Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N
839 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы 18 желтоқсандағы № 1290 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі № 922 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
Туберкулезбен күрес жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Тұрсымбаев Балташ - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Молдабайұлы орынбасары, төраға
Нұрқиянов Төлеухан - Қазақстан Республикасының Ауыл
Мұратханұлы шаруашылығы министрі
Еркін Қыдыр - "Егемен Қазақстан" газеті бас редакторының
орынбасары
Тодорова Наталья - "Қазахстанская правда" газетінің бөлім
Владимировна меңгерушісі
Асқаров Ерік - "Елорда" мемлекеттік баспасының бас
Мұхамед-Хафизұлы редакторы
Тұрғынбеков Серік - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын
Александр Сергеевич Павлов, Мерей Құрманұлы Уәйісов, Николай Афанасьевич Власов, Еркін Ермекұлы Дүрімбетов, Амангелді Әбдірахманұлы Жангереев, Шахайдар Жорабекұлы Тұрсынқұлов көрсетілген құрамнан шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі