Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1389 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы № 673 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы № 1219 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру жөнiндегі жұмысты үйлестiрудi одан әрi жетiлдiру мақсатында және мемлекеттік басқару органдарының жұмысына қатысатын атауларды және функцияларды нақтылау қажеттiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын әзiрлеудiң және iске асырудың ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1389 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., № 50, 476-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын әзiрлеудiң және iске асырудың ережесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттiгi Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын әзiрлеудiң және iске асырудың мониторингi үшiн жауапты орган болып белгiленсiн.".
3) аталған қаулымен құрылған Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын қалыптастыру жөніндегі комиссияның құрамындағы:
"Жандосов Ораз - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әлиұлы бiрiншi орынбасары, төраға;
Бүркiтбаев Серiк - Қазақстан Республикасының Көлiк
Мiнуарұлы және коммуникация министрi;
Солодченко Роман - Қазақстан Республикасы Энергетика,
Владимирович индустрия және сауда министрлігі
Экономикалық жоспарлау жөніндегі
комитетінің төрағасы" деген жолдар
мынадай редакцияда жазылсын:
"Жандосов - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің
Ораз Әлиұлы орынбасары - Қаржы министрі, төраға;
Бүркітбаев - Қазақстан Республикасының Көлік,
Серік Мінуарұлы коммуникациялар және туризм министрі;
Солодченко - Қазақстан Республикасының
Роман Экономикалық жоспарлау жөніндегі
Владимирович агенттігінің төрағасы";
Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын қалыптастыру жөніндегі комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің төрағасы - Өтембаев Ержан Әбілқайырұлы (келісім бойынша) енгізілсін;
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы аталған құрамнан шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң 1999 жылғы
1 маусымдағы
№ 673 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1999 жылғы
31 желтоқсандағы
№ 1339 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын
әзірлеу және іске асыру ережесі
Осы Ереже мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының мақсатын, мiндеттерiн, құрылымын, оны әзiрлеу мен iске асырудың тәртібін белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы (бұдан әрi - МИБ) - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн, мемлекеттік және/немесе мемлекет тартатын, оның iшiнде мемлекет кепiлдiктерiмен тартылатын қаражатты экономиканың басым секторлары бойынша инвестициялау бағдарламасы.
2. МИБ мақсаты - басым инвестициялық жобаларды және институционалдық даму жобаларын (техникалық көмек) iрiктеу және iске асыру жөніндегі iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру.
3. Инвестициялық жобалар дегенiмiз негiзгi қаражаттарды құрумен (сатып алумен) байланысты жобалар.
4. Институционалдық даму жобалары (техникалық көмек) дегенiмiз мынадай жобалар:
1) инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу;
2) нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау;
3) мемлекеттік мекемелердi институционалдық нығайту;
4) нарықтық институттарды қолдау.
5. МИБ шешетiн мiндеттер:
1) мемлекеттiң орта мерзiмдi инвестициялық басымдықтарын iске асыру;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары, халықаралық қаржы ұйымдары және донор елдер үшiн мемлекеттік инвестициялардың айқындығын қамтамасыз ету;
3) инвестициялық жобаларды және институционалдық даму жобаларын (техникалық көмектi) iске асыруды әзiрлеу, бағалау, iрiктеу және олардың орындалуын бақылау жөнiнде жүйелі жұмысты ұйымдастыру.
6. МИБ жобаларын қаржыландырудың көздерi республикалық бюджеттiң қаражаты, үкiмет кепiлдiктерiмен алынған сыртқы заемдар және мемлекет тартатын сыртқы гранттар болып табылады.
7. МИБ үш жылдық бағдарлама болып табылады. МИБ бiрiншi жылының
мемлекеттік инвестициялар көлемi осы жылға бекітілген республикалық
бюджеттiң тиiстi көрсеткiштерiне сәйкес келедi.
Бұдан кейiнгi жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялардың көлемi болжамды болып табылады және тиiстi жылға арналған республикалық бюджет бекітілген кезде нақтыланады.
2. МИБ құрылымы
8. МИБ талдау бөлiгiнен және жобалардың тiзбесiнен тұрады.
9. Талдау бөлiгi жалпы экономикалық ахуалды талдауды, мемлекеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарын, бұрынғы өткен жылдар үшiн МИБ-сының орындалуын талдауды, мемлекеттік инвестициялау үшiн қаржылық мүмкiндiктердi талдауды, МИБ iске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың iс-қимыл жүйесiн, сондай-ақ оның құрамына кiретiн жобалардың жиынтығының аталған басымдықтарға сәйкестiгiн негiздеудi қамтиды.
10. МИБ жобаларының тiзбелерi басым инвестициялық жобаларды және:
1) қайтарымды негiзде (үкiмет кепiлдiктерiмен алынған сыртқы заемдар және республикалық бюджет несиелерi);
2) қайтарымсыз негiзде (мемлекет тартатын сыртқы гранттар мен республикалық бюджеттiң қаражаты) қаржыландырылатын институционалдық даму жобаларын (техникалық көмектi) қамтиды.
3. МИБ әзiрлеудiң және бекітудiң тәртібі
11. МИБ Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының құрамдас бөлiктерiнiң бiрi ретiнде әзiрленедi.
12. МИБ-сына енгізу үшiн ұсынылатын жобаларды дайындаумен, iрiктеумен, сараптаумен байланысты iс-шараларды жүргiзудi орталық және жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады. Әдiстемелiк басшылықты, жобаларды iрiктеу жөніндегі жұмыстарды үйлестiрудi, МИБ-сына енгізу үшiн ұсынылатын жобаларға экономикалық бағалау жүргiзудi МИБ-сын әзiрлеу және iске асыру мониторингi үшiн жауапты уәкiлеттi орган (бұдан әрi - Уәкілеттi орган) жүзеге асырады.
13. МИБ-сына енгізу үшiн жобалардың деректер базасына енгізу туралы ұсыныстарды Уәкiлеттi органның қарауына қабылдауы үшiн қажеттi шарттар ұсынылатын жобалардың "Қазақстан 2030" Стратегиясына, Қазақстан Республикасының тиiстi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарында келтiрiлген ағымдағы инвестициялық басымдықтарға және дамудың салалық бағдарламаларына сәйкес келуi болып табылады, сондай-ақ:
1) инвестициялық жобалар үшiн:
жобаның техникалық-экономикалық негiздемесінiң және жоба жөнiнде Уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес құжаттаманың;
тиiстi орталық атқарушы органның салалық қорытындысының;
Қазақстан Республикасы Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң экологиялық сараптау қорытындысының (заңдарда көзделген жағдайда);
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау (Мемсараптама)" республикалық мемлекеттік кәсiпорны қорытындысының (заңдарда көзделген жағдайда);
2) институционалдық даму жобалары (техникалық көмек) үшін:
жобаның экономикалық негiздемесiмен бiрге өтiнiмнiң және жобаны iске асыру жөніндегі көмектiң нысаны мен көлемi, iске асыру мерзiмдерi, құрылымдық бөлiмшенiң бар-жоғы туралы ақпарат, жобаны iске асыру үшiн жауапты адам және жобаны аяқтау жөніндегі болжамдық нәтижелер көрсетiлген жоба бойынша Уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес құжаттаманың болуы керек.
14. Уәкiлеттi орган жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн сарапшылар мен консультанттар тартуға және МИБ жасау жұмысында туындайтын жекелеген мәселелерді шешу үшiн ведомствоаралық жұмыс топтарын құру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқылы.
15. МИБ жобаларының тiзбелерiн жасауда және өзгертуде келісілген көзқарастарды қамтамасыз ету үшiн МИБ жасау жөнiнде Комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылады.
16. Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
17. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Уәкiлеттiк орган ұсынатын МИБ жобалары тiзбелерiнiң мемлекеттік инвестициялар басымдықтарына сәйкестiгiне кешендi бағалау жүргiзедi;
2) жобаларды МИБ-сына енгізудің және әрбiр жоба бойынша қаржыландырудың ұсынылған нысандарының мақсаттылығын айқындайды;
3) МИБ шеңберiнде қаржы қаражаттарын бөлу және қайта бөлу мәселелерi бойынша қорытындылар әзiрлейдi.
18. МИБ жыл сайын республикалық бюджет бекітілгеннен кейiн Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысымен жаңартылады және бекiтіледi.
4. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының iске
асырылуын бақылау
19. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасына көмек көрсету бағдарламаларын нақты жобалармен толықтыру жөнiнде донорлармен және несие берушiлермен келiссөздер жүргiзедi, МИБ жобаларын iске асырудың нәтижесiнде мониторинг пен талдау жасауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Yкіметіне ақпарат берiп тұрады.
20. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі несие берушiлермен заем беру шарттарына қатысты келiссөздер жүргiзеді, заемдар бойынша шарттар дайындауды, республикалық бюджетте көзделген мөлшерлерде МИБ жобаларын қаржыландыруды, бөлінген және тартылған қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.