Экономикалық жағдайды тұрақтандыру және отандық тауар өндірушілерді
қорғау жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 5 ақпандағы № 88 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" заң күші бар Жарлығының 114-бабына сәйкес, экономикалық жағдайды тұрақтандыру және отандық тауар өндірушілерді қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес, шыққан елі Қырғыз Республикасы болып табылатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге арнаулы кедендік баждың ставкасы 200 процент мөлшерінде бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағының Интеграциялық комитетіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық кеңесінің Атқарушы комитетіне Қазақстан тарапынан қабылданатын қорғаныштық шаралар туралы хабарласын.
3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап бір ай өткен соң күшіне енеді және 6 ай бойы қолданылады.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.07. № 1111
қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 5 ақпандағы
№ 88 қаулысына
Қосымша
- ҚР Үкіметінің 1999.08.07. № 1111 Қаулысымен ҚОСЫМША өзгерді
Қырғыз Республикасының аумағынан Қазақстан
Республикасының аумағына әкелу кезінде оларға
қатысты арнаулы кеден баж қолданылатын
тауарлардың тізбесі
_________________________________________________________________________
| Тауардың атауы | СЭҚ ТН коды
|___________________________________________________|_____________________
|Сары май мен сүт майлары, басқалары, | 0405
|сүт пасталары |
|___________________________________________________|_____________________
| |
|Алкогольді және алкогольсіз сусындар | 22
|___________________________________________________|_____________________
|Бiшкек - Кока-Кола" өнiмінен басқасы |
|-------------------------------------------------------------------------