Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665
қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 1994 жылғы 17 тамыздағы № 912 қаулысының
күші жойылған деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 1346 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 17, 152-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне Қор акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы берілсін".
2. "Қазақстан Республикасында Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмалар мен шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 17 тамыздағы № 912 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 35, 385-құжат) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі