2. Соттың борышкердi банкрот деп тану туралы шешiмiнде:
1) борышкердi тарату туралы;
2) конкурстық басқарушы тағайындау туралы;
3) шешiм шығарылғанға дейiн сотқа жүгiнген несие берушiлердiң мәлiмделген талаптарының мөлшерi туралы нұсқаулар болуға тиiс.
3. Борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы хабарландыруды конкурстық басқарушы соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап жетi күннен аспайтын мерзiмде орталық әдiлет органының ресми баспасөз басылымында жариялайды.
Борышкердi банкрот деп тану туралы жарияланымда:
1) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарған сот органының атауы;
2) банкроттың атауы және орналасқан жерi;
3) жарияланым шыққан күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде өздерiнiң борышкерге қоятын талаптарын табыс ету қажеттiгi туралы несие берушiлерге хабарлама болуға тиiс.";
29) 39-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатында қол жеткiзiлгенде;";
2) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтағы "Несие берушiлер талаптарының қанағаттандырылуына" деген сөздер "Оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатына қол жеткiзiлуiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
30) 40-бапта:
баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"40-бап. Сот және әкiмшiлiк шығыстарын бөлу"
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданған кезде, төленуi кейiнге қалдырылған мемлекеттік баж жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, барлық сот шығыстары мен әкiмшiлiк шығыстары борышкердiң мүлкiне жатқызылады және осы мүлiктiң есебiнен кезектен тыс өтеледi. Оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатында қол жеткiзiлуiне байланысты iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым шығарылған кезде сот және әкiмшiлiк шығыстары осы тәртiппен өтеледi.";
3-тармақ алып тасталсын;
31) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"42-бап. Оңалту рәсiмiн қолдану
Оңалту рәсiмi борышкер өтiнiш жасаған және несие берушiлер комитетiнiң келісімi болған жағдайда сот тәртібімен тек коммерциялық ұйымдарға қатысты қолданылады.";
32) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"43-бап. Оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiш жасау
1. Дәрменсiз борышкер өзiнiң төлем қабiлетiн қалпына келтiру мүмкiндiгi болған жағдайда, өзiн банкрот деп тану туралы сотқа арыз бергенге дейiн уәкiлетттi органға өзiне қатысты оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiн мәлiмдей алады. Мұндай өтiнiштi банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiн несие берушiлер де немесе үшiншi тұлға да жасай алады.
2. Өтiнiште осы Заңның 11-бабының талаптары ескерiле отырып, борышкерге қатысты аталған рәсiмнiң қолданылуы орындылығының негiздемесi мен несие берушiлер комитетi құрамы жөніндегі ұсыныс болуға тиiс.
3. Өтiнiшке:
1) соңғы екi жылдағы қаржы есебi;
2) дәрменсiз борышкердi оңалту жоспары;
3) кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген талаптардың жалпы сомасының 50 проценттен астамын иеленетiн кепiлдiк несие берушiлердiң, сондай-ақ осы несие берушiлер талаптарының жалпы сомасының 50 проценттен астам үлесi тиесiлi конкурстық несие берушiлердiң оңалту рәсiмдерiн өткізуге жазбаша келісімi;
4) оңалтуды басқарушының кандидатурасы жөніндегі ұсыныстар және кандидаттың оңалтуды басқарушы ретiнде оңалту рәсiмiне қатысуға жазбаша келісімi қоса тiркеледi.
4. Уәкiлеттi орган осы Заңның талаптарына сәйкес несие берушiлер комитетiн құрады және Заңда белгiленген мерзiмде несие берушiлер комитетiнiң бiрiншi отырысын шақырады, онда оңалту жоспары және оңалтуды басқарушының кандидатурасы қаралуға тиiс.
5. Егер борышкердi оңалтудың ұсынылып отырған жоспарын және оңалтуды басқарушының кандидатурасын несие берушiлер комитетi мен уәкiлеттi орган осы Заңмен белгiленген несие берушiлер комитетi мен уәкiлеттi органның шешiмдер қабылдау тәртібін сақтай отырып, мақұлдаса, борышкердiң оңалту рәсiмiн өткізу туралы арызына несие берушiлер комитетiнiң және уәкiлеттi органның берген келісімi сотқа жiберiледi.
6. Егер борышкердi оңалтудың ұсынылып отырған жоспарын және оңалтуды басқарушының кандидатурасын несие берушiлер комитетi мен уәкiлеттi орган мақұлдаса (оған келiссе), борышкердi оңалту жоспарымен келiспеген несие берушiлердiң мүдделерiне нұқсан келмейтiн болса, сот оңалту рәсiмiн өткізуге несие берушiлер комитетiнiң және уәкiлеттi органның келісімiн алған кезден бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрмей оңалту жоспарын бекіту және борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн қолдану туралы ұйғарым шығаруға мiндеттi.";
33) 44-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiнде "осы Заңның 43-бабының 7-тармағында белгiленген талаптар сақтала отырып жол берiледi" деген сөздер "несие берушiлер комитетiнiң келісімiмен жол берiледi және қайтадан сотта қарау үшiн берiледi." деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"48-бап. Оңалтуды басқарушы
"Оңалтуды басқарушыны несие берушiлер комитетiнiң ұсынуы бойынша сот бекiтедi.";
35) 49-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Оңалтуды басқарушыға сыйақы борышкердiң мүлкiнен төленедi және әкiмшiлiк шығыстарына жатқызылады. Сыйақының мөлшерiн және оны төлеу тәртібін несие берушiлер комитетi осы баптың талаптарына сәйкес белгiлейдi.";
2-тармақтың 2) тармақшасындағы "оның қызметiнiң нәтижелерi бойынша төленетiн қосымша ақыларды" деген сөздер "несие берушiлер комитетi белгiлейтiн мөлшерде, оның қызметi бойынша төленетiн қосымша ақыларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 50-бапта "басқарушының өтiнiшi бойынша" деген сөздерден кейiн "несие берушiлер комитетiнiң келісімiмен" деген сөздермен толықтырылсын;
37) 51-бапта:
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Несие берушiлер комитетiнiң келісімiмен оңалтуды басқарушы:
1) жылжымайтын мүлiкке иелiк ету (пайдалануға, кепiлге беру және т.б.) бойынша мәмiлелер жасайды;
2) құны борышкердiң активтерi құнының 20 процентiнен асатын борышкердiң өзге мүлкiне билiк ету жөнiнде мәмiлелер жасайды;
3) борышкердiң тұтынуға, оның iшiнде борышкер қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға әкеп соғатын шешiмдер қабылдайды.
3. Оңалтуды басқарушы несие берушiлер өкiлiнiң талап етуi бойынша (осы Заңның 13-бабының 3) тармақшасы) оны борышкердiң мүлкiне билiк ету жөнiнде жасаған мәмiлелер туралы хабардар етуге, ал ол болмаған жағдайда осындай мәмiлелер туралы несие берушiлер комитетiне ай сайын есеп берiп отыруға мiндеттi.
Осы тармақта белгiленген ережелер борышкердiң оңалту жоспарында көзделген мүлкiне билiк ету жөніндегі мәмiлелерге қолданылмайды.
4. Егер борышкердiң оңалту рәсiмiн енгiзгеннен кейiн туындаған ақшалай мiндеттемелерiнiң жалпы мөлшерi оңалту рәсiмiн енгiзген кездегi несиелiк берешектiң жалпы сомасының 20 процентiнен асса, борышкердiң ақшалай жаңа мiндеттемелерiн туғызатын мәмiлелердi, оңалтуды басқарушы несие берушiлер комитетiнiң келісімiмен ғана жасай алады.";
6-тармақ алып тасталсын;
38) 52-баптағы "шартқа сәйкес жауап бередi (осы Заңның 51-бабының 6-тармағы)" деген сөздер "қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап бередi" деген сөздермен ауыстырылсын;
39) 53-баптың 1-тармағындағы "Оңалтуды басқарушы" деген сөздерден кейiн "несие берушiлер комитетiнiң келісімiмен" деген сөздермен толықтырылсын;
40) 57-баптың 2-тармағындағы "берушiлердiң жиналысында бекітілген" деген сөздер "берушiлер комитетi бекiткен" деген сөздермен ауыстырылсын;
41) 59-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
42) 5-тарау алып тасталсын;
43) 65-бапта:
1-тармақтағы "мөлшерлес" деген сөз алып тасталсын;
2-тармақта:
"Тарау рәсiмiнiң мерзiмi сот шешiмiмен белгiленедi және ол" деген сөздер "Конкурстық iс жүргiзу мерзiмi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"12 айдан" деген сөздер "алты айдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Конкурстық басқарушының өтiнiшi бойынша" деген сөздерден кейiн "несие берушiлер комитетiнiң келісімiмен" деген сөздермен толықтырылсын;
44) 66-бапта:
"несие берушiлердiң жиналысы (несие берушiлердiң комитетi)" деген сөздер "несие берушiлер комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"конкурстық басқарушы," деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi орган" деген сөздермен толықтырылсын;
45) 67-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) конкурстық басқарушыны тағайындайды";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) несие берушiлер комитетiнiң құрамын бекiтедi;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) осы Заңда көзделген жағдайларда несие берушiлер комитетiнiң шешiмiн бекiтедi.";
46) 68-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Егер конкурстық жиынтық құрамында жылжымайтын мүлiк болса, банкроттың жылжымайтын мүлкiн иелiктен айыру және оны өзге тұлғаларға пайдалануға беру жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу органдарында тiркелуге тиiс.";
47) 69-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"69-бап. Конкурстық басқарушы-таратушы
1. Конкурстық iс жүргiзудi жүзеге асыру үшiн сот уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша конкурстық басқарушыны тағайындайды.
2. Конкурстық басқарушыға (таратушыға) сыйақы несие берушiлермен есеп айырысқанға дейiн конкурстық жиынтықтан төленедi.
Конкурстық басқарушыға төленетiн сыйақыға:
1) өз мiндеттемелерiн орындайтын бүкiл кезең үшiн ай сайынғы мөлшерi жиырма бес айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын ағымдағы төлемақылар;
2) оның қызмет нәтижелерi бойынша мөлшерiн несие берушiлер комитетi белгiлейтiн қосымша төлемақылар кiредi. Қосымша төлемақылар несие берушiлер талаптарын қанағаттандыруға жұмсалған қаражаттың белгiлi бiр процентiн құрайды.";
48) 70-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Заңның талаптарына сәйкес он күннен аспайтын мерзiмде несие берушiлер комитетiнiң құрамын қалыптастырады және несие берушiлер комитетiнiң бiрiншi отырысын шақырады.";
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) несие берушiлер комитетiнiң барлық мүшелерiне комитеттiң бiрiншi отырысы өткiзiлетiн орын мен күн туралы хабарлайды;
1-2) борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешiмi күшiне енгiзiлген күннен бастап бiр апта мерзiмде орталық әдiлет органының ресми баспасөз басылымында борышкердi банкрот деп тану туралы және несие берушiлердiң талаптарын мәлiмдеу тәртібі туралы жарияланым шығарады;";
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) банкроттың қызметкерлерiне еңбек туралы заңдарға сәйкес алдағы уақытта жұмыстан босатылатынын хабарлайды;
6) несие берушiлердiң талаптарын өтеу мақсатында несие берушiлер комитетiмен банкроттың мүлкiн (активтерiн) сату жоспарын келiседi және оны сатуды жүзеге асырады;";
49) 71-бапта:
1-тармақта:
"мәлiмделуi мүмкiн" деген сөздер "мәлiмделуге тиiс" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екiншi азатжолындағы "несие әкiмшiге" деген сөздер алып тасталсын;
50) мынадай мазмұндағы 71-1-баппен толықтырылсын:
"71-1-бап. Конкурстық басқарушы-таратушының жауапкершiлiгi
Өзiнiң өкiлеттiгiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда конкурстық басқарушы-таратушы мүдделi тараптың арызы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген материалдық, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкiн.";
51) 72-баптың 4-тармағында:
"тiзiлiм" деген сөз "несие берушiлер тiзiмiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ал кемiнде елу конкурстық несие берушiнiң талабы бойынша несие берушiлер талаптарының тiзiлiмi борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы жарияланым жасалған баспасөз органында жариялануға тиiс" деген сөздер алып тасталсын;
52) 74-бапта:
1-тармақтағы "борышкердiң" деген сөзден кейiн "соның iшiнде оның қаржы құжаттарында көрсетiлмеген, бiрақ борышкердiң меншiк құқығын растайтын құжаттары бар" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың қазақша мәтiнi дұрыс, түзетудiң қажетi жоқ;
53) 75-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әкiмшiлiк және сот шығыстары борышкер мүлкiнiң есебiнен кезектен тыс өтеледi.
Әкiмшiлiк шығыстарының сомасын олардың туындауына қарай оңалтуды немесе конкурстық басқарушы төлеуi мүмкiн.";
54) 76-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Несие берушiнiң талабы оның келісімiмен заңдарға қайшы келмейтiн әдiстермен, соның iшiнде ақша түрiнде және (немесе) мүлiктi заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.";
6-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Көрсетiлген сомаларды конкурстық iс жүргiзудiң аяқталғандығы туралы сот ұйғарымының негiзiнде несие берушi дебиторлық берешектен шығуға тиiс.";
55) 83-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "борышкерге" деген сөздерден кейiн "меншiк құқығында тиесiлi емес, соның iшiнде сенiмгерлiк басқарудағы немесе сақтаудағы" деген сөздермен толықтырылсын;
56) 84-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Борышкердiң мүлкiн сатуды несие берушiлер комитетi бекiткен мүлiктi сату жоспарына сәйкес конкурстық басқарушы жүзеге асырады. Мүлiктi сату жоспарында сауда-саттықты өткізудiң тәртібі болуға тиiс.";
2-тармақта:
"(активтерi)" деген сөз алып тасталсын;
"сатып алушы болмағандықтан" деген сөздер "мүлiктi сату жоспарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
57) 85-баптың 2-тармағы:
"сатылмай қалған" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ несие берушi талаптарды қанағаттандырудың есебiне қабылдамаған," деген сөздермен толықтырылсын;
"заңды ұйымның" деген сөздердiң алдынан " , азаматтық заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
58) 87-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сот конкурсты басқарушының есебiн және тарату балансын бекiтедi және олар табыс етiлген кезден бастап он бес күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы ұйғарым шығарады.
Конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы ұйғарымда конкурстық басқарушыға сыйақы төлеуге және борышкердiң сатылмай қалған мүлкiне байланысты реттелмеген мәселелер де шешiлуi мүмкiн. Конкурстық басқарушы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын органға, сондай-ақ банкроттың талаптары қанағаттандырылмаған несие берушiлерiне жiбередi.";
59) 88-бапта:
1 және 2 тармақтар алып тасталсын;
60) 91-баптағы "осы Заңның 69-бабына сәйкес сот тағайындайтын (бекiтетiн)" деген сөздер алып тасталсын;
61) 92-баптың 1-тармағында қазақша мәтiнi дұрыс;
62) 94-бапта:
1-тармақ "прокурордың" деген сөзден кейiн " , уәкiлеттi адамның" деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Iс қозғалған күннен бастап бес күн мерзiм iшiнде келмеген борышкердi сот банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiм шығарады.";
3-тармақ:
"борышкердi таратуды" деген сөзден кейiн "уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Конкурстық басқарушы соттың борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiмi күшiне енгiзiлген күннен бастап бiр апта мерзiмде орталық әдiлет органының ресми баспасөз басылымында борышкердi банкрот деп тану туралы және осы Заңның 71-бабында белгiленген ережелер бойынша несие берушiлердiң талаптарын мәлiмдеу тәртібі туралы жарияланым шығарады.";
63) 8-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-тарау. Соттан тыс тарату рәсiмдерi";
64) 96 және 97-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"96-бап. Соттан тыс рәсiм
1. Соттан тыс тарату рәсiмi дәрменсiз борышкердi несие берушiлердiң бақылауымен таратуға мүмкiндiк беретiн әдiс болып табылады.
2. Дәрменсiз борышкердi соттан тыс тарату рәсiмiне борышкер немесе борышкердiң несие берушiсi борышкерге қатысты соттан тыс тарату рәсiмiн қолдану туралы уәкiлеттi органға өтiнiш беру арқылы бастамашылық жасауы мүмкiн.
Уәкiлеттi орган тиiстi шешiм қабылдау арқылы борышкердi соттан тыс тарату рәсiмiне дербес бастамашылық жасауға құқылы.
Борышкердi соттан тыс тарату рәсiмiне бастамашылық жасау туралы уәкiлеттi органның шешiм шығаруына төлем мерзiмi келген кезден бастап үш айдың iшiнде бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төлемдер бойынша борышкер орындамаған мiндеттемелердiң болуы негiз болып табылады.
3. Дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн өткізу туралы шешiмдi осы Заңның талаптарына сәйкес несие берушiлер комитетi борышкермен келiсе отырып қабылдайды.
4. Соттан тыс тарату рәсiмiн өткізуге байланысты шығыстары конкурстық iс жүргiзудiң әкiмшiлiк шығындарына жатады.
97-бап. Несие берушiлер комитетi
1. Дәрменсiз борышкердi соттан тыс тарату рәсiмiн өткізу туралы шешiм қабылдау, оны өткізуге бақылауды қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi орган борышкер ұсынған кандидатуралар арасынан осы Заңның талаптарына сәйкес несие берушiлер комитетiн құрады.
2. Несие берушiлер комитетi бiрiншi отырысында борышкермен келiсе отырып, дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн өткізу туралы не борышкердi банкрот деп тану жөнiнде сотқа жүгiну туралы шешiм қабылдайды.
3. Несие берушiлер комитетi борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн өткізу туралы шешiм қабылдаған жағдайда конкурстық басқарушыны тағайындайды, оның қызметi осы Заңмен реттеледi.
4. Несие берушiлер комитетi шешiмдердi осы Заңда белгiленген тәртiппен қабылдайды.";
65) 98-бап алып тасталсын;
66) 99-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"99-бап. Соттан тыс тарату рәсiмiн өткізу туралы шешiм қабылдаудың салдары
1. Несие берушiлер комитетi соттан тыс тарату рәсiмiн өткізу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн осы Заңның 68-бабында көзделген салдарлар туындайды.
2. Борышкердi соттар тыс тарату рәсiмi осы Заңның 6-тарауында белгiленген ережелер бойынша жүзеге асырылады.
3. Соттан тыс тарату рәсiмi кезiнде 67-баптың 4) тармақшасымен және 73, 87-баптармен соттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша шешiмдердi несие берушiлер комитетi қабылдайды.";
67) 101-бапта:
1-тармақта:
"мемлекеттік", "әкiмшiнiң және" деген сөздер алып тасталсын;
"қатысушы тұлға деп танылады" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Сот қаланы құрушы ұйымның банкроттығы туралы iс қозғалғаннан кейiн бұл туралы әкiм уәкiлдiк берген органға хабарлауға мiндеттi.";
68) 10-тарау алып тасталсын;
69) 106-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының Президентi