"31) қажет болған жағдайларда шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын тексеруде мемлекеттік өрттен қорғау қызметіне жәрдем көрсетуге";
32) тармақша:
"және басқа да материалдық-техникалық құралдарды" деген сөздерден кейін "меншік нысанына қарамастан ұйымдардың байланыс және химиялық қорғану құралдарын" деген сөздермен толықтырылсын;
"төтенше жағдайларда" деген сөздерден кейін "барлық тұрғын, өндірістік және басқа да үй-жайларға бөгетсіз кіруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға бағытталған өзге де шаралар қолдануға," деген сөздермен толықтырылсын;
33) тармақшада:
"қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш, күшті әсері бар химиялық, есірткі, психотроптық, улы және радиоактивті материалдар мен заттарды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға" деген сөздер "қару-жарақ, оқ-дәрі, түрлі-түсті бейнедегі көбейткіш-көшіргіш техниканы жарылғыш, күшті әсері бар химиялық, есірткі, психотроптық, улы және радиоактивті материалдар мен заттарды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге," деген сөздермен ауыстырылсын;
"ал азаматтарға - қару-жарақ пен оқ-дәріні сатып алуға, өзімен алып жүруге және сақтауға" деген сөздерден кейін "әкелуге, әкетуге" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 33-1), 33-2), 33-3) және 33-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"33-1) қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ сотталған адамдарды және бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу таңдалған адамдарды оқшаулау жағдайында ұстау үшін тергеу жүргізетін оқшау бөлмелер мен уақытша ұстайтын оқшау бөлмелер болуға;
33-2) әуе кемелері ұшуының, сондай-ақ жолаушылар поездарының, теңіз және өзен кемелерінің қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында авиажолаушыларды, поездардың, теңіз және өзен кемелерінің жолаушыларын және олардың теңдеме жүктерін тексеруді, оның ішінде үстеме тексеруді жүзеге асыруға; заңда белгіленген тәртіппен қаруды, оқ-дәрілерді, есірткілерді және алып жүруге тыйым салынған өзге де заттар мен нәрселерді алуға;
33-3) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, азаматтардың табиғат қорғау және малдәрігерлік заңдардың талаптарын, санитариялық нормалар мен ережелерді орындауын, ұйымдардың табиғат қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық және эпизоотияға қарсы шаралар жүргізуін бақылауға; ұйымдар әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен бұл талаптардың орындалуына тексеру жүргізуге; қоршаған ортаға қауіп төндіретін тәртіп бұзушылықтар, індеттер мен эпизоотиялар пайда болған кезде ұйымдардың, жекелеген өндірістер мен учаскелердің жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұруға;
33-4) түзеу мекемелерінің тіршілігін қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;";
35) тармақшада "заңды және жеке тұлғаларға" деген сөздерден кейін "орындауға міндетті" деген сөздермен толықтырылсын;
39) тармақшада "меншік иелерімен шарт жасасу негізінде оларға тиесілі мүлікті күзетуді жүзеге асыруға" деген сөздер "шарттар негізінде жеке адамдарды, меншік иелерінің мүлкін күзетуді жүзеге асыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету мақсатында поездарда ілесіп жүруді жүзеге асыратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің арнаулы ұйғарымдамасы болған жағдайда бүкіл қызмет көрсету учаскесі бойынша құрастырылған жерлеріне қарамастан жүрдек, жолаушылар және жүк поездарында, сондай-ақ локомотивтерде бөгетсіз және тегін жүруге құқығы бар.";
10) 17-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі болуына байланысты;";
11) 20-бапта:
2-тармақта "ішкі әскерлерінің" деген сөздер "әскери-тергеу органдары мен әскери полициясының" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ алып тасталсын;
12) 22-бапта:
2-тармақтағы "Ішкі істер органдарының учаскелік уәкілі, милицияның желілік пунктінің бастығы" деген сөздер "Полицияның учаскелік инспекторы, ішкі істер органы желілік пунктінің бастығы, патрульдік учаскенің бастығы, полицияның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жол полициясы департаментінің бастығы қызметі бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік автомобиль инспекторы болып табылады.";
13) 28-баптың 3, 4, 5 және 6-тармақтарындағы "қызметтік міндеттерін" деген сөздерден кейін "немесе қызметтік борышын" деген сөздермен толықтырылсын;
14) 34-баптың 2-тармағындағы "ішкі істер органдарының учаскелік уәкілдеріне" деген сөздер "полицияның учаскелік инспекторларына" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2710 заң күші бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат):
1) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесі
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі органдарының бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жанындағы үкіметтік байланыс органы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Барлау" қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы бойынша аумақтық органдары және оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалар (бөлімдер, бөлімшелер), сондай-ақ әскери қарсы барлау органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскерлері, арнаулы мақсаттағы бөлімшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері және өзге де ұйымдар құрайды.";
2) 8-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасында "басқармаларын" деген сөз "аумақтық органдарын," деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті ұлттық қауіпсіздік органдарының рәміздерін, айырым белгілері мен ведомостволық наградаларын бекітеді.";
3) 9-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстары, республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы бойынша аумақтық органдары мен оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалары (бөлімдері, бөлімшелері) тиісті аумақтарда ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген міндеттерді іске асыру үшін құрылады.
2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы бойынша аумақтық органдары заңды тұлғалар болып табылады, олардың нақтылы және шартты атаулары, мөрлері мен мөртабандары, банктерде шоттары, негізгі қорлары, әлеуметтік-мәдени және медициналық мақсаттағы объектілері болады.";
4) 12-бап мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
"20) мемлекеттік қызметке кіретін және мемлекеттік қызметте тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына заңдарда белгіленген шекте және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізуге міндетті.".
6. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат):
11-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
" - мемлекеттік өртке қарсы қызметке басшылық етеді, өрттердің алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды үйлестіреді;".
7. "Өрт қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж, № 18, 368-құжат);
1) 6-бапта:
бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі өрт қауіпсіздігі саласында мемлекет уәкілеттік берген орталық атқарушы орган болып табылады" деген сөздер "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы мемлекет өрт қауіпсіздігі саласында уәкілдік берген орган болып табылады" деген сөздермен ауыстырылсын.
екінші бөлігінде:
сегізінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қатардағы және бастықтар құрамындағы адамдарды қызметке қабылдауды, қызмет бойынша ауыстыруды, қызметтен босатуды, арнайы атақтар беру мәселелерін шешуді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.";
2) 10-бапта:
баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"10-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, оның қызметкерлерінің құқықтары мен мәртебесі";
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
"Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтарына мыналар жатады:
мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұйымдарда өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру, әкімшілік өкілдерінің қатысуымен өрт қауіпсіздігі талаптарының, стандарттарының, нормалар мен ережелерінің орындалуына тексеру жүргізу, ұйымдардың басшыларына, басқа да лауазымды адамдарға және азаматтарға анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою және өртті болдырмау жөнінде шаралар қолдану туралы ұйғарымдама жолдау;
барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың, азаматтардың орындауы үшін міндетті өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін және өрт қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту;
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың есебінен өрттердің себептерін анықтау үшін өткізілуге міндетті сараптамалар, сондай-ақ құрал- жабдықтарға, бұйымдарға, заттарға, материалдарға олардың өрт қауіптілігі дәрежесін айқындау үшін бақылау сынақтарын белгілеу;
заңды және жеке тұлғаларға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензиялар және заңдарда белгіленген тізбелер бойынша өнімге өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік сертификаттарын беру;
өрттен және өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы туралы істер бойынша анықтамаларды жүзеге асыру;
заңда белгіленген құзырет шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізуді жүзеге асыру;
өрт қаупін туғызатын өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін бұзған кезде, сондай-ақ ұйымдарды, объектілерді, ғимараттарды, үйлерді салу, қайта жаңарту, кеңейту немесе техникамен қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған жағдайда ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндіріс учаскелерінің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұру, үйлерді, ғимараттарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт қауіпі бар жұмыстарды жүргізуге тыйым салу;
елді мекендер мен ведомостволық бағыныстылығына қарамастан объектілердің өртке қарсы бөлімшелерінің өртпен күресуге дайындығына, ұйымдарды, үйлер мен ғимараттарды жобалау, салу және қайта жаңарту кезінде стандарттарда, нормалар мен ережелерде көзделген өртке қарсы талаптарды жобалау және құрылыс ұйымдарының орындауына бақылау жасау;
жер учаскелерін таңдау және ұйымдарды, үйлер мен ғимараттарды пайдалануға қабылдап алу жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;
өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін стандарттардың, нормалар мен ережелердің жобаларын, сондай-ақ бұл нормалар мен ережелер жоқ объектілердің құрылысына арналған жобалық шешімдерді келісу;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін жұмылдыруға әзірлеу және жұмылдыру, олардың бейбіт уақытта төтенше жағдайлар пайда болған кездегі және соғыс уақыты жағдайындағы жұмысының тұрақтылығын арттыру жөніндегі шараларды жасау мен жүзеге асыру, мемлекеттік өртке қарсы қызметтің арнаулы бөлімшелерінің толық жұмылдыруға үнемі әзір тұруын қамтамасыз ету;
төтенше жағдайларда өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын, көлік және басқа да материалдық-техникалық құралдарды тарту, адамдарды, материалдық қазыналарды қауіпті аймақтан көшіруге өкімдер беру болған жағдайда құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу мен төтенше жағдайларды жою кезеңінде цехтар мен объектілердің жұмыстарын тоқтата тұру;
табиғи зілзалалар, апаттар, авариялар және өрттер кезінде азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, азаматтарды құтқаруға, оттың өршуін болдырмауға және өртті жоюға бағытталған шаралар қолдану үшін азаматтардың тұрғын үйлері мен өзге де үй-жайларына, ұйымдарына, оларға тиесілі жер учаскелеріне, дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды өкілдіктерінен басқа, аумақтар мен үй-жайларға бөгетсіз кіру;
табиғи зілзалалар, апаттар, авариялар және өрттер кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың жеке учаскелерге, аумақтарға, үйлердің бөлмелеріне кіруін шектеу немесе оған уақытша тыйым салу; адамдарды құтқару және өртті өшіру үшін қажет болған жағдайларда жабық есіктер мен терезелерді, сондай-ақ қоршау конструкцияларын ашу; кез келген су объектілерінен өртке қарсы қажеттер үшін су алуды жүзеге асыру;
адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдай аймақтарындағы ұйымдардың байланыс құралдарын, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын, көлікті оларға нұқсан келтірілген ретте иелеріне зиянды өтеп, олардың меншік нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен пайдалану;
халықтың өртке қарсы ерікті құрамаларының өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмысына жәрдемдесу, өртті сөндіруде көзге түскен азаматтарды көтермелеу.
Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген қызметкерлеріне: ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативті құқықтық актілерінде белгіленген қызмет өткеру, еңбекке ақы төлеу, арнайы атақтар беру, заттай мүлікпен қамтамасыз ету, зейнетақымен қамтамасыз ету, медициналық және санаториялық-курорттық қызмет көрсету тәртібі, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жағдайлары мен құқықтық ережелер қолданылады.";
3) 11-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік өрт қадағалау мемлекет өрт қауіпсіздігі саласында уәкілеттік берген орган - Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының мемлекеттік өртке қарсы қызметі құрамына кіреді.".
8. "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат):
1) 1-баптың бесінші абзацындағы "жедел-құтқару отрядтары" деген сөздерден кейін "мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері;" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 12-баптың бірінші бөлігі "жедел-құтқару отрядтарынан" деген сөздерден кейін "өртке қарсы мемлекеттік қызмет бөлімшелерінен" деген сөздермен толықтырылсын;
9. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат):
1) 192-бапта:
бірінші бөлігі:
"331-бабында (екінші бөлігінде)" деген сөздерден кейін "367-бабында (үшінші және бесінші бөліктерінде), 368-бабында (үшінші бөлігінде), 369- бабында (үшінші бөлігінде), 372-бабында (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 373-бабында (үшінші бөлігінде), 374-бабында (үшінші бөлігінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
"376 және 386-баптарында" деген сөздер "376-баптарында, 380-бабында (үшінші бөлігінде), 381-бабында (үшінші бөлігінде), 382-бабында (екінші бөлігінде), 383-386-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлігінде:
"176-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 177-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде)", "180", "182-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде)", "189, 193-207", "210-213, 215-220-баптарында, 223-бабында (екінші бөлігінде)", "225-226" деген сөздер мен сандар алып тасталсын;
"367-бабында (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)" деген сөздер "367-бабында (екінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"368-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "368-бабында (екінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"369-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "369- бабында (екінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"372-бабында (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)" деген сөздер "372-бабында (төртінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"373-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "373- бабында (екінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"374-бабында" деген сөздер "374-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"380-385-баптарында" деген сөздер "382-бабында (бірінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 190-бабында (екінші бөлігінде), 191-205, 207- баптарында, 209-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 210-213- баптарында, 214-бабында (екінші бөлігінде), 215-220-баптарында, 221-бабында (екінші бөлігінде), 222-бабында (екінші бөлігінде), 223-бабында (екінші бөлігінде), 225-бабында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді салық полициясының тергеушілері жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 183-бабында (екінші және үшінші бөлігінде), 184, 228, 229, 231, 232, 307-310-баптарында, 311-бабында (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 312-316-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, егер олардың тергеуі салық полициясы органдарының тергеушілері тергейтін қылмыстарды тергеуге тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаса, алдын ала тергеуді салық полициясы органдарының тергеушілері жүргізуі мүмкін.";
төртінші бөлігінде:
"209-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 214-бабында (екінші бөлігінде), 223-бабында (екінші бөлігінде), 224, 227-баптарында" деген сөздер мен сандар алып тасталсын;
"348-баптарында" деген сөздерден кейін "380-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде), 381-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2 бөліктермен толықтырылсын:
"4-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 180-бабында, 182-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 189, 206, 226-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді қылмыстық істі қозғаған ішкі істер немесе салық полициясы органы жүргізеді.
4-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 224, 227-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді қылмыстық іс қозғаған ішкі істер немесе салық полициясы немесе ұлттық қауіпсіздік органы жүргізеді.";
2) 285-бапта:
екінші бөлігінде "176 (бірінші бөлігінде), 177 (бірінші бөлігінде)", "182 (бірінші бөлігінде)", "223 (бірінші бөлігінде)" деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Салық полициясының органдары анықтауды 176 (бірінші бөлігінде), 190 (бірінші бөлігінде), 192, 208, 221 (бірінші бөлігінде), 222 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 183-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша анықтауды, егер салық полициясының органдары тергейтін істер бойынша анықтау жүргізуге тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаса, салық полициясының органдары жүргізуі мүмкін.";
мынадай мазмұндағы 8-1-бөлікпен толықтырылсын:
"8-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177 (бірінші бөлігінде), 182 (бірінші бөлігінде), 223 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды қылмыстық іс қозғаған ішкі істер немесе салық полициясы органы жүргізеді.".
10. "Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін күшіне енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 207-1 Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат):
мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
"5-1-бап. Осы Кодекстің өзінің шағымын немесе сотталғандардың пайдасына шығарылмаған прокурор наразылығын қарау кезінде кассациялық сатыдағы соттың отырысына өзі қатысуға тілек білдірген сотталған адамның қатысуының міндеттілігі туралы ережелері бұл талапты іске асыру үшін қажетті жағдайлардың жасалуына қарай, бірақ 2003 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей күшіне енгізіледі.".
2-бап. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының анықтау мен тергеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 1995 жылғы 6 қазандағы № 2512 заң күші бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 20, 122-құжат).
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тергеу комитеті және оның органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2706 заң күші бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 153-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 181-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президенті