"Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" ЖАҚ-ның жекелеген
мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
23 тамыздағы № 1223 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 28 маусымдағы № 702 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңының 47 және 48-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" ЖАҚ-ның Директорлар кеңесі заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Н.Ж.Қаппаровты атқарып отырған Қоғамның президенті лауазымынан босату және Қоғамның президенті міндетін атқаруды Ұ.С.Қарабалинге жүктеу туралы шешім қабылдауды;
2) Қоғамның құжаттарына аудиторлық тексерулер жүргізуді қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі (Қоғамның акционері) Н.Ж.Қаппаровтың Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтатуы туралы шешім қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі