Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 9 сәуірдегі № 392 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.07.99 ж. № 1046
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1119 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаменті" бөлімі мен реттік нөмірі 408-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 25-7-жолмен толықтырылсын:
"25-7 "Есеп" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы";
2) ҚР Үкіметінің 23.07.99 ж. № 1046 қаулысымен күші жойылды
3) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы № 207 қаулысына:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымына:
"Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаменті" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы басқармасы";
"Персоналмен жұмыс істеу жөніндегі басқарма" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Кадр және ұйымдастыру жұмысы департаменті";
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Есеп" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны".
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 тамыздағы № 1279 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 40, 372-құжат) күшін жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі