"Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" акционерлік қоғамының
байқаушы кеңесi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 ж. 31 тамыздағы № 819 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 28 маусымдағы № 702 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментi белгiленген тәртiппен мына құрамда "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" акционерлік қоғамының байқаушы кеңесiн бекіту жөнiнде шара қолдансын:
Өтембаев Ержан Әбiлхайырұлы - Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөніндегі
агенттiгiнiң төрағасы,
төраға (келісім бойынша)
Әбiтаев Есенберген Әбiтайұлы - Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және
сауда вице-министрi
Дауылбаев Асхат Қайзуллаұлы - Қазақстан Республикасының
Әдiлет вице-министрi
Ержанов Оразалы Сәнтайұлы - Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Мемлекеттік
мүлiк және жекешелендiру
департаментiнiң директоры
Кешубаев Ғалиаусат Қайырбекұлы - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесi
Басшысының орынбасары
Құрманғалиев Серiк - Қазақстан Республикасының
Шолпанқұлұлы Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестiктi қорғау
жөніндегі комитетi
төрағасының орынбасары
Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы - "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз
компаниясы" акционерлік
қоғамының президентi
2. "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" акционерлік қоғамының байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 17 желтоқсандағы № 1764 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 54, 492-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi