32. Әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабындағы «б» тармағында көзделген, осындай қызметтi қамтамасыз ететiн және әуе қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн арнайы ұйым талап етiлетiн қызметтi атқарғанда әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттарының ұшырылуына уақытша, жергiлiктi режимдер немесе әуе кеңiстiгiнiң пайдаланылуына қысқа мерзiмдi шектеулер енгiзiлуiмен (белгiленуiмен) тыйым салынуы немесе шектелiнуi мүмкiн.
Ұшып шығуға немесе әуе кеңiстiгiн пайдалануға арнайы режимдер мен шектеулер енгiзудiң (белгiлеудiң) тәртібі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мемлекеттік авиацияның қызметiн бақылау және мемлекеттік басқару органдарының нормативтiк құжаттарымен белгiленедi.
33. Эксплуанттардың, пайдаланушылардың немесе өзге де субъектiлердiң әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін бұзуының бәрi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында әуе кеңiстiгiн пайдаланумен байланысты болған авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғалар ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік органның Әуе қозғалысының қауiпсiздiгi жөніндегі Инспекциясының немесе көлiк жөніндегі орталық атқарушы орган мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі тағайындаған арнаулы комиссияның дереу тексеруiне жатады.
Тексерудi ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану ережелерiн реттейтiн ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік органның нормативтiк құжаттарымен белгiленедi.
34. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланудың тәртібі мен ережелерiн бұзуға жол берген әуе кеңiстiгiн пайдаланушылардың және/немесе эксплуатанттарының қызметi тексеру жүргiзу аяқталғанға және тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік орган тарапынан уақытша тоқтатылуы (тоқтата тұрылуы) немесе оған толық тыйым салынуы мүмкiн.
Тексеру аяқталған соң әуе кеңiстiгiн пайдаланумен байланысты қызметтi жалғастыруға ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік органнан тиiстi рұқсат алғаннан кейiн жол берiледi.
IV. Әуе трассаларын ашу тәртібі
35. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде әуе кемелерiнiң ұшырылуы үшiн әуе трассалары, әуе дәлiздерi, жергiлiктi әуе жолдары мен ұшу маршруттары белгiленедi.
36. Жаңа әуе трассаларын (соның iшiнде халықаралық та) ашу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келісім бойынша көлiк жөніндегі орталық атқарушы орган қабылдайды.
37. Қазақстан Республикасының әуе трассалары күтіліп отырған жағдайларда пайдалануға жарамдылығының қолданылып жүрген нормаларға, сертификаттау жүргiзуге және көлiк жөніндегі орталық атқарушы орган әзiрлеп, бекiтетiн Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының мемлекеттік iшкi және халықаралық әуе трассаларын, жергiлiктi әуе жолдары мен аэродромдарды (әуежайларын) ашу (жобалау, белгiлеу, жарақтандыру мен жабдықтай түсу) және пайдалануға қабылдаудың нормативтiк құжаттарында, реттегiш ережелерiнде белгiленген тәртiппен әуе кемелерiн пайдалануға жiберiлу рұқсатын алуға сәйкестiгiн белгiлеп, айқындағаннан кейiн трассаларды пайдалануға рұқсат етiледi.
38. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгіндегі әуе трассалары мен жергiлiктi әуе жолдарының тiзбесi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi мен Көлiк және коммуникациялар министрінің бұйрықтарымен бекітіледi.
39. ҚР Үкіметінің 2010.02.02. № 61 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
V. Шетелдiк әуе кемелерiнiң ұшуы
40. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде шетелдiк әуе кемелерiнiң ұшуы аэронавигациялық ақпарат жинағында (AIP) жарияланған Қазақстан Республикасының Әуе трассаларының тiзбесiне сәйкес белгiленген халықаралық әуе трассалары бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптары немесе бiр жолғы ұшулар жасауға берiлген арнайы рұқсаттар негiзiнде және соларға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.02.02. № 61 Қаулысымен 41-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41. Шетелдік азаматтық әуе кемелері үшін чартерлік (бір жолғы) халықаралық ұшуларды орындауға рұқсатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру ережесіне және рұқсат беруден бас тарту үшін негіздерге сәйкес береді.
Азаматтық әуе кемелеріне жатпайтын әуе кемелерінің бір жолғы ұшуларын орындауға рұқсатты сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті орган мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен алдын ала келісе отырып береді.
VI. Халықаралық ұшулар үшiн аэродромдар ашу тәртібі
42. Шетелдiк әуе кемелерiнiң қонуы мен ұшуы халықаралық ұшуларды орындау үшiн ашылған Қазақстан Республикасының аэродромдарында жүргiзiледi.
43. Халықаралық ұшуларды орындау үшiн аэродромдар (соның iшiнде жаңадан салынғандарын да) ашу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Халықаралық ұшуларды орындау үшiн аэродромдар ашу тәртібі аэродромдар мен аэродром жабдықтары кешенiн жобалау, салу немесе қайта жаңарту (техникалық жағынан қайта жарақтандыру), сондай-ақ оларды дайындау мен пайдалануға қосу ережелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының тиiстi заңдары мен нормативтiк актілері негiзiнде әзiрлейтiн көлiк жөніндегі орталық атқарушы органның нормативтiк құжаттарымен белгiленедi.
44. Жаңадан салынған (қайта жаңартылған, техникалық жағынан қайта жарақталған немесе кеңейтiлген) және халықаралық ұшулар үшiн ашылатын аэродромды мемлекеттік қабылдау комиссиясы қабылдап алуға, оның күтіліп отырған жағдайларда пайдалануға жарамдылығының қолданылып жүрген нормаларға сәйкестiгi және белгiлi бiр (аталған) салмақ санатындағы әуе кемелерiнiң пайдалануына дайындығы белгiленген тәртiппен тексерiлуге тиiс.
Аэродромның пайдалануға қосылуы оны мемлекеттік тiркеуден кейiн және мемлекеттік тiркеу әрi аэродромның пайдалануға жарамдылығы туралы Куәлiк бергеннен кейiн жүргiзiледi.
Аталған Куәлiктi ұстаушы аэродромның иегерi болып табылады.
45. Аэродромды халықаралық ұшуларға қосу үшiн сертификаттар жүргiзу - оның I, II, II ИКАО санаттарының ең төменгiлерi бойынша пайдалануға жарамдылығының қолданылып жүрген нормаларға сәйкестiгiн белгiлеу мақсатында аэродромға куәландiру жүргiзу қажет.
ИКАО-ның ең төменгi тиiстi санатына сай келiп, аэродромның пайдалануға жарамдылығының Сертификатын алғаннан кейiн ғана аэродром халықаралық ұшуларды орындайтын әуе кемелерiнiң пайдалануына қосыла алады.
VII. Ұшуларды iздестiру-құтқару жағынан
қамтамасыз ету
46. Адамдар өмiрiне қатер төндiретiн табиғи зiлзала, апаттар, авариялар, басқа да қысылтаяң әрi төтенше жағдайлар болған кезде шетелдiк әуе кемелерi Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiне ұшып келе алады және мемлекеттік шекараның қиылысындағы белгiленген әуе дәлiздерiнен тысқары Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнен ұшып шыға алады, сондай-ақ халықаралық әуе трассаларынан тыс ұшырулардың орындалуын және халықаралық ұшулар үшiн ашылмаған әуежайларға (аэродромдарға) қону мен олардан ұшуды, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, әуе қозғалысына жедел басшылық ету органдары хабардар етiлгеннен кейiн және ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік органнан тиiстi рұқсат алғаннан кейiн ғана жүзеге асыра алады.
47. Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшырау қаупi төнген немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерiн iздестiру мен құтқаруды ұйымдастыруға байланысты әуе кеңiстiгiн пайдаланушылардың және өзге де субъектiлердiң авариялық хабар беруiн ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік органды және ӘҚҰБ жөніндегі Бас орталықты дереу хабардар ете отырып өз жауапкершiлiктерiне алған аудандардағы әуе қозғалысына қызмет көрсететiн диспетчерлiк органдар жүзеге асырады.
48. Апатқа ұшырау қаупi төнген немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерiне көмек көрсету және авиациялық iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн басқа мемлекеттердiң және өзге де субъектiлердiң iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарын Қазақстан Республикасының аумағына жiберу тәртібін Қазақстан Республикасының Бiрыңғай авиациялық iздестiру-құтқару қызметi туралы Ережесiнiң және Қазақстан Республикасының аумағында авиациялық iздестiру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргiзу жөніндегі Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік орган белгiлейдi.
VIII. Қорытынды ережелер
49. Әуе кеңiстiгiнде материалдық объектiлердiң орын ауыстыруымен тiкелей байланысты емес, бiрақ мұның өзi әуе кемелерiнiң қауiпсiз ұшуына қатер төндiруi немесе аэродромдардың радиотехникалық құралдарының қалыпты жұмысы үшiн кiнәрат келтiруi мүмкiн әуе кеңiстiгiн пайдаланушылардың қызметi мiндеттi түрде қарауында аэродромдары, аэродромдар аудандарының әуе кеңiстiгi, сол аудандар арқылы өтетiн әуе трассалары мен жергiлiктi әуе жолдары бар министрлiктермен, ведомстволармен және ұйымдармен және мiндеттi түрде Қазақстан Республикасының ӘҚҰБ жөніндегі Бас орталықпен келісіледi.
50. Егер олардың биiктiгi 50 метрден асатын болса, аэродромдар аудандарынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағында объектiлердi орналастыру Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінiң тиiстi органдарымен келісілуге жатады.
Объектiлердiң орналастырылуын келiсу жобалық жұмыстар басталғанға дейiн жүргiзiлуге тиiс. Келісілуге жататын объектiлердiң Тiзбесiн, олардың ең жоғары биiктiгi мен аэродромдардан қашықтығын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлейдi.
51. Әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар және Қазақстан Республикасының авиация қызметi мен әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару мен бақылауды жүзеге асырушы органдар арасында туындайтын барлық даулы мәселелер ӘКП және ӘҚҚК жөніндегі мемлекеттік орган белгiлеген мерзiмде шақырылатын Ведомствоаралық комиссияның мәжілістерiнде қаралады.
Аталған мәселелер жөніндегі түпкiлiктi шешiмдердi Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
52. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру мен оның ретiне, әуе қозғалысына аэронавигациялық қызмет көрсетуге, әуе кемелерiнiң ұшырылуына жедел басшылық етуге және әуе қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi мен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрінің бұйрықтарымен бекітілетiн Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы Ереженi (қосымшаларымен) қолдану жөніндегі Нұсқаулықта белгiленедi.