асыратын Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі жүргiзiлген Операциялардың және мұндай Жер қойнауын пайдаланушының кiнәсi болу-болмауына қарамастан су деңгейiнiң көтерiлуiнiң нәтижесiнде теңiздiң Ластануы жағдайында қоршаған ортаға не жеке немесе заңды тұлғаларға келтiрiлген зиян мен залал үшiн жауапкершiлiкте болады.";
26) 49-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "кен Өндiруге қатысы жоқ" деген сөздер "Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес" деген сөздермен ауыстырылсын.
27) 53-баптың 1-тармағындағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлдi органдардың" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органының" деген сөздермен ауыстырылсын.
28) 57-бапта:
2-тармақта:
бiрiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану Құқығына ие Мердiгер Өндiрудi Пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттік сараптама жүргiзiлгеннен кейiн ғана бастауға құқылы.";
4-тармақтағы "Сондай-ақ Өндiруге қатысы жоқ" деген сөздер "Өндiруге байланысты емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 58-баптың 1-тармағындағы, 59-баптың 1-тармағындағы, 60-баптың 1-тармағындағы "Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлдi орган" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану және оны қорғау жөніндегі мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
30) 62-бапта:
1) тармақшадағы "Лицензия мен" деген сөздер алып тасталсын.
8) тармақшадағы ", Лицензияда және (немесе)" деген сөздер "және" деген жалғаулықпен ауыстырылсын;
31) 63-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы "Лицензия мен" деген сөздер алып тасталсын.
3) тармақшада:
"Лицензия алған күннен бастап екi жыл iшiнде" деген сөздер "Контракт жасаған күннен бастап" деген сәздермен ауыстырылсын;
"Лицензияда" деген сөз "Контрактiде" деген сөзбен ауыстырылсын:
5-тармақшада "қызметкерлер" деген сөздiң алдынан "Жер қойнауын ұтымды пайдалануды," деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында конкурс өткізумен байланысты олар стандарттар мен басқа да талаптарға сай болған жағдайда Қазақстан Республикасында өндiрiлген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнiмдердi мiндеттi түрде пайдалануға;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
8) егер бұл қызмет көрсетулер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында конкурстар өткізумен байланысты стандарттарға және басқа да талаптарға сай болса, әуе, темір жол, су және басқа да көлiк түрлерiн пайдалануды қоса алғанда, Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды өткізу кезiнде жұмыс атқару мен қызмет көрсету үшiн қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдарды мiндеттi түрде қатыстыруға.";
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) Қазақстан Республикасында қайсыбiр қызмет түрi болмаған жағдайда мемлекеттік органның рұқсатымен шетелдiк ұйымдардың қызметiн пайдалану.";
12) тармақшадағы "Жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі өкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақшада "Салықтарды" деген сөзден кейiн ", Жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшiн айыппұлдарды" деген сөздер енгiзiлсiн;
2-тармақтағы "Лицензия мен" деген сөздер алып тасталсын.
32) 64-бапта:
1-тармақта:
"мiндеттi Жұмыс бағдарламасы" деген сөздер "жұмыстардың ең төменгi немесе жұмыс бағдарламасы, сондай-ақ жұмыстардың жылдық бағдарламасын бекiтудiң тәртібі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және Лицензияға" деген сөздер алып тасталсын;
тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын:
"Жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды жүргiзу процесiнде Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға мiндеттi. Барлауға Контрактiнiң негiзiнде Барлау жүргiзген және коммерциялық анықтау жасаған Мердiгердiң тiкелей келiссөздер негiзiнде Өндiру Құқығын алуға ерекше құқығы бар.";
3-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
"Бұл ретте негiзсiз артық сипаттағы немесе Кен орнын игерудiң Оң практикасымен сәйкес келмейтiн немесе жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу, Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекет белгiлеген ережелер мен нормаларды бұзуға байланысты Жер қойнауын пайдаланушы шеккен, не Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе Контрактiмен жүктелген оның өзге де мiндеттердi бұзуына байланысты шеккен шығыстарды өтеуге жол берiлмейдi.";
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3, 3-4, 3-5 және 3-6 тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Барлауды жүзеге асыратын Мердiгердiң Кен орнының қорларын байқау үшiн пайдалануды жүргiзуге бұл жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органмен келісілген жобада немесе жылдық жұмыс бағдарламасында көзделген жағдайда ғана құқығы бар.
3-2. Барлауды, Өндiрудi не бiрлескен барлау мен Өндiрудi жүргiзетiн Жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшесiмен, егер Контрактiде мұндай келiсу үшiн өзгеше мерзiм белгiленбесе, Контракт жасалған айдан кейiнгi айдың 30-нан кешiктiрмей жұмыстардың жылдық бағдарламасын келiсуге мiндеттi.
3-3. Жер қойнауын пайдаланушы жылдық бағдарламаны жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органмен келісім бойынша қайта қарауы мүмкiн.
3-4. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органға жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалатын шарттарда және тәртiпте жүргiзуi жөнiнде есептер табыс етуге мiндеттi.
3-5. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттік орган) мұндай бағдарламалар мен есептер бекітілген кезден бастап екi апта мерзiмде кен орнының қорларын байқау үшiн пайдалану жөніндегі жобаларды қоса алғанда, жұмыстарының бекітілген жылдық бағдарламалары мен оларды орындау жөніндегі есебiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
3-6. Осы Жарлыққа сәйкес Контрактiнiң қолданылуы тоқтатылған жағдайда, Жер қойнауын пайдаланушы заңдарға және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес Барлау немесе Өндiру объектiлерiн консервациялауды, жабдық пен өзге мүлiктi бөлшектеп-бұзуды және Контрактілік аумақтан әкетудi жүзеге асыруға мiндеттi".
33) 66-бапта:
2-тармақта:
"Өндiрудi тоқтатқанда немесе уақытша тоқтатқанда" деген сөздер "Барлауды және (немесе) Өндiрудi тоқтатқанда немесе Барлауды және (немесе) Өндiрудi тоқтата тұрғанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Өндiруге қатысы жоқ" деген сөздер "Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;