Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 1998 жылғы 29 қыркүйектегі № 969 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 шілдедегі № 924 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
ҚР Үкіметінің 13.03.00 ж. № 383 қаулысымен 1-тармақтың 2)-тармақшасы күшін жойды
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
ІІ тарау мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
«18. Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сақтау және өңдеу»;
2) күші жойылды
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі