8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Бiр саяси партиядан адамдардың кез келген саны енгiзiлген бiр тiзiмдi ғана тiркеуге жол берiледi.";
мынадай мазмұндағы 9-11-тармақтармен толықтырылсын:
9. Орталық комиссиясы:
1) партиялық тiзiмдердi тiркегеннен кейiн оныншы күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партияның атауын, партиялық тізімге енгізілген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, атқаратын қызметін (кәсібін), жұмыс істейтін және тұратын жерiн көрсете отырып, тiркеу туралы хабарлама жариялайды;
2) тiркеу кезiнде партиялық тiзiмге енгiзiлген адамдарға тиiстi куәлiктер бередi;
3) Конституцияның және осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда партиялық тiзiмдi немесе партиялық тiзiмге енгiзiлген нақты адамды тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешімнiң күшін жояды.";
10. Тiркеуден бас тарту немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жою жөнiнде жетi күн мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн. Бұл орайда Орталық сайлау комиссиясы немесе сот шағым бойынша шағым берiлген күннен бастап жетi күн мерзiмде шешiм шығарады.";
11. Кандидаттар мен партиялық тiзiмдердi тiркеу егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлауға екі ай қалғанда басталады және бiр ай қалғанда аяқталады.".
47. 90-бапта:
1 және 2-тармақтардағы "үш тәулiк бұрын" деген сөздер "жетi тәулiк бұрын" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Саяси партиялар партиялық тiзiмдер тiркелгенге дейiнгi кезеңде және одан кейiн, бiрақ дауыс беру күнiне дейiн жетi тәулiктен кешiктiрмей, өздерiнiң партиялық тiзiмдерiн керi қайтарып алуы мүмкiн, бұл жөнiнде Орталық сайлау комиссиясына жазбаша мәлiмдеме және саяси партияның жоғары органы отырысының хаттамасынан көшiрме бередi. Бұл жағдайда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тiзiмдi тiркеуден бас тарту немесе тiркеудiң күшiн жою туралы шешiм қабылдайды.".
48. Мынадай мазмұндағы 92-1-баппен толықтырылсын:
"92-1-бап. Саяси партиялардың сайлау қорының мөлшерi
1. Саяси партиялар ұсынатын партиялық тiзiмдердiң құрамында дауысқа түсетiн кандидаттардың өз сайлау қорларын құруға құқығы жоқ.
2. Саяси партияның сайлау қоры:
1) саяси партияның жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнен бес мың есуден аспауы тиiс жеке қаражатынан;
2) Республиканың азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он мың еседен аспауы тиiс ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.".
49. 94-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Партиялық тiзiмдер бойынша дауыс берудiң хаттамалары дереу тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жөнелтiледi.";
2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
"Партиялық тiзiмдер бойынша сайлаудың нәтижелерi тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының негiзiнде Орталық сайлау комиссиясының отырысында анықталады. Сайлау нәтижелерi туралы хаттама жасалады.".
50. 95-саптың 3-тармағы алып тасталсын.
51. 96-бапта:
1-тармақтағы "сайлаушылардың қажеттi санының келмеу себептi сайлау өткiзiлмеген деп танылса немесе ол" деген сөздердiң орнына "сайлау" деген сөз жазылсын.
Мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Қайта сайлауға үш проценттiк кедергiден өткен және алдыңғы сайлауға қатысқан саяси партиялар да қатыса алады.".
52. 97-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "дауыс берудiң бiрiншi турында" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың 2) тармақшасындағы", бірақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы дауыс санының кемiнде қырық процентiн" деген сөздер алып тасталсын.
53. Мынадай мазмұндағы 97-1-баппен толықтырылсын:
"97-1-бап. Депутаттық мандаттарды партиялық тiзiмдер бойынша дауыс берудiң қорытындыларына қарай бөлу
1. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының жетi және одан да көп процентiн алған әрбір партиялық тiзiм үшiн бiртұтас жалпыұлттық округтiң аумағы бойынша берiлген сайлаушылар дауысының жиынтығын есептеп шығарады. Жетi проценттiк кедергiден өткен саяси партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы онға бiртұтас жалпыұлттық округтiң аумағы бойынша бөлiнетiн депутаттық мандаттар санына бөлiнедi. Алынған нәтиже алғашқы сайлау жеке саны (квота) болып табылады.
2. Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысқан әрбiр партиялық тiзiм алған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлiнедi. Санды бөлу нәтижесiнде алынған тұтас бөлiк партиялық тiзiм құрған тиiстi саяси партия алатын депутаттық мандаттар саны болып табылады.
3. Егер осы баптың 2-тармағына сәйкес жүргiзiлген iс-әрекеттен кейiн бөлiнбеген мандаттар қалса, оларды қайта бөлу жүргiзiледi. Бөлiнбеген мандаттар осы баптың 2-тармағына сәйкес бөлудің нәтижесінде алынған санның ең көп бөлшектенген бөлігіне (қалдығына) ие болған партиялық, тізімдерге бір-бірден беріледі. Ең көп қалдық тең болған жағдайда басымдық бұрын тiркелген партиялық тiзiмге берiледi.
4. Депутаттық мандаттар кандидаттарды тиiстi партиялық тiзiмге орналастырудың ретiне қатаң сәйкес бөлiнедi.
5. Партиялық тiзiмдердi құраған саяси партиялар арасындағы депутаттық мандаттарды бөлудiң нәтижесiнде сайланған депутат мерзiмiнен бұрын шығып қалған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен нақ сол партиялық тiзiм бойынша сайланған келесi кандидатқа берiледi.
Тиісті партиялық тізімде кандидаттар қалмаған жағдайда Мәжіліс депутаттарының келесi сайлауына дейiн мандат бос қалады.
Саяси партия қайта құрылған немесе таратылған жағдайда осы партияның тiзiмi бойынша сайланған Мәжіліс депутаттары өз өкiлеттiгiн тоқтатады.
54. 100-баптың 1-тармағында:
"Парламент Палаталары төрағаларының" деген сөздер "Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Мәжіліс депутаттары сайлауының нәтижелерiн қорыту" деген сөздер сайланған Мәжіліс депутаттарын тіркеу" деген сөздермен ауыстырылсын.
55. 101-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы "аяқталуы" деген сөзден кейiн ", заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта "мен Мәжілісiнiң" деген сөздер алып тасталсын.
56. 105-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "үш тәулiк бұрын" деген сөздер "жетi тәулiк бұрын" деген сөздермен ауыстырылсын;
57. 109-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
58. 110-баптың 1-тармағындағы "Егер сайлау сайлаушылардың қажеттi санының келмеуi себептi өткiзiлмедi деп танылса" деген сөздер алып тасталсын.
59. 111-баптың 2-тармағында:
1) тармақшадағы "дауыс берудiң бiрiншi турында" деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы ", бiрақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемiнде отыз процентiнiң даусын алған" деген сөздер алып тасталсын;
60. 112-баптың 1-тармағындағы "сайлау өткiзiлген күннен кейiн жетi күн мерзiмде" деген сөздер алып тасталсын;
61. 124-баптың 1-тармағындағы "Егер сайлау сайлаушылардың қажеттi санының келмеуі себепті өткізілмеген деп танылған болса" деген сөздер алып тасталсын.
62. 125-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының көпшілік санын алған кандидаттар берілген мандаттарға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сайланған мүшелері болып саналады.".
Қазақстан Республикасының