Ескертпе:
1. Автоцистерналар мен автонасостардың саны 2,04,02-84 "Сумен жабдықтау мен сыртқы жүйелер және ғимараттар" ҚНжЕ бойынша судың өрт сөндіруге арналған қажетті мөлшерінің есебінен айқындалады;
2. Өртке қарсы қызметтің санын нақты жағдайда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаментімен келісім бойынша облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы өртке қарсы қызмет басқармалары айқындайды.
3. *** - әрбір нақты жағдайда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігімен келісім бойынша белгіленеді;
4. Ұйымдарға өртке қарсы қауіпсіздік саласында өртке қарсы қызмет органдары шарттық негізде қызмет көрсете алады.