Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1335 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 3 наурыздағы № 202 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын республикалық бағдарламаларды орындайтын, сондай-ақ заңдарға сәйкес мемлекеттік мекемелер болып қайта тіркеуге жататын мекемелердің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы" деген тарау мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 3 және 4 жолдармен толықтырылсын:
"3. Шаруашылық басқармасы
4. Медициналық орталық".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі