Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 74 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12
желтоқсандағы № 1531 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің Бағдарламалық займын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 74 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
3-тармақ күшiн жойған деп танылсын;
2-қосымшадағы:
Ауыл шаруашылығына арналған Азия Даму Банкінің Бағдарламалық займын үйлестiру жөніндегі Ведомствоаралық кеңес құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Дамитов К.К. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Еламанов Б.Д. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
жанындағы Сырттан қарыз алу жөніндегі
комитетiнiң төрағасы
Коржова Н.А. - Қазақстан Республикасының Еңбек және
әлеуметтiк қорғау министрi
Мыңбаев С.М. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
орынбасары
Құрманғалиев С.Ш. - Қазақстан Республикасының Баға және
монополияға қарсы саясат жөніндегі
мемлекеттік комитетi төрағасының бiрiншi
орынбасары
Романов А.Ф. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрiнiң бiрiншi орынбасары;
аталған құрамнан С.С. Әйiмбетов, П.И. Крепак, Г.А. Марченко, А.С. Павлов, П.В. Своик, Г.Г. Штойк, Е.Ә. Өтембаев шығарылсын;
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 16 сәуірдегі № 448 қаулысының 2-тармағы күшiн жойған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi