Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті
қорғау жөніндегі комитетінің орталық аппараты штатының
саны туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы
1998 жылғы 30 шілдедегі № 724
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
"Мемлекеттік басқару органдарын одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті орталық аппаратының штат саны 75 адам болып, оның ішінде 55 адам Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің қайта ұйымдастырылған Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінің есебінен және 20 адам Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің штат санын қысқартудың есебінен белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетіне төрағаның екі орынбасары болуына рұқсат етілсін.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелесті қорғау жөніндегі комитеті 1998 жылдың 25 шілдесіне дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті туралы ережені әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі