Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 31 шілдедегі
№ 1041 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы
16 маусым № 773
Қазақстан Республикасының 2002 ж. 25 мамырдағы № 569 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгіленген мерзімінде төлемеген салық төлеушінің мүлкіне билік етуді шектеу туралы шешім шығару тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 31 шілдедегі № 1041 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 26, 307-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгіленген мерзімінде төлемеген салық төлеушінің мүлкіне билік етуді шектеу тәртібі туралы ережесінде:
1) 2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Тіркелуге жататын мүлік бойынша құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса берілді.";
2) 4-тармақта:
бірінші абзацтағы "мүліктерге:" деген сөзден кейін "бағалы қағаздар" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы "өнімдерге" деген сөзден кейін "(тауарларға)" деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші абзацтағы "жабдықтарға" деген сөзден кейін "(бірыңғай технологиялық циклде сипатталады)" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 5-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық төлеушінің - борышкердің мүлкіне билік етуді шектеу туралы шешім шығаруды деректердің негізінде салық төлеушінің есепте тұрған жеріндегі аудан, қала, облыс, қаладағы аудан бойынша салық комитеті төрағасының (не оның орынбасарының) атынан салық қызметінің органы қабылдайды.";
екінші абзацтағы "осы инспекцияларға" деген сөздер "салық комитеттерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 357-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 6-тармақ бірінші абзацтағы "шешім шығару" деген сөздерден кейін "қоса беріліп отырған нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
5) Ережеге қосымша қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 16 маусымдағы
№ 773 қаулысына қосымша
Қосымша
______________________________
(салық комитетінің атауы)
Салық төлеушінің мүлкіне билік етуді шектеу туралы
Шешім
N _______ _____________________
(күні)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 Заң күші бар Жарлығына сәйкес
_____________________________________________________________________
(салық комитеті төрағасының немесе төраға орынбасарының аты-жөні)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(салық төлеушінің атауы, заңды мекен-жайы, басшысының аты-жөні, СТН)
_____________________________________________________________________
мүлкіне билік етуді
______________________________________________________________сомасына
(айыппұл санкцияларын және өсімақыларды қоса алғанда, салық, алымдар
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек)
_____________________________________________________________________
шектеуді шешті және салық төлеушінің-заңды тұлғаның мүлкіне билік
етуді
шектеу тізімдемесі актісін жасады.
___________________
(қолы, аты-жөні)
М.О.
Осы шешімнің көшірмесін алдым:
________________________________________
(қолы)
__________________________________________________________________
(салық төлеуші өкілінің аты-жөні, күні)
Бекітемін:
Төраға (төрағаның орынбасары)
_____________________________
(салық комитетінің атауы, мөрі)
Салық төлеуші - заңды тұлғаның
билік етуі шектелген мүлкін тізімдеу
Акті
__________________ ________________________
(күні) (жасалған орны)
____________________________________________________________________
(салық комитеті қызметкерінің аты-жөні)
_______________________________________ қатысуымен,
(салық полициясы қызметкерінің аты-жөні)
куәлардың:
1. ______________________________________________________________
(аты-жөні және мекен-жайы)
2. ______________________________________________________________
(аты-жөні және мекен-жайы)
қатысымен
_____________________________________________________________________
__________________________________________ салық төлеушінің
мүлкіне билік етуді шектеу туралы _____жылғы "____"_________N
_____шешімнің негізінде _________________________________
_______________________________________________ салық төлеушінің
(салық комитетінің атауы)
__________________________________________________________________
(салық төлеушінің атауы және заңды мекен-жайы, басшының аты-жөні)
иелігіндегі мүлкіне салық тұрғысындағы айыппұл санкциялары мен
өсімақыларды қоса алғанда, бюджетке салықтар, алымдар және басқа
да міндетті төлемдер төлеу жөніндегі жалпы сомасы
_______________________________________________________________
теңге берешегінің болуына байланысты, кейін осы мүлікті белгіленген
тәртіппен сатушы
______________
______________
______________
______________
билік ету шектеуді жүргізді.
Тізімдеу кезінде ________________________________________________
(салық төлеушінің өкілі және басқа тұлғалар)
__________________________________________________ қатысты.
Тізімдеуге төмендегі мүліктер енді:
___________________________________________________________________
N Әрқайсысы Саны Бухгалтерлік Нысананың
егжей-тегжейлі деректер сапалық
сипатталған бойынша әрбір сипаттамасы
нысаналардың нысананың
атауы бағасы (теңге)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жиынтық сомасы ______________________________________________
Салық төлеушінің өкілі осы тізімдеудің ________ тармақтарында
аталғандарды қоспағанда, оның тізімделген мүлікті пайдалануға
құқығы жоқтығы және иелігіндегі барлық билік етуі шектелген
мүлікке билік етуге құқығының жоқтығы ескертілген.
Тізімдеу және оны жүргізген адамның іс-әрекеті жөніндегі арыздар,
ескертпелер __________________________________________________
________________________________________________________________
________________________ ___________________
(салық төлеуші немесе
оның сенімді өкілі)
Куәлар: ____________________
Тізімдеуді жүргізу кезінде
қатысқан адамдар: ____________________
Тізімдеуді жүргіздім және
актіні жасадым ____________________
_____________________ ____________________
(салық қызметі органы
қызметкерінің лауазымы)
Осы актіде көрсетілген мүлікті жауапты сақтауға қабылдадым. Тізімдеуге жатқызылған, тәркіленген немесе билік етуі шектелген мүлікті ысыраптағаны, иеліктен алғаны, жасырғаны немесе оны заңсыз бергені үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 357-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді.
Қолы:____________________________________________________
(сақтаушының атауы, мекен-жайы)
Қолхатты қайтып алдым: __________________________________
(салық қызметі органы қызметкерінің лауазымы)
_____________________________________________________________
Актінің көшірмесін алдым: ______ жылғы "_____"___________
_____________________________________________________________
(салық төлеушінің өкілі)
Ескерту: Тізімдеу жүргізетін тұлға, салық төлеушінің өкілі және куәлар актінің әрбір бетіне қол қояды.