Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 қарашадағы №
1389 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 30 наурыздағы № 320 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.14.08. № 765 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әкелінетін тауарларға кеден бажының ставкалары туралы" 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1389 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 46, 450-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 1-қосымшасында:
"8703 Жеңіл автомобильдер және басқа 2, бірақ двигатель
да моторлы көлік құралдары көлемінің 1 текше
(медициналық мақсаттарға см үшін 0,1 ЭКЮ-
арналған автомобильдерді ден кем емес"
қоспағанда)
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"8703 Жеңіл автомобильдер және басқа 10, бірақ двигатель
да моторлы көлік құралдары көлемінің 1 текше см
(медициналық мақсаттарға үшін 0,1 ЕВРО-дан
арналған автомобильдерді кем емес".
қоспағанда)
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағының Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасының Кеден тарифіндегі өзгеріс туралы белгіленген тәртіппен құлақтандырсын.
3. осы қаулы жарияланған күнінен бастап бір ай өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі