Қазақстан Республикасының таулы ормандарында басты мақсатта пайдалану
ағаш кесу ережелерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 6 қаңтардағы № 22 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 14 ақпандағы № 141 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 23 қаңтардағы № 1925-XII қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының таулы ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудiң қоса берiлiп отырған Ережелерi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi Қазақстан Республикасының таулы ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу Ережелерiн ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар мен ұйымдарға, мүдделi министрлiктерге, мемлекеттік комитеттерге, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға, орман иеленушiлер мен орман пайдаланушыларға жеткiзсiн және олардың сақталуына қатаң бақылау жасасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi