Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивиденттер мен ұйымдардағы
қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістің мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13
тамыздағы № 1159 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 24 cәуірдегі № 404 Қаулысымен осы Қаулының күші жойылды
"Мемлекеттік мүлiктi жекешелендiрудің және басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 1 маусымдағы № 683 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Былай деп белгiленсiн:
1) жоғарыда көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлiктi жекешелендiрудің және басқарудың тиiмдiлiгін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрi - Бағдарлама) сәйкес 1-санатқа жатқызылған мемлекеттің 100 проценттiк қатысуымен акционерлік қоғамдар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн дамудың орта мерзiмдiк индикативтiк жоспарларына сәйкес акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер есептеудi жүзеге асырады және тәуелсiз аудиторлық ұйым (аудитор) аудит жүргiзiлгеннен кейiн оларды республикалық бюджетке аударады;
2) Бағдарламаға сәйкес 2-санатқа жатқызылған мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар заңдарда белгiленген тәртiппен акционерлердің жалпы жиналысының не қоғамның директорлар кеңесiнiң шешiмiне сәйкес акциялардың мемлекеттік пакетiне дивидендтердi аударуды жүзеге асырады.
2. Акциялардың мемлекеттік пакетi мен ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерiне иелiк етудi және пайдалануды жүзеге асыратын министрлiктер заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген акционерлік қоғамдардың дивидендтердi есептеуiнiң және аударуының уақытылығы мен толықтығы, сондай-ақ осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген акционерлік қоғамдардың дивидендтердi есептеу мен аударуының уақытылығы үшiн қажеттi шаралар қабылдауы;
2) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлмеген мемлекеттік қатысу үлесiмен акционерлік қоғамдар акционерлерiнiң жалпы жиналысы мен мемлекеттiң қатысу үлесiмен шаруашылық серiктестіктерi қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу кезiнде таза кiрiстен кемiнде 50 проценттi дивидендтер мен қатысу үлесiне кiрiске бағыттауды және олардың уақытылы аударылуы үшiн барлық қажеттi шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.
3.
Ескерту: 3 тармақтың ҚР Үкіметінің 30.09.99 ж. № 1504 қаулысымен күші жойылды
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі