жатсындырылған ауру малдарды қан шығармай өлтiру тәсiлiмен және олардың өлiмтiгiнiң терiсiн сыпырмай, бөлшектемей өртеу арқылы жойып жiберетiн жануарлар аурулары: маңқа, (сары қолқа), мелиоидоз, түйелер обасы, мүйiздi iрi қара малдар обасы, құтыру, шошқалардың африка обасы, туляремия, iндеттi лимфангиот, қояндар миксоматозы, қарақаптал (киеңкi), бiртұяқтылардың африкалық обасы, иттер мен мысықтардың токсаплазмозы, мысықтар бұзаутазы, құстар обасы және псевдообасы, құстар орнитозы;
ауру малдар мiндеттi түрде союға жатқызылатын аурулар: туберкулез, бруцеллез, ақ қан кеселi, қойлардың жұқпалы катарлық қыздырмасы (тілі көгеру), мүйiздi iрi қараның қара өкпе кеселi, шошқалар обасы, құстар пастереллезi, құтырған жануарлар тiстеген жануарлар (тез арада өлтiрiледi), мүйiздi iрi қараның алаөкпе ауруы, жылқылардың жұқпалы қан аздық ауруы, құстардың күл-шешек аурулары, құстардың жұқпалы кеңiрдек кеселi, сонымен қатар жиынтық мал дәрiгерлiк-санитарлық бағалау бойынша олардың ұшасы мен iшкi органдары мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптама ережелерiне сәйкес консервiлердi, шұжық өнiмдерiнiң пiсiрiлген сорттарын, ет-сүйек ұндарын, т.б. жасауға пайдаланылуы мүмкiн.
2. Төмендегiдей мал дәрiгерлiк көрсеткiштер бойынша мал өнiмдерiн қолданудан алып тастауға жол берiледi:
ұшалары мен барлық сою өнiмдерi өртеу арқылы жойылатын жануарлар аурулары - маңқа, мелиоидоз, iндеттi лимфангоит, мүйiздi iрi қара обасы, құтыру, шошқалардың африка обасы, туляремия, топалаң, қарасан, қатерлi iсiк, қозылардың анаэробтық қантышқағы, қойлар брадзоты, қойлар энтеротоксемиясы, ботулизм;
ұшалары пайдаға асырылатын жануарлар аурулары: цистицеркоз (финноз), трихинеллез, безноитиоз (үдемелi инвазиялар кезiнде), Ньюкасл ауруы, құстар стрептококкозы, қояндар миксоматозы, қояндардың стрептококк септицемиясы, қояндар стафилококкозы, спирохетоз;
ұшалары залалсыздандырылатын жануарлар аурулары: цистицеркоз (40 шаршы см бұлшық ет аумағын кескенде 3-тен артық таспақұрт зақымдамаған ұшалар), токсаплазмоз (iшкi органдары қайта ұқсатылып, кәдеге жаратылады), бруцеллез, туберкулез, Ауески ауруы, шошқалар тымауы, шошқалар обасы, Ку қыздырмасы, лейкоз, лептоспироз, листериоз, хламидиоз, аусыл, пастереллез;
зақымданған органдары алынып тасталатын және қайта ұқсатылып, пайдаға асырылатын, ал ұшалары шектеусiз босатылатын аурулар: эхинококкоз, ценуроз, альвеоккоз, дикроцелиоз, фасциолез, тағы басқа барлық инвазиялық кеселдер;
улы химикаттармен улану. Егер ұшасы мен iшкi органдары бар болса, олар жойып жiберiледi: цианидтер, сары фосфор, пропазин, гептахлор, дихлоральмочевина, полихлорпинен, полихлоркамфен, альдрин, ТМТД, ДЛВФ, цинеб, дикрезил, поликарбацин, байгон, севин, ялан, бентиокарб, динитроортокрезол, нитрофен, метафос, тиофос, карбофос, құрамында сынап пен мышьяк бар препараттар, 2,4-Д тобының гербицидтерi, ақ триходесма;
улы химикаттармен және улы заттармен улану. Егер етi бар болса, көп қайнатқаннан кейiн тамаққа пайдаланылады: фтор препараттары, цинк тұздары, мыстар, хлорлы натрий және калий, қышқылдар мен сiлтiлер, аммиак, күкiртқышқыл ангидрид, көмiрқышқыл газ, хлор, несеп нәрi, алкалоидтар мен глюкозидтер, құрамында сапониндер, эфир майлары, қарайлар мен фотодинамикалық әсерi бар заттар (қарақұмық, беде) улы саңырауқұлақтар мен зеңдер, улы өсiмдiктер қарамықша, сүттiген, у сарғалдақ, у тамыр, сасық қурай, жоңғар уқорғасыны. 1 кг етке ең аз рұқсат етiлетiн деңгейдегi заттармен: атрозин - 0,02 мг, гексахлорциклогексан гамма - изомер - 0,1 мг, хлорпирифос - 0,1 мг, байтеск - 0,2 мг, корал - 0,2 мг, амидофос - 0,3 мг, дибром - 0,3 мг, трихлорметафос - 3-0,3 мг, кремнийлi-фторлы натрий - 0,4 мг, базудин - 0,7 мг, абат (дифос) - 1 мг, бордосс сұйықтығы (күкiртқышқыл мыс) - 2 мг, метоксихлор - 7 мг;
ұшасының етi пайдаға асырылатын жануарлардың жұқпайтын аурулары: сары ауру, дегенеративтiк өзгерістер, iсiну, iсiк процестерi, көп жерi өлiеттенген iсiк, пигменттену, көтерем болу, жанталасу жағдайында өлген, жай түсiп өлген, электр тогы соғып өлтiрген, үсiп өлген, өрт кезiнде өлген, суға кетiп өлген, фенолдан немесе дәрi иiсiнен өлген.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 2 қазандағы
№ 1205 қаулысына
7-қосымша
ЕСКЕРТУ. 7-қосымшаның күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.18.
№ 1787 қаулысымен.