4) 11-бапта:
баптың атауындағы «мен өкiлдiктерi» деген сөздер «өкiлдiктерi және есеп айырысу-касса бөлiмдерi (жинақ кассалары)» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
Қазақстан Республикасында шетелдiң қатысуымен банктердiң филиалдарын ашу тәртібін Ұлттық Банк белгiлейдi.»;
5) 12-баптың 2-тармағында:
«қайта құруға» деген сөздер «үлгiсiн өзгертуге» деген сөздермен ауыстырылсын, «жағдайда» деген сөзден кейiн «ғана» деген сөз қосылсын;
6) 14-баптың 3-тармағында:
үшiншi абзацтағы «және пайдалану» деген сөздерден кейiн «(резервтiк капиталын)» деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«банк органдарының шешiм қабылдау тәртібі»;
7) 15-баптың 4-тармағында:
бiрiншi бөлiгi «деңгейде» деген сөзден кейiн «еншiлес банктердi қоспағанда» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Еншiлес банктер өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға мiндеттi»;
8) 16-бапта:
1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Банктiң мемлекет құрылтайшы (қатысушы) ретiнде сатып алатын (иелiк ететiн) акцияларының құнын төлеуге ақша немесе өзге мүлiк енгiзiлуi мүмкiн.»;
2-тармақ
«осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 17-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар немесе тiзбесiн Ұлттық Банк бекiтетiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалардың құрылтайшылары (акционерлерi) болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резидент банктерiнiң құрылтайшысы немесе акционерi бола алмайды.»
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары, банктердi қоса алғанда, егер оларда тiзбесiн Ұлттық Банк белгiлейтiн негiзгi рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң ең аз талап етiлетiн рейтингi болса Қазақстан Республикасының резидент банктерi акцияларының бес және одан да кеп процентiне ие бола алады.»;
10) 18-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгіндегі «қолданылмайды» деген сөз «да қолданылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 20-бапта:
1-тармақтағы «Байқаушы кеңесiнiң» деген сөздер «Директорлар кеңесiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Байқаушы кеңесiнiң» деген сөздер «және Директорлар кеңесi мүшелерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 21-бапта:
1-тармақтағы «туралы өтiнiшiне» деген сөздерден кейiн «оның басқа банктер мен қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына қатысуы туралы мәлiметтерiн» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Ұлттық Банк жарғылық капиталына банктiң құрылтайшысы болып табылатын резидент емес заңды немесе жеке тұлға қатысқан банктердiң немесе қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайы туралы ақпарат сұратуға құқылы. Аталған банктердiң немесе қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайы қанағаттанғысыз болған жағдайда Ұлттық Банк аталған резидент емес заңды немесе жеке тұлғаға резидент банктiң жарғылық капиталына қатысуға рұқсат беруден бас тартуға құқылы.»;
13) 22-баптың 1-тармағында:
а) тармақшасындағы «жиырма бес» деген сөздер «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;
б) тармақшасындағы «Байқаушы кеңесiнiң» деген сөздер «Басқармасының» деген сөзбен ауыстырылсын;
14) 25-баптың бiрiншi және екiншi бөлiгіндегі «министрлігі», «министрлігіне» деген сөздер «министрлігінiң органдары», «министрлігінiң органдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 26-баптың 6-тармағындағы бәсiрелiк болып табылады және» деген сөздер алып тасталсын;
16) 28-баптың 1-тармағындағы «министрлігінде» деген сөз «министрлігінiң органдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 29-бапта:
атаудағы «мен өкiлдiктерiн» деген сөздерден кейiн «және есеп айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Банктiң есеп айырысу-касса бөлiмi (жинақ кассасы) - банктiң Ұлттық Банк келісімi негiзiнде құрылған, заңды тұлға болып табылмайтын, филиалдық не өкiлдiк мәртебесi жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн орындайтын аумақтық оқшау бөлiмшесi.»;
8-тармақта:
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Есеп айырысу-касса бөлiмдерi (жинақ кассалары) қолданылып жүрген банк заңдарына сәйкес ашылады және жабылады.»;
екiншi бөлiк «органдарына» деген сөздiң алуынан «министрлігінiң» деген сөзбен толықтырылсын;
екiншi бөлiк үшiншi бөлiк болып есептелсін;
18) 30-бапта:
2-тармақта:
а) және б) тармақшаларындағы «депозиттерiн» деген сөз «банк шоттарын ашуды және жүргізуді» деген сөздермен толықтырылсын;
в) тармақшасындағы «сондай-ақ банктердiң металл шоттарын» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы в-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«в-1) осы адамның иелігіндегі тазартылған бағалы металдардың нақты саны көрiнiс табатын жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу;»;
г) тармақшасы «қабылдау» деген сөзден соң «беруді» деген сөзбен толықтырылсын;
ж) тармақшасы «төлем, мерзім, қайтарым талаптарына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
и) тармақшасы «қаражатты» деген сөзден кейін «тазартылған бағалы металдарды және құнды қағаздарды» деген сөздермен толықтырылсын;
к) тармақшасындағы «(есеп айырысу)» деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi бөлiк «басқа» деген сөзден кейiн «заңды» деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақта:
г) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«г) ақша түрiнде орындауды көздейтiн кепiлдiктер беру;»;
мынадай мазмұндағы г-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«г-1) ақша түрiнде орындауды көздейтiн үшiншi адамдар үшiн тапсырымдар және басқа мiндеттемелер беру «;
19) 31-бапта:
2-тармақта:
бiрiншi абзацта «банктiң Байқаушы кеңесi» деген сөздер «банк директорларының кеңесі (жабық қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда - акционерлердiң жалпы жиналысы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
ж) тармақшасындағы «банктiң Байқаушы кеңесi» деген сөздер «банк директорларының кеңесі (жабық қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда - акционерлердiң жалпы жиналысы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 34-бапта:
1-тармақ «төлем» деген сөзден кейiн «мерзiмi» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақта:
«ережеге» деген сөз «ережелерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Байқаушы кеңесi» деген сөздер «банк директорларының кеңесi (жабық қоғамда бұл орган болмаған жағдайда - акционерлердiң жалпы жиналысы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бiрiншi абзацындағы «ереже» деген сөз «ережелер» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «банктердiң кепiлдiк операцияларына» деген сөздер «банктердiң кепiлдiктер және кепiлдемелер беру жөніндегі операцияларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 35-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Банк бiр заемшыға осы заемшының банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алған заем қаражатының көлемiн шегерiп тастағанда активтердiң орташа жылдық құнынан асып кететiн жалпы сомаға банк кредитiн беруге құқылы емес. Заемшының активтерiнiң орташа жылдық құны есептi жылдың басынан осы кредиттi алған күнге дейiнгi кезеңге есептеледi.»;
4-тармақтағы «банктердiң кепiлдi операцияларын» деген сөздер «банктердiң кепiлдiктер мен кепiлдемелер беру жөніндегі операцияларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 38-бапта:
баптың атауындағы «Ақшалай қаражаттар» деген сөздер «Төлемдер және ақшалай қаражаттар» деген сөздермен толықтырылсын 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктер Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын заңдарда белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.»;
2-тармақтағы «Ақшалай қаражаттар» деген сөздерден кейiн «және төлемдер» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «халықаралық» деген сөзден кейiн «төлемдерiн және» деген сөздермен толықтырылсын;
23) 40-баптың 7-тармағында:
«кепiлдiк» деген сөзден кейiн «кепілдемелер» деген сөзбен толықтырылсын;
«банктiң Байқаушы кеңесiнiң» деген сөздер «банк директорлары кеңесiнiң (жабық қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда акционерлердiң жалпы жиналысының)» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 41 - бапта:
баптың атауы мынадаЙ редакцияда жазылсын:
«41-бап. Банктерге және олардың лауазымдар адамдарына қолданылатын шаралар. Банктiк реттеу тәсiлдерi»;
жетiншi абзац «банктерге» деген сөзден кейiн «немесе олардың лауазымды адамдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
25) 42-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгiнде «бұзғаны үшiн» деген сөздер «банктiң және олардың лауазымды адамдары бұзғаны үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 43-баптың атауындағы және 1-тармағындағы «Резервтiк қорлар», «қорының» деген сөздер тиiсiнше «Резервтiк капитал», «капиталдың» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 48-баптың 1-тармағында:
в) тармақшасындағы «есеп айырысу» деген сөздер «төлем» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы л-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«л-1) банктiң қайта құрылу немесе таратылу жолымен өз қызметiн ерiктi түрде тоқтату туралы шешiм қабылдауы.»;
28) 54-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгіндегі «Байқаушы кеңесi» деген сөздер «банк директорларының кеңесi (жабық қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда акционерлердің жалпы жиналысы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 55-баптағы «пайда мен залал туралы есептi» деген сөздер тиiсiнше «кiрiстер мен шығыстар туралы есептi» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 69-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Ерiктi түрде таратылу процесiн аяқтаудың мүмкiн еместiгiне байланысты Ұлттық Банк банктiң жұмысын ерiксiз тоқтату (тарату) туралы сотқа жүгiнуге құқылы.»;
31) 73-баптың 7-тармағындағы «министрлігі» деген сөз «министрлігінiң органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
7. Қазақстан Республикасы Президентінің «Сақтандыру туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы № 2475 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 19, 115-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 15, 279-құжат; 1997 ж., № 11, 143-құжат; № 13-14, 205-құжат):
1) 1-бапта
2-тармақтағы «Сақтандыру қызметi-» деген сөздерден кейiн «сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң уәкiлеттi мемлекеттік органның тиiстi лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын және» деген сөздермен толықтырылып, «сақтандырушының» деген сөз алып тасталсын;
«мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Уәкілеттi мемлекеттік орган - мемлекеттiң сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөніндегі мiндеттер мен өкiлеттiктердi заңдарда белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес жүзеге асыратын органы.»;
2) 2-бап:
«нормативтiк» деген сөзден кейін «құқықтық» деген сөзбен толықтырылсын;
«Үкіметінiң» деген сөзден кейiн «, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттік органның» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 3-бапта:
баптың атауындағы «сақтандыру қатынастары» деген сөздер «қатынастары» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
« - уәкiлеттi мемлекеттік органның сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөніндегі өзiнiң қызметi мен өкiлеттiктерiн жүзеге асырумен байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.»;
4) 5-баптың 4-тармағында:
«заңдарда» деген сөз «заң актiсiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi сөйлем алып тасталсын;
5) 8-бапта:
2-тармақта:
бiрiншi бөлiк алып тасталсын;
екiншi бөлiктегi «ұйымдардың» деген сөздер «және қайта сақтандырушы ұйымдардың, шетелдік сақтандыру делдалдарының» сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
«5-1. Шетел қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы - акцияларының үштен бірінен астамы мыналардың:
1) Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң;
2) акцияларының (қатысушылар салымдарының) үштен бiрiнен астамы Қазақстан Республикасы резидент еместерінiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының меншiгiнде және (немесе) басқаруында болатын Қазақстан Республикасының резиденттерi - заңды тұлғалардың;
3) Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң қаражатын бөлушiлер (сенім көрсетiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттерi не осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлғалардың иелiгіндегі және (немесе) басқаруындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы.
5-2. Шетел қатысқан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жиынтық тiркелген жарғы капиталы, уәкiлеттi мемлекеттік орган рұқсат берген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бiрге тiркелген жарғы капиталының жиырма бес процентiнен аспауға тиiс.»;
6) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылуы мен қызметiнiң ерекшелiктерi.
1. Құрылатын сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын мемлекеттік тiркеудi уәкiлеттi мемлекеттік органның оны ашуға рұқсаты негiзiнде Әдiлет министрлігінiң органдары жүзеге асырады.
2. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары акционерлік қоғам және мемлекеттік кәсiпорын нысанында құрылады.
3. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға рұқсат беру (кері қайтарып алу) тәртібі, оларды құрған кезде қойылатын қосымша талаптар, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, бұл ұйымдарды мемлекеттік тiркеу және қайта тiркеу, оларды қайта құру және тарату ерекшелiктерi, сондай-ақ олардың қызметiн реттеу (сақтандырушының шарттық қатынастарын қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
4. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына сақтандыруға жатпайтын немесе сақтандыру қызметiнiң нысанасынан тiкелей туындамайтын кәсiпкерлiк қызмет ретiнде (сауда және материалдық өндiрiс саласын қосқанда) мәмiлелер мен операцияларды жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
7) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
«10-1-бап. Сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерi
1. Мемлекеттік уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн коммерциялық ұйымдар сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерi ретiнде өкiлеттiк етуге құқылы.
2. Сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерi сақтандырушы делдалдар болып табылады және сақтандырушы, қайта сақтандырушы тараптармен немесе үшiншi тұлғамен тиiстi шарттарда (келісімдерде) белгiленген талаптар шегiнде жауапкершiлiкте болады.
3. Сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерi уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметiн (сақтандыру делдалдығын) жүргiзуге берген тиiстi лицензияның негiзiнде өз қызметiн жүзеге асырады.»;
8) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының капиталы
1. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
2. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтайшылары (акционерлерi) сатып алатын акцияларға тек қана ақша төлеуге мiндеттi.
3. Құрылған сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталына акционерлердiң меншiк капиталы шегiнде ақша салынуы мүмкін.
4. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарында жарияланған жарғылық капиталын олардың акционерлері бұл ұйымдарды мемлекеттік тiркеу кезiне төлеуге тиiс.»;
9) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«35-бап. Сақтандырушылардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етудiң ең төменгi шарттары
1. Сақтандырушы өзiнiң қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге мiндеттi. Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз етудiң ең төменгi шарттарына: меншiктi капиталы мен сақтандыру резервтерiнiң қажеттi мөлшерде болуы сақтандырушының жекелеген шарт бойынша ең төменгi мiндеттеме нормативiн сақтауы және уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген сақталуға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттердi орындау жатады.
2. Сақтандырушының меншiктi капиталы сақтандырушының сақтандыру резервтерi мен басқа да мiндеттемелерi (кредиторлық борышы) сомасын шығарып тастағаннан кейiнгi барлық активтерiнiң құны ретiнде белгiленедi. Сақтандырушылардың активтерiнiң көлемiн анықтау әдiсiн уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
3. Сақтандыру резервтерi сақтандыру төлемдерiнiң есебiнен құралады. Сақтандыру резервтерiн қалыптастыру тәртібі мен мөлшерiн уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
10) 36-баптың атауындағы және мәтiніндегі «қоры», «қордың» деген сөздер «капиталы», «капиталдың» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 37-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
2. Сақтандыру резервтерін орналастыруды сақтандырушылар бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсе отырып, уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.»;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
12) 38-40-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«38-бап. Сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттер
1. Сақтандырушының, сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жеке шарты бойынша қайта сақтандырушының міндеттемелерінің ең жоғарғы көлемі меншікті капиталы мен сақтандыру резервтерi сомасының 10 процентiнен аспауға тиiс.
2. Егер сақтандырушы немесе қайта сақтандырушы аталған нормативтен асыра отырып мiндеттемелер қабылдаған жағдайда, олардың артық бөлiгi қайта сақтандырылуға тиiс.
3. Уәкілеттi мемлекеттік орган сақтандырушылар мен қайта сақтандырушылар сақтауға міндетті басқа нормалар мен лимиттерді белгiлеуге құқылы.
39-бап. Есеп және есеп беру
Сақтандырушылар мен қайта сақтандырушылардың, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң бухгалтерлiк, статистикалық және өзге де есеп берулерiнiң тiзбесiн, нысанын, мерзiмiн, сондай-ақ олардың жылдық есептi жариялау мерзiмiн уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
40-бап. Сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеу және қадағалау мiндеттерi
1. Сақтандыру қызметi мен сақтандыруды қадағалауды мемлекеттік реттеу мiндеттерi Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесiнiң тұрақтылығын қолдау, сақтандыру ұйымдары мен сақтандыру қызметiнiң өзге де субъектiлерi клиенттерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, өздерi өткiзетiн сақтандыру мәмiлелерi мен операцияларының сенімдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру рыногының субъектiлерi үшiн арнайы талаптар, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерi үшiн мiндеттi нормативтер белгiлеу болып табылады.
2. Сақтандыру қызметiн реттеудi және оны сақтандыруды қадағалауды уәкiлеттi мемлекеттік орган жүзеге асырады.»;
13) 41-бапта:
баптың атауындағы және бiрiншi абзацтағы «Мемсаққадағалаудың» деген сөз «Уәкілетті мемлекеттік органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «қызметiн» деген сөз «қызметiнiң түрiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сақтандырушылар мен қайта сақтандырушылардың қаржылық орнықтырылығын қамтамасыз етудің ең төменгі шарттарын сақтауды бақылау;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға берiлген лицензиялардың күшiн тоқтата тұруды қоса алғанда, сақтандырушылардың, қайта сақтандырушылардың, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң сақтандыру қызметiн реттеу және оны қадағалау;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) - 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) осы Жарлықта көзделген мәселелер бойынша рұқсаттар мен келісімдер беру;
6-2) Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, сақтанушылардың (сақтандырылғандардың) құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiнде шаралар қабылдау;
6-3) басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалау орталық органдарымен халықаралық және өзге де сақтандыру ұйымдарымен қатынастарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру болып табылады.»;
14) 42-бапта:
баптың атауындағы және бiрiншi бөлiктегi «Мемсаққадағалаудың» деген сөз «Уәкiлеттi мемлекеттік органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «шетел қатысатын кәсiпорындарды қоса алғанда» деген сөздер алып тасталсын;
мынадаЙ мазмұндағы 7-1) - 7-10) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) сақтандыру ұйымдары мен басқа сақтандыру қызметi субъектілерiнiң мiндеттi түрде орындауға тиiстi нормативтiк құқықтық актілерін шығаруға;
7-2) сақтандыру резервтерiн қалыптастыру және пайдалану тәртібін белгiлеуге, сақтандырушылар мен қайта сақтандырушылардың қаржылық жай-күйiн бағалау әдiсiн, сондай-ақ олардың қызметiнiң нәтижесiн анықтауға;
7-3) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары үшін жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшерiн белгiлеуге;
7-4) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға, олардың ерiктi түрде қайта құрылуына және тарауына, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының филиалдары мен өкiлеттiктерiн республика аумағында және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде де ашуға рұқсат беруге;
7-5) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының Басқарма төрағалары мен мүшелерi, бас бухгалтерлерi, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары филиалдарының басшылары мен бас бухгалтерлерi қызметiне адамдар сайлауға (тағайындауға) келісім беруге немесе келісім беруден бас тартуға;
7-6) сақтандыру қызметiн дербес немесе аудиторлық ұйымдарды тарту арқылы жүзеге асыратын ұйымдарға тексеру жүргiзуге (инспекциялауға);
7-7) сақтандыру рыногының субъектiлерiнен өзiнiң бақылау және қадағалау қызметiн жүзеге асыруға қажеттi ақпарат алып отыруға;
7-8) өзiнiң бақылау және қадағалау қызметiн қамтамасыз ету үшiн сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң бухгалтерлiк, статистикалық және өзге есептерiнiң тiзбесiн, нысанын, тапсыру мерзiмiн белгiлеуге;
7-9) сақтандыру статистикасын, сақтандыру рыногының жай-күйiне экономикалық талдау әзiрлеу үшiн сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қауымдастықтарынан, одақтары мен бiрлестiктерiнен, мемлекеттік органдардан қажеттi ақпарат алуға;
7-10) заңдарда көзделген негiздемелер бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiне берiлген лицензиялардың күшiн тоқтата тұру туралы шешімдер, сондай-ақ сотта қарау тәртібімен олардың қызметiн тоқтату туралы шаралар қабылдауға құқығы бар.»:
15) 43-бапта:
2 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру қызметiнiң түрлерiн жүзеге асыруға лицензияларды уәкiлеттi мемлекеттік орган бередi.»;
5-тармақ «Сақтандыру» деген сөзден кейiн «(қайта сақтандыру)» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта:
«сақтандыру делдалының» деген сөздер алып тасталсын;
«сақтандыру тәуекелдерiн бағалаумен, залалдың мөлшерiн, сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн анықтаумен» деген сөздер «сақтандыру тәуекелдерiн, сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн бағалаумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң қызметiн лицензиялау тәртібі мен шарты, сондай-ақ бұл ретте оларға қойылатын талаптар уәкiлеттi мемлекеттік органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгіленедi.
8. Сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға берiлетiн лицензияның нысанын уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтедi.»;
9-тармақтың бірінші бөлiгіндегі «Мемсаққадағалау» деген сөз «Уәкiлеттi мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 44-баптағы «Мемсаққадағалауға» деген сөз «уәкiлеттi мемлекеттік органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 46-бапта:
1-тармақта:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«егер өтiнiш берушi осы Жарлықта немесе уәкiлеттi мемлекеттік органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тиiстi құжаттарды беру жөніндегі талаптарды орындамаса;»;
төртiншi абзац «сақтандыру» деген сөзден кейiн «немесе қайта сақтандыру» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«егер сақтандыру қызметі субъектiсiнiң жарғылық капиталын қалыптастыру жөніндегі шарттар орындалмаса не оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудiң ең төменгi шарттары сақталмаса;
егер лицензиар берген құжаттар (шарттық сақтандыру құжаттамасының үлгiлерi - сақтандыру түрлерi бойынша iшкi ережелер, шарт нысандары және сақтандырудың өзге де талаптарын өзінiң мазмұны бойынша заңдардың талаптарына сай келмесе, лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын.
«2-1. Сақтандырушыға және қайта сақтандырушыға сақтандырудың (қайта сақтандырудың) қосымша түрлерiн жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартудың негіздемесі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде белгiленедi.»
18) 47-баптағы «Мемсаққадағалауға» деген сөз «уәкiлеттi мемлекеттік органға» деген сөздермен ауыстырылсын;