Қазақстан Республикасында ағаш саудаласуын (аукциондар) өткізу тәртібі
туралы уақытша ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 1994 ж. 18 ақпандағы № 199 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 07.06.99 ж. № 708, 14.04.03 ж. № 358
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 32 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 23 қаңтардағы № 1925-XII қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасында Ағаш саудаласуын (аукциондар) өткізу тәртібі туралы Уақытша ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 18 ақпандағы
№ 199 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасында ағаш саудаласуын
(аукциондар) өткізу тәртібі туралы
УАҚЫТША ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
1. Өсiп тұрған сүректердi саудаласу арқылы сату орман шаруашылығын ұтымды жүргiзудi экономикалық ынталандыру, өсiп тұрғанда босатылатын сүректiң нарықтық бағасын қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады және орман пайдалануда нарықтық қатынастарды жандандыру мақсатында енгiзiледi.
2. Ағаш саудасын (аукциондарды) өткізу тәртібі туралы Уақытша ереже, бұдан былай Ереже, өсiп тұрған сүректi, сол сияқты қурап тұрған, жел сұлатқан, дауыл омырған және басқа осындай сүректi сату тәртібін реттейдi.
3. Өсiп тұрған сүрек саудасы (аукционы) - бұл өсiп тұрған сүректiң ашық саудасы, мұндай жағдайда оны ұйымдастырушылар неғұрлым жоғары баға ұсынған заңды немесе жеке тұлғалар сатып алатын болуы үшiн тиiстi хабарландырулар жолымен сүрек сатып алушыларды бәсекелестiк сайысқа қатысуға тартады.
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 4-тармақ алынып тасталды
4. Өсiп тұрған сүректi саудаласу арқылы сату мынадай көлемде жүргiзiлуi мүмкiн:
мемлекеттік орман шаруашылық кәсiпорындарымен және басқа да орман қоры учаскелерiнiң иелерi үшiн белгiленген есептi ағаш кесу көлемiнен - қылқан жапырақты тұқым бойынша 20 процент мөлшерiнде, жалпақ жапырақты тұқым бойынша 30 процент мөлшерiнде;
жалға алу шарттары негiзiнде ұзақ мерзiмдi пайдалануға берiлген орман қоры учаскелерiнен өсiп тұрған сүректi саудаласу (аукцион) арқылы сатуға болмайды.
5. Саудаласу арқылы (аукционда) сату үшiн қойылатын, өсiп тұрған сүректiң көлемiн орман қоры учаскелерiнiң иелерi ағаш дайындаушылар, орман топтары, шаруашылықтар бойынша ағаш кесу қоры лимитiн орналастырумен бiр мезгiлде анықтайды және облыстық атқарушы өкiмет органдарының келісімi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман шаруашылығын басқару органы бекiтедi.
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Саудаласу арқылы (аукциондарда) сүректердi сатып алушылар болып заңды ұйымдар және қажеттi техникасы мен жабдығы бар жеке тұлғалар қатысуы мүмкiн. Сатып алушы аукционға жеке өзi немесе сенiмхат бойынша өзiнiң өкiлi арқылы қатысады.
Саудаласуды (аукциондарды) ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Саудаласуды (аукционды) облыстық атқарушы өкiмет органы облыстық орман шаруашылығын басқару органымен бiрлесе отырып ұйымдастырады және өткiзедi. Бұл үшiн Сауда комиссиясы құрылады, оның құрамына облыстық атқарушы өкiмет органының, облыстық орман шаруашылығын басқару органының мемлекеттік салық инспекциясының, сүректi сатушы орман қоры учаскелерi иелерiнiң өкiлдерi, хаттамашы, заң кеңесшiсi, бухгалтер және басқа мүшелерi енгiзiлуге тиiс. Сауда комиссиясының төрағасы болып облыстық атқарушы өкiмет органының өкiлi тағайындалады.
Облыстық орман шаруашылығын басқару органының ұсынуы бойынша облыстық атқарушы өкiмет органы жергiлiктi тұрғындарға өсiп тұрған сүректi жергiлiктi тұтынушыларға, оның iшiнде отындықтан басқасын халыққа шағындап босату тәртібімен сату жөніндегі саудаласуды ұйымдастыруға жекелеген аудандық атқарушы өкiмет органдары мен мемлекеттік орман шаруашылық кәсiпорындарына рұқсат бере алады. Мұндай жағдайда сатылатын жалпы сүрек көлемiнiң шегiн және бiр аларманға сатылатын сүректiң көлемiн облыстық атқарушы өкiмет органы белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді
8. Саудаласудың (аукциондардың) маңызына қарай олар ауызша жарысу (ауызша саудаласу) түрiнде немесе конвертке салып, желiмдеп ұсынған жазбаша сұранымды (жабық саудаласу) қарастыру жолымен немесе екi тәсiлдi қоса отырып (бiрлескен саудаласу) өткiзiледi. Бiрлескен саудаласу басымырақ тағайындалады. Ауызша саудаласу аудандарда жергiлiктi тұтынушылар үшiн өткiзiледi. Өсiп тұрған сүректi аса iрi көлемде сатқан кезде жабық саудаласу тағайындалады.
Саудаласуды өткізу тәсiлiн Сауда комиссиясы белгiлейдi.
9. Саудаласу (аукцион) бүкiл жыл бойы алармандар үшiн анағұрлым қолайлы мерзiмде тағайындалады. Әр түрлi жерде белгiленген саудаласуды (аукциондарды) өткізу мерзiмi аларманның әрбiр жекелеген саудаласуға (аукционға) қатысуына мүмкiндiгi болатындай есеппен анықталады.
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді
10. Сүректi сатушы Сауда комиссиясымен "сауда келісімiн" (1-қосымша) жасасады. Сауда келісімiнiң құрамды бiр бөлiгi саудаласуды өсiп тұрған сүректi сатуға арналған "өтiнiм" (2-қосымша) болып табылады, оны сатушы толтырады. Әрбiр сауда бiрлiгiне өтiнiм жеке-жеке жасалады және онда аталған тауар түрi жөнiнде барлық негiзгi мәлiметтер: тұрған жерi (орман иесi, орманшылық, орамы, бөлiнген тiлкем, оның нөмiрi), ормандар тобы, қорғаныштық санаты, көлiк жолының бар-жоғы тұқымы бойынша сүректiң саны және оның тауарлық құрылымы, кесу тәсiлi, дайындау және тасып әкету мерзiмi, өсiп тұрған сүректiң алғашқы (сөрелiк) құны, ақы төлеу шарты, орманды қалпына келтiру тәсiлi мен мерзiмi, ағаш кесiлетiн жердi (тiлкемдi) игерудiң технологиялық қартасы, неғұрлым пайдалы мәмiленi жүзеге асыруға себепшi болатын және осы сауда бiрлiгi жайында аларманның неғұрлым толық хабардар болуы үшiн қажеттi басқа да ақпарат көрсетiлуi қажет. (Сауда бiрлiгi - бiрыңғай тұтастық түрiнде саудаласуға қойылған өсiп тұрған сүректiң текше метр есебіндегі көлемi. Ол ағаш кесу учаскесiнiң кесiлуге жататын ағаштарын немесе оның бiр бөлiгiн, ағаштар тобын, оның жекелеген бөлiгiн бiлдiредi).
11. Сауда комиссия сүректi сатуға арналған (сауда келісімiне қосымшалар) өтiнiм негiзiнде каталог жасайды, онда барлық сауда бiрлiгi жөніндегі толық мәлiмет, сондай-ақ алармандардың, сатушы ұйымдардың шоттарына кепiлдiк салуына мүмкiндiгi болуы үшiн олардың есеп айырысу шоттары мен атаулары көрсетiледi.
12. Сауда комиссиясы саудаласуды өткізу мерзiмi мен орны жайында бұқаралық ақпарат құралдарында, арнаулы анықтамалық басылымдарда хабарландыру бередi.
Хабардар ету нысандары мен құралдарын таңдау өсiп тұрған сатылатын сүректiң көлемi мен сапасына және саудаласу тәсiлiне қарай жүргiзiледi.
13. Саудаласуды өткізу мерзiмiн хабарлау саудаласудың маңыздылығына қарай оның басталуынан бiр-алты ай бұрын жасалуға тиiс.
14. Хабарландыруда саудаласудың орны, мерзiмi, тәсiлi, оған кiмнiң жiберiлетiнi, өсiп тұрған сүректiң сатуға қойылатын әрбiр тобының көлемi мен бастапқы құны және барлық сауда бiрлiгi, сондай-ақ сатудың шарттары туралы егжей-тегжейлi мәлiметтi қайдан алуға болатыны, өсiп тұрған сатылатын сүректi байқап көру үшiн кiмге жолығу керектiгi, табиғи күйдегi тiлкемдi байқап көру тәртібі және оның құны көрсетiледi. Сонымен қатар жабық конвертте хатталған өтiнiм бойынша сауда жүргiзетiн кезде хабарландыруда оны саудаласуға қатысуға тiлек бiлдiрушi алармандардың беретiн мерзiмi де көрсетiледi.
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда
15. Өсiп тұрған сүректiң бастапқы бағасы өзiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген өсiп тұрған күйiнде босатылатын сүрек үшiн төлемнiң қолданыстағы базалық ставкаларын және сауда шығындарын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді
16. Сауда комиссиясы әрбiр сауда бiрлiгi бойынша бастапқы ақшалай жарнаны (кепiлдiктi) жеке-жеке белгiлей алады, бұл кейiн сатып алынған тауар бағасына қосылады немесе ешнәрсе сатып алмаған қатысушыларға қайтарылады. Аукционда саудаласуға тiлек бiлдiрген аларман таңдап алған барлық сауда бiрлiгi бойынша сатушының есеп айырысу шотына кепiлдiк сома өткізуге мiндеттi.
17. Сатушы саудаласу алдында алармандардың қалауы бойынша ағаш кесiлетiн жердi (тiлкемдi) байқап көрудi ұйымдастырады.
18. Жабық конвертте хатталған өтiнiм беру жолымен саудаласуға тiлек бiлдiрушiнiң тiкелей өзi немесе басқа кiсi немесе почта арқылы өзiнiң өтiнiмiн Сауда комиссиясына жолдай отырып, конверт сыртына "Мынадай күнге белгiленген өсiп тұрған сүректi саудаласуға өтiнiм" деп жазуы керек. Өтiнiм саудаласу жайындағы хабарландыруда көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрiлмей табыс етiлуге тиiс және онда:
а) өсiп тұрған сүректi хабарландырылған сату шарттары негiзiнде сатып алуға келiсетiнi, нендей бiр түзетусiз жазбаша түрде белгiленген әрбiр сауда бiрлiгiнiң ұсынылатын бағасы;
б) өтiнiм берген заңды тұлғаның деректемесi, сондай-ақ фамилиясы, аты, әкесiнiң аты және осы тұлғаның уәкiлдiк берген жекелеген өтiнiмшiлердiң мекен-жайы;
в) кепiлдiктi төлегенi туралы төлемдiк тапсырманың көшiрмесi болуға тиiс.
19. Сауда комиссиясына келiп түсетiн барлық жабық өтiнiмдерге тiркелген нөмiрi берiлiп, сол бойынша осы жабық өтiнiм саудаласуға қатысады.
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді
20. Сауда комиссиясы саудаласуға (аукционға) қатысушыларға билет бередi, билеттiң нөмiрi саудаласуға (аукционға) қатысушының нөмiрi болып табылады. Саудаласуға қатысушыларға билет кепiлдiк ақы төленгенi туралы төлемдiк тапсырма көрсетiлгеннен кейiн берiледi, бұған қоса заңды тұлғаның уәкiлдiк берген сенiмхатты табыс етуге тиiс. Көрермендер саудаласуға (аукционға) көрерменнiң арнаулы билетi бойынша жiберiледi. Қатысушылар мен көрермендер билетiнiң бағасын Сауда комиссиясы белгiлейдi.
21. Кепiлдiк ақының төленгенi туралы ақпарат Кепiлдiк туралы ведомоске (3-қосымша) жазылып, қатысушылар қол қояды.
Саудаласуды (аукционды) жүргізу тәртібіне
қойылатын жалпы талаптар
22. Сауда комиссиясы саудаласуды (аукционды) жүргiзедi және олардың операциясын ресiмдейдi.
23. Саудаласуды (аукционды) жүргiзу кезiнде "Сауда комиссиясының саудаласуды жүргiзгенi туралы есебi" (7-қосымша) жасалады, онда саудаласу кезiнде орын алған нендей бiр жағдай жөнiнде қабылданған барлық шешiм көрсетiледi және "Сауда парағы" (4-қосымша) толтырылады.
24. Саудаласу мүмкiндiгiнше оның аяқталатын мерзiмiне дейiн үзiлiссiз жүргiзiлуге тиiс. Үзiлiс қажет болған жағдайда, Сауда комиссиясының төрағасы бұл жөнiнде сауданы қайта жалғастыру мерзiмiн белгiлей отырып, барлық қатысушыларға хабарлайды, саудаласу жүргiзiлгенi жайындағы есепке жазба түсiрiледi. Саудаласуды жабық конверттегi өтiнiмдер бойынша жүргiзу кезiнде саудаласуға жасалған үзiлiс уақытында өтiнiмдер ортақ конвертке салынып, Сауда комиссиясы төрағасының мөрi басылып, хатталады.
25. Сауда комиссиясының төрағасы саудаласуды (аукционды), ашып, оны жүргiзу шарттарын (саудаласуды жүргiзудiң осы Ережелерiнiң 27-42-тармақтарында жазылған тәртібін) оқып бередi және саудаласуға ниет бiлдiрушiлердiң бәрiне шарттар жазылған қағаздың бiр данасына қолдарын қоюды ұсынады, сондай-ақ қанша жабық өтiнiм түскенiн хабарлайды. Саудаласушылардың жазбаша жабық өтiнiмдерi ауызша саудаласу аяқталғанға дейiн ашылмай көрнектi жерде қойылып тұруға тиiс.
26. Конвертке салынған өтiнiмдердiң бар-жоғына қарамастан, егер саудаласуға тiлек бiлдiрушiлер екi адамнан кем болмаса, саудаласу белгiленген уақытта ашылады. Егер сүректi сатып алушылардың жоғарыда көрсетiлген саны аталған мерзiмнен бұрын келмесе, онда Сауда комиссиясы өз iс-әрекетiн екi сағат бойы бастамай күте тұрады. Осы уақыт өткен соң саудаласу оған ниет бiлдiрушiлердiң қанша адам болғанына қарамастан, бiрақ жабық жазбаша өтiнiмдердi қосқанда екеуден кем болмаса, жүргiзiле бередi. Көрсетiлген уақытта саудаласуға ешкiм келмеген жағдайда, Сауда комиссиясы жабық өтiнiмдердi ашуға кiрiседi, егер ондай өтiнiмдер бар болса, ал бұған керiсiнше болған жағдайда, саудаласу өткiзiлмедi деп саналып, ол жөнiнде саудаласуды жүргiзу туралы есепте көрсетiледi.
Ауызша саудаласуды жүргізу тәртібі
27. Ауызша саудаласу әрбiр сауда бiрлiгi бойынша каталогтегi нөмiрiне қарай жеке-жеке жүргiзiледi. Каталогте көрсетiлмеген сауда бiрлiгiн саудаласуға ұсынуға жол берiлмейдi. Саудаласуға ұсынылған сауда бiрлiктерiн шығарып тастауды орман қоры учаскелерi иелерiнiң ұсынысы бойынша Сауда комиссиялары сауда күнi ағаш кесуге арналған жерге өрттен, желден, тағы басқа себептерден зиян келтiрiлуi салдарынан сауда бiрлiгiн қайта бағалау қажет болған, сондай-ақ оларды табиғи зiлзаланың зардабын жою үшiн пайдалану қажет болған жағдайда жүргiзуi мүмкiн. Сатушының немесе оның уәкiлдiк берген өкiлiнiң жазбаша мәлiмдемесi бойынша саудаласуға ұсынылған кез-келген сауда бiрлiгi бәсеке болмаған ретте саудаласудан алынып тасталады.
28. Сауда комиссиясының төрағасы каталог бойынша сауда бiрлiгiнiң (лотта) сатылатын нөмiрiн хабарлайды, қысқаша сипаттама бередi, бастапқы бағасы мен оны өсiру аралығын жариялайды. Он бөлiкке дейiн ықшамдағанда бұл аралық бастапқы бағаның бiр процентiнен кем болмауға тиiс.
29. Аларман өз бағасын ұсына отырып, билетiн (қатысушы нөмiрiн) көтерiп, оны Сауда комиссиясы төрағасы тұрған жаққа қарай бұра көрсетiп, өзi ұсынатын бағаны дауыстап жариялауға тиiс.
30. Сауда комиссиясының төрағасы әрбiр ұсынылған бағаны қайталап, оны балғаның соғылған дабылымен құптап отырады. Ұсынылған баға үш мәрте қайталанады, егер алармандардың бiрде-бiреуi жоғары баға ұсынбаса, онда осы сауда бiрлiгi бойынша ауызша саудаласудың аяқталғаны жарияланады. Ұсынылған ең жоғары баға және оны ұсынған қатысушының нөмiрi сауда парағына жазылады.
31. Соңғы үстеменi жариялап, аларман өзi ұсынған бағасына әлгi сауда бiрлiгiн оған қалдыруға келiсетiнi жайында сауда парағына қолын қояды. Бұдан кейiн Сауда комиссиясының төрағасы келесi сауда бiрлiгiн саудалауға кiрiседi.
Бірлескен саудаласуды және саудаласуды кілең
конверттегі өтінімдер бойынша жүргізу тәртібі
32. Бiрлескен саудаласуды - ауызша жарыс пен конверттегi өтiнiм бойынша саудаласуды жүргiзген жағдайда әуелi 27-31-тармақтарға сәйкес ауызша саудаласу өткiзiледi, ал ауызша саудаласу аяқталған соң, бiрақ, келiп түскен жазбаша өтiнiмдердi ашуға дейiн, төраға қатысушылардың қалауына орай "өзiне арнап" одан әрi үстеме жасауын ұсынады, бұл жайында сауда парағына тиiстi сауда бiрлiгiнiң тұсына жазып қойылады.
33. Ауызша саудаласу және "өзiне арнап" үстеме жасау аяқталған соң, төраға ауызша саудаласу аяқталғанын жариялайды, сонан кейiн Сауда комиссиясы барлық саудаласушылардың көз алдында конверттегi өтiнiмдердi ашуға кiрiседi. Әрбiр ашылған өтiнiм хабарланады және онда жасалған ұсыныс тиiстi сауда бiрлiгi бойынша, конверттегi өтiнiмнiң тiркелген нөмiрi және ұсынылған баға көрсетiлiп сауда парағына жазылады.
34. Белгiлi бiр сауда бiрлiгiне ауызша және жазбаша ұсынылған баға тепе-тең болған жағдайда, артықшылық ауызша саудаласқан кiсiге берiледi. Белгiлi бiр сауда бiрлiгiне бiрнеше жабық өтiнiм берушiлер ұсынған бағалар тепе-тең болған ретте, егер ондай адамдардың бәрi саудаласуға қатысып отырса, ауызша жарыс өткiзiледi; ал ендi бiр ғана адам қатыспаған жағдайда, мәселенi Сауда комиссиясы жеребе тартқызу арқылы шешедi, бұл хаттамада көрсетiледi.
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 35-тармақ өзгертілді
35. Саудаласу бiрнеше орман иелерi бойынша өткiзiлген жағдайда саудаласу нәтижелерi туралы ведомостер әрбiр шаруашылық бойынша жеке-жеке жасалады.
36. Кiлең жабық конверттегi өтiнiмдер бойынша саудаласу өтiнiм берушiлердiң қатысуынсыз сырттан өткiзiледi.
Егер Сауда комиссиясы нендей бiр өтiнiмдi жарамсыз деп танитын болса, онда сол өтiнiмде жасалған ұсыныс сауда парағына жазылмайды, ал саудаласу жүргiзiлгенi туралы хаттамада жарамсыз деп танылған өтiнiмiң дәлелi көрсетiледi.
Саудаласудың (сауда өндірісі) нәтижелері
жөніндегі құжаттаманы ресімдеу
37. Саудаласудың түпкi нәтижелерi "Саудаласудың нәтижелерi туралы ведомостен" (5-қосымша) жазылады, ол саудаласудың жасалғаны туралы хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылады.
38. Саудаласу аяқталған соң кепiлдiк ведомосiне, сауда парағына саудаласу өткiзiлгенi туралы хаттамаға және саудаласу нәтижелерi туралы ведомоске Сауда комиссиясының барлық мүшелерi қолдарын қояды, оны Төраға бекiтедi. Төраға саудаласудың түпкiлiктi нәтижелерi туралы хабарлама жасайды.
39. Сауда комиссиясы жасайтын құжаттардағы жазу тек қана сиямен немесе шариктi қаламмен жазылады.
40. Сауда жасау қағазына мыналар қоса тiркелуге тиiс:
а) саудаласу туралы жарияланымдардың бiр данасы;
ә) өсiп тұрған сүректi сатудың шарттары жазылған қағаздың саудаласуға тiлек бiлдiрген адамдардың қолхаты бар бiр данасы;
б) табыс етiлген сенiмхаттар;
в) жазбаша өтiнiмдер салынған конверттер;
г) каталогтың бiр данасы;
д) кепiлдiк сомасы төленгенi туралы құжаттар.
Бүкiл сауда жасау қағаздары нөмiрленген, тiгiлген және Сауда комиссиясы төрағасының мөрi басылған болуға тиiс.
41. Саудаласу нәтижелерi жарияланғаннан кейiн жеңiмпаздар 15 күн iшiнде сүректiң саудаласу арқылы сатылғаны-сатып алынғаны жөнiнде сүректi сатушымен (сатушы атынан шартты Сауда комиссиясы ресiмдейдi) Шартты ресiмдейдi (6-қосымша). Шарт Сауда комиссиясына, сатушыға және аларманға арналып 3 дана етiп жасалады.
42. Саудаласудың нәтижелерi туралы есептi Сауда комиссиясы облыстық атқарушы өкiметтiң органына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман шаруашылығын басқару органына тапсырады.
Саудаласуда (аукционда) есеп айырысу және
операцияларды ресімдеу
43. Саудаласуда өсiп тұрған сүректi сатып алғаны үшiн есеп айырысу нысаны сауда бiрлiгiн (лотта) жариялау кезiнде көрсетiледi.
ҚР Үкіметінің 07.06.99 ж. № 708 қаулысымен 44-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 44-тармақ жаңа редакцияда
44. Сүректi саудаласуда сатудан алынған толық құны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жергiлiкті бюджеттiң кiрiсiне аударылады.
ҚР Үкіметінің 07.06.99 ж. № 708 қаулысымен 45-тармақ толықтырылды ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 45-тармақ өзгертілді
45. Шарт ресiмделгеннен кейiн 10 күннен кешiктiрмей аларман осы Ереженiң 44-тармағына сәйкес ақшаны сатушының шотына аударып, өсiп тұрған сүректi сатушыға өтiнiш жасайды, ол оған ағаш кесу билетiн бередi. Ағаш кесу билетiн жазып беру кезiнде сатушы аларманды өсiп тұрған сүректi босату ережесiмен, өрт қауiпсiздiгi ережелерiмен және ағаш кесу ережелерiмен таныстырады. Осыдан соң аларман солармен танысқаны жөнiнде қол қояды. Ағаш кесу билетiмен бiрге сатылған ағаш кесiлетiн жердi игерудiң технологиялық қартасы берiледi.
Егер 10 күн iшiнде ұсынылған шот төленбесе, онда саудаласу нәтижесiнiң күшi болмайды, ал қатысушының өсiп тұрған сүректi саудаласуға жыл бойы қатысуға құқығы болмайды. Мұндай жағдайда оған бастапқы ақшалай жарна (кепiлдiк) қайтарылмайды, жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне есептеледi.
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 46-тармақ алынып тасталды
46. Сауда комиссиясының кiрiсi сатылған билеттерден алынған тiркеу жарналарынан, өсiп тұрған сүректi сатудан түскен сомадан сауда келісімiнде белгiленген проценттен, сондай-ақ каталогты пайдаланғаны үшiн төлейтiн жарналардан құралады.
Тараптардың жауапкершілігі
47. Сүректi сатушының, аларманның және Сауда комиссиясының бiр-бiрiне шағымы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiп бойынша қаралады.
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 48-тармақ өзгертілді
48. Өсiп тұрған сүректi сатушы:
а) сатуға ұйғарылған ағаш кесiлетiн жердi бөлуге, ағашы кесiлетiн жер мен таксациялауды қолданылып жүрген нұсқауға сәйкес жүргiзуге. Сатуға ұсынылған сауда бiрлiгiнде сүректiң алдын ала бастапқы бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген өсiп тұрған сүрек үшiн төлемнiң қолданыстағы базалық ставкаларына сәйкес анықтауға. Кесуге ұйғарылған ағаштың немесе оның бөлiгiн табиғи күйiнде шектеуге. Сүректегi жаппай оталмайтын ағаш кесу жерлерiнде кесуге белгiленген ағаштарды таңбалауға. Егер ағаш кесiлетiн жердi шектеуге мүмкiндiк болмаса, ағаштарды нөмiрлеуге;
ә) қолданылатын таксациялау әдiсi шеңберiнде сүректiң саны мен сапасының дәл анықталуын қамтамасыз етуге;
б) сатылатын тауар бiрлiктерiн біліктiлiкпен таңдап алу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету үшiн олар жайында қажеттi әрi дұрыс ақпарат беруге мiндеттi.
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 49-тармақ өзгертілді
49. Аларман сатып алған сауда бiрлiгiнен ақау тапқан жағдайда сатушы аларман талап қойған кезден бастап 5 күн iшiнде оларды ауыстыруға мiндеттi.
Аларманның талабын орындауда кешiктiрiлген әрбiр күн үшiн сатушы тауар құнының бiр процентi мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
50. Сауда комиссиясы аларманға саудаласу (аукцион) басталғанға дейiн сатушының өтiнiмiне сәйкес сауда бiрлiктерi жөнiнде толық және дәлме-дәл ақпарат беруге тиiс.
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 51-тармақ алынып тасталды
51. Басы артық кепiлдiктiң ведомосiнен алынған үзiндiге сәйкес қайтарылуы үшiн жауапкершiлiк сатушыға жүктеледi.
52. Аларман сүректi ағаш кесу билетiнде көрсетiлген мерзiмде кесiп, тасып әкетуге, ағаш кесiлген алаңды тазартуға, орманды қалпына келтiру жұмысын (егер бұл сату шарттарында көрсетiлген жағдайда) жүргiзуге мiндеттi.
Өсiп тұрған сүректi босатудың қолданылып жүрген ережелерiне сәйкес сүректi дайындау мен тасып әкету мерзiмi ұзартылуы мүмкiн. Белгiленген мерзiмде кесiлмеген және тасып әкетiлмеген сүрек өсiп тұрған ағашты сатушының қайтадан меншiгiне айналады.
53. Саудаласу кезiнде сатып алынған өсiп тұрған сүректi иелену құқығын басқа бiреуге аударуға тыйым салынады.
Өсіп тұрған сүректі конкурстік негізінде
сату
54. Ағаш дайындау кезiнде орман өсiру және экология талаптарын ерекше технологияларды қолдану талап етiлген жағдайларда өсiп тұрған сүректi сату конкурстiк негiзде жүргiзiлуi мүмкiн.
55. Конкурске қажеттi техникасы мен жабдықтары, біліктi кадрлары бар мамандандырылған ағаш дайындаушы кәсiпорындар қатысады.
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 56-тармақ жаңа редакцияда
56. Конкурсты ұйымдастыру үшiн облыстық атқарушы орган облыстық орман шаруашылығын басқару органымен бiрлесiп, облыстық атқарушы орган өкiлдiгi басқаратын конкурстық комиссия құрады.
57. Конкурстiк комиссия орман иелерiнiң ұсыныстары бойынша ағаш кесiлетiн жердiң тiзбесiн анықтайды, конкурстiк негiзде игерiлуi мүмкiн ағаш кесiлетiн жерлердiң тiзбесiн анықтап, ағаш дайындауды жүргiзу технологиясында қойылатын талаптарды белгiлейдi және ағаш дайындаушыларға қажеттi ақпаратты жеткiзедi.
ҚР Үкіметінің 07.06.99 ж. № 708; 14.04.03 ж. № 358 қаулыларымен 58-тармақ өзгертілді
58. Конкурс жеңiмпазы облыстық атқарушы органның шотына кепiлдiк ретiнде өсiп тұрған сүректiң бастапқы құнының елу пайызы мөлшеріндегі соманы аударады. Жұмыс аяқталған соң, егер ол конкурстiк комиссия белгiлеген технологиядан ауытқымай орындалған болса, ағаш дайындаушының кепiлдiк ретiнде берген сома оған қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 07.06.99 ж. № 708 қаулысымен 59-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 59-тармақ толықтырылды
59. Ағаш дайындаушы белгiленген технологияны бұзған жағдайда облыстық орман шаруашылығын басқару органының шешiмi бойынша ағашы кесiлетiн жер қайтарып алынады, ондай жағдайда ағаш дайындаушы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап бередi. Енгiзiлген кепiлдiң сомасы қайтарылмайды және тек сот шешiмi бойынша жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
ҚР Үкіметінің 07.06.99 ж. № 708; 14.04.03 ж. № 358 қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді
1-Қосымша
САУДА КЕЛIСIМI
Қол қойылған күнi____________________________________199__ж.
_____________________________________________________бiр жағынан,
(Сауда комиссиясының атауы)
бұдан былай Сауда комиссиясы деп аталатын________________________
___________________________________________________________негiзде
iс-әрекет жасайтын________________________________________________
(лауазымы, фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
____________________________________________________________атынан
және екiншi жағынан__________________________________________бұдан
(Орман иесiнiң атауы)
былай Сатушы деп аталатын_________________________________________
негiзде iс-әрекет жасайтын________________________________________
(Лауазымы, фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
__________________________________________________________________
атынан мыналар жайында осы келісімдi жасасты.
1. Келісімнiң пәнi
1.1. Сатушы алады, ал Сауда комиссиясы саудаласу барысында
мынадай тауар бiрлiктерiн сатуды қабылдап алады:
Рет нөмiрi саны, текше метр бастапқы құны