Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің
штат санын ұлғайту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 9 тамыздағы № 1112 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 21.09.99 ж. № 1433
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi аумақтық органдарының штат санын 4 бiрлiкке қысқарту есебiнен Қазақстан Республикасы Шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттігiнiң штат саны 4 бiрлiкке ұлғайтылсын.
ҚР Үкіметінің 21.09.99 ж. № 1433 қаулысымен 2 тармақтың күші жойылды
2.
3. "Штат саны лимитiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 16 ақпандағы № 132 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген министрлiктер мен агенттiктердiң (министрлiктердiң жанындағы комитеттердi қоса алғанда) орталық аппараттары мен олардың аумақтық бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң штат саны лимитiнде:
реттiк нөмiрi 3-жолдағы "10617" және "9759" деген сандар "10613" және "9755" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 15-жолдағы "22", "22" деген сандар "26", "26" деген сандармен ауыстырылсын;
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі