Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1376 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 ақпандағы N
83 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тауарлардың импорты кезінде уақытша шектеулер енгізу туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1376 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1999 жылдың 11 қаңтарынан 23 маусымына дейін Қазақстан Республикасының аумағына, қосымшаға сәйкес, шыққан елі Ресей Федерациясы болып табылатын тауарларды, сондай-ақ:
Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен өткізілетін тауарлардың алушысы Қазақстан Республикасы немесе үшінші елдер болып табылатын;
Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан әскери құралымдарының жүктері әскери көліктің нөмірлерімен теміржол көлігімен жеткізілетін жағдайларды қоспағанда, кедендік ресімдеу Ресей Федерациясының аумағында жүргізілген үшінші елдердің тауарларын әкелуге тыйым салынсын;
2) 3-тармақтағы "сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Үкіметін" деген сөздер алынып тасталсын;
3) көрсетілген қаулыға қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелу кезінде оларға қатысты уақытша тыйым салу қолданылатын тауарлардың тізбесі";
"СЭҚ ТН коды Тауарлардың қысқаша атауы" деген бағандарда:
"040700" деген жолдағы "немесе пісірілген" деген сөздер "(Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік асыл тұқымды мал өсіруді қадағалауының рұқсаты болған кезде инкубаторға арналған құстардың жұмыртқаларын қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1001 жолдағы "Бидай мен меслин" деген сөздерден кейін "(өндіру немесе селекциялық жұмыстар үшін әкелінетін Ресей селекциясының бидайы сорттарын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
"1902 Спагетти, макарондар, кеспе сияқты
жылумен өңдеуге жатқызылған немесе
жатқызылмаған, ашымаған қамырдан
жасалған бұйымдар"
деген жолдан кейін:
"210210 Жылдам ашытқылар"
деген жолмен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі