Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс Штабы өзiне бағынысты облыстық, қалалық азаматтық қорғаныс штабтарын, әскери бөлiмдердi, мекемелер мен бөлiмшелердi басқарып, олардың қызметiне бағыт-бағдар берiп, үйлестiредi және бақылау жасап отырады.
Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс Штабы өз құзырының шегiнде азаматтық қорғаныс мәселелерi бойынша министрлiктердiң, ведомстволардың, меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң, Үкiметтiң заң, нормативтiк актілері мен шешiмдерiн орындау мәселелерi жөніндегі қызметiне, азаматтық қорғанысқа бөлiнген қаржының жұмсалуына бақылауды жүзеге асырып, Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныс жүйесiнiң оған күнделiктi ахуалда, төтенше жағдайларда және соғыс уақытында жүктелген мiндеттердi орындауға даярлығын қамтамасыз етуi үшiн жауап бередi.
Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныс Штабының бастығы Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысы бастығының орынбасары болып табылады. Оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қызметке тағайындап, қызметтен босатады.
Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныс Штабының, азаматтық қорғаныс штабтарының, әскери бөлiмдерiнiң және мекемелерiнiң құрылымы мен штаттарын белгiленген саны мен еңбекке ақы төлеу қоры және олардың қызметi туралы ереже шегiнде Штаб бастығы бекiтедi.
Республиканың азаматтық қорғаныс Штабы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен мынадай мәселелер бойынша бiрлесiп iс-қимыл жасайды:
азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiн, штабтары мен мекемелерiн бейбiт кезең мен соғыс уақытында жаппай жұмылдыру және даярлыққа келтiру;
бейбiт кезеңдегi iрi ауқымды төтенше жағдайларда және соғыс уақытында зақымдалу ошақтарында құтқару iсi мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу үшiн бiрлесiп қимыл жасау және әскери бөлiмдердi тарту жоспарын әзiрлеу;
азаматтық қорғаныс күштерiн, басқару органдары мен мекемелерiн әскери, арнаулы техникамен және материалдық-техникалық мүлiкпен жарақтандыру;
азаматтық қорғаныс жоспарын әзiрлеуге қажеттi әскери сипаттағы негiзгi мәлiметтермен азаматтық қорғаныс органдарын қамтамасыз ету.
Төтенше жағдайлар туған кезде, құтқару iсi мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу үстiнде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс Штабы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы жүргiзетiн шараларға қатысады.
Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс Штабы заңды тұлға болып табылады. Оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы белгiленген, қазақ, орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi болады.
Министрлiктердiң, ведомстволардың, облыстардың, қалалардың, қалалық және селолық аудандардың, мекемелердiң, ұйымдар мен меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындардың азаматтық қорғаныс штабтары азаматтық қорғаныстың тиістi бастықтарының жұмыс органдары болып, ал штабтардың бастықтары олардың азаматтық қорғаныс мәселелерi жөніндегі орынбасарлары болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныс Штабының негiзгi мiндеттерiне мыналар жатады:
күштер мен құралдарды төтенше жағдайлар мен дұшпанның қарулы шабуылы кезiнде iс-қимыл жасауға әзiрлеу жөніндегі азаматтық қорғаныстың бүкiл шаралар кешенiн орындауды ұйымдастыру;
апат аймақтары мен зақымдалу ошақтарында олардың зардаптарын жою кезiнде құтқару iсi мен басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының бейбiт кезең мен соғыс уақытына арналған азаматтық қорғаныс жоспарларын әзiрлеп, оның жүзеге асырылуына бақылау жасау, сондай-ақ аумақтық және салалық басқару органдарының бейбiт кезең мен соғыс уақытына арналған азаматтық қорғаныс жоспарларын әзiрлеуге әдiстемелiк басшылықты, олардың толықтығы мен сапасына бақылауды жүзеге асыру;
қорғаныс құрылыстарын, басқару пункттерiн салуға, құлақтандыру мен байланыс жүйелерiн, азаматтық қорғаныстың басқа да объектілерін құруға, азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шараларын жобалау нормаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
азаматтық қорғаныс басшы құрамының, басқару органдары мен күштерiнiң даярлығын, сондай-ақ халықты бейбiт кезең мен соғыс уақытында төтенше жағдайлар туу қаупi төнген және туған кезде iс-қимыл жасауға үйретудi ұйымдастыру және бақылау жасау;
азаматтық қорғаныс басқару органдары мен республика халқын бейбiт кезең мен соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда құлақтандыру жүйелерiн құру және олардың ұдайы даяр тұруын қамтамасыз ету;
азаматтық қорғаныс штабтарында, әскери бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнде оперативтiк, әскери және жұмылдыру даярлығы шараларын жоспарлауды жүзеге асырып, олардың орындалуын қамтамасыз ету;
азаматтық қорғаныс күштерiнiң бейбiт кезең мен соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда мiндеттерiн орындау барысындағы iс-қимылы мен олардың өзара iс-әрекетiн басқару;
әскери басқару органдарымен және әскермен бейбiт кезең мен соғыс уақытында мiндеттердi бiрлесе орындау үстiнде өзара iс-қимыл жасасу;
азаматтық қорғаныс шараларын орындау жөніндегі министрлiктер мен ведомстволардың, аумақтық азаматтық қорғаныс органдарының жұмысын үйлестiру;
аумақтық және салалық басқару органдарымен бiрлесе отырып азаматтық қорғаныс басқару органдарының, қызметтерi мен күштерiнiң тексерулерiн, штабтық-командалық, арнаулы оқулары мен жаттығуларын жоспарлап, өткізу;
республика аумағындағы жағдайға ұдайы оперативтiк бақылау жасауды ұйымдастырып, жүзеге асыру және төтенше жағдайлар қаупi кенеттен төнген және туған кезде шұғыл шешiмдер қабылдау.
3. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс Штабының:
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар енгiзуге және Штаб құзырына қатысты мәселелер бойынша заң және үкiмет актілерін әзiрлеуге қатысуға;
меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, белгiленген тәртiппен министрлiктерден, ведомстволардан, кәсiпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден азаматтық қорғаныс мiндеттерiн шешуге қажеттi мәлiметтердi сұрау салып, алуға;
азаматтық қорғаныс мәселелерi бойынша министрлiктердiң, ведомстволардың, меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелердiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын әдiстемелiк ұсыныстар, тәлiмдемелер, ережелер мен нұсқаулықтарды басып шығаруға;
азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiнде халықаралық ынтымақтастық туралы келісімдердi әзiрлеуге қатысуға;
азаматтық қорғаныс штабтары, бөлiмдерi мен бөлiмшелерiн қаруландыруға (жабдықтауға) әскери және басқа да техника мен мүлiктi қабылдауға, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген тәртiппен материалдық құндылықтар мен ақша қаражатын есептен шығаруға;
республикалық және жергiлiктi өкiмет пен басқару органдары алдында азаматтық қорғаныс жөніндегі тапсырмалар мен шараларды үздiк орындағаны үшiн лауазымды адамдар мен азаматтарды ынталандыру туралы, сондай-ақ азаматтық қорғаныс жөнiнде жүктелген мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдарға жазалау шараларын қолдану туралы өтiнiш жасауға құқығы бар.
4. Азаматтық қорғаныс штабтарын, бөлiмдерi мен бөлiмшелерiн жауынгерлермен, запастағы әскери мiндеттi адамдармен толықтырып отыру Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес жүргiзiледi.
Азаматтық қорғаныс штабтары, әскери бөлiмдерi мен бөлiмшелерi офицерлiк құрамының тұлғаларына, прапорщиктер мен мерзiмнен тыс әскери қызмет өтеушiлерге подполковник атағына дейiнгi, оны қоса алғанда, әскери атақтар берудi, оларды лауазымдарға тағайындауды, қызмет бабында өсiрудi, прапорщиктер мен мерзiмнен тыс әскери қызмет өтеушiлердi әскери қызметтен босатуды Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныс Штабының бастығы жүзеге асырады.
Азаматтық қорғаныс штабтары, әскери бөлiмдерi мен бөлiмшелерi офицерлiк құрамының тұлғаларына полковник әскери атағын берудi, оларды әскери қызметтен босатуды Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныс Штабы бастығының ұсынысы бойынша Қазақстан Республиканың Қорғаныс министрi жүзеге асырады.
Азаматтық қорғаныс органдары үшiн офицерлер даярлау Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттердiң жоғары оқу, әскери-оқу орындарында жүзеге асырылады.
Прапорщиктердi, сержанттар (старшиналар) мен солдат-мамандарды даярлау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң оқу бөлiмдерiнде жүзеге асырылады.
Офицерлiк құрамның кәсiби деңгейiн көтеру әскери-оқу орындарының факультеттерi, кафедралары мен курстарында және Төтенше жағдайлардағы iс-қимылға және азаматтық қорғанысқа даярлау жөніндегі республикалық орталықта жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныс Штабын, оған бағынысты штабтарды, әскери бөлiмдердi, мекемелер мен бөлiмшелердi қаржыландыру, материалдық-техникалық және әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз ету республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.