стандарттау және сертификаттау туралы заңдарды бұзған жеке және заңды тұлғаларға заңдармен белгіленген құқықтық ықпал ету шараларын қолдануға құқығы бар.
17-бап. Сертификатталған өнімдерді, процестерді, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді инспекциялық бақылау
Сертификатталған өнімдерді, процестерді, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді инспекциялық бақылауды сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар белгілеген тәртіппен сертификаттау жөніндегі органдар жүргізеді.
4-тарау. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды
қаржыландыру
ҚР 10.06.03 ж. № 432-II Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара) (Осы бап 2004 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі)
18-бап. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру
1. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен:
1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi органды және оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлiмшелерiн ұстауға арналған шығыстар;
2) сертификаттау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) тiркеу жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ зертханааралық салыстырма сынақтар (салыстырулар) жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға арналған шығыстар;
3) сапа және сертификаттау саласындағы бағдарламалар;
4) Қазақстан Республикасының тiркеу және сапаны басқару жөніндегі халықаралық ұйымдарға мүшелiк жарналар енгiзуi мен қатысуы қаржыландырылады.
2. Осы Заңмен көзделген және осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген мемлекеттік сертификаттау жүйесіндегі жұмыстар шарт негiзiнде орындалады.
5-тарау. Сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны
үшін жауаптылық
ҚР 10.06.03 ж. № 432-II Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
19-бап. Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
6-тарау. Сертификаттау саласындағы даулар
20-бап. Сертификаттау саласындағы даулар
Сертификаттау саласындағы даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады.
Қазақстан Республикасының