Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіндегi Орман
және аң шаруашылығы комитетi аппаратының құрылымы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы 1997 жылғы 20 ақпандағы
№ 241
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 32 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіндегi Орман және аң шаруашылығы комитетi аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi санының негiзiнде 26 адам санында бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіндегi Орман және аң шаруашылығы комитетiнде Төрағаның бiр орынбасары және саны 6 адамнан тұратын алқа болуына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіндегi Орман және аң шаруашылығы комитетiне "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінiң орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1656 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қызметтiк жеңiл автомобильдер лимитi шегiнде және соның есебiнен 1 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 20 ақпандағы
№ 241 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрлігіндегi Орман және аң шаруашылығы комитетiнiң
ҚҰРЫЛЫМЫ
Орман шаруашылығын дамыту бөлiмi
Орман қорғау, күзету және мемлекеттік бақылау бөлiмi
Аң шаруашылығы бөлiмi
Қаржы, бухгалтерлiк есеп және кадр жұмысы бөлiмi
Өнеркәсiптiк қызмет және инвестициялар бөлiмi
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар секторы