Мемлекеттік ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорынан қаражат төлеудiң
тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 ж. 15 сәуірдегі № 342 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 04.11.98 ж. № 1126; 27.06.03 ж. № 623
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорынан қаражат төлеудiң тәртібі бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 15 сәуірдегі
№ 342 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау
қорынан қаражат төлеудiң
ТӘРТІБІ
Осы Тәртiп "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 17 қарашадағы № 1590 қаулысына сәйкес әзiрлендi және қоса берiлiп отырған сметаға сәйкес қаражатты қайтарымсыз негiзде берудiң тетiктерi мен шарттарын айқындайды.
1. Асыл тұқымдандыру iсiн дамытуда және өсiрудiң озық
технологияларын қолдануда ауыл шаруашылығы
өндiрушiлерiн қолдау
1) Асыл тұқымдандыру iсiн дамытуда ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiн қаржылық қолдау
Асыл тұқымды малды өсiруге арналған қаражат меншiктiң барлық нысандарындағы және ведомстволық бағыныстағы асыл тұқымды мал шаруашылықтарына ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн асыл тұқымды малмен, өндiрушiлердi ауыл шаруашылығы жануарларының ұрығымен, асыл тұқымдық мақсатқа арналған жұмыртқамен қамтамасыз ету мақсатында айналым қаражатын толықтыру үшiн бөлiнедi.
Мемлекеттік ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорынан (бұдан әрi - Қор) айналым қаражатын толықтыруға арналып бөлiнетiн сомалар әрбiр ауыл шаруашылығы құралымы бойынша Қор ағымдағы жыл үшiн белгiлеген шекте, ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiнiң өткiзген өнiмiнiң көлемiне және олардағы асыл тұқымды аналық мал басының болуына (1 сынып пен элита, ал қаракөл тұқымының аналық қойлары үшiн - тек элита сыныбы) қарай анықталады.
Қаражатты есептеу үшiн мынадай көрсеткiштер қолданылады:
а) асыл тұқымдандыру мақсатында отандық ауыл шаруашылығы құралымдарына асыл тұқымды малды, ұрықтарды, жұмыртқаны сатқан кезде:
асыл тұқымды тiрi малдың тонна салмағы үшiн: теңге
iрi қара 14335
қой мен ешкi 15936
(жүнi ашық түстi және австралия мериносы
тұқымды қойлардан басқасы)
шошқа 20849
жылқы 16500
ұрықтың үлесiне:
бұқа ұрығы 44
қошқар ұрығы:
отандық тұқым 20
австралия мериносының тұқымы 75
жүнi ашық түстi қылшықты және
жартылай қылшықты тұқымдар 50
жұмыртқалар (1 мың данасы үшiн) 15000
б) жылына 1 бас асыл тұқымды ұрғашы малды ұстау үшiн:
теңге
сиыр 2170
отандық саулық қойлар 380
австралия мериносы тұқымды саулық 830
мегежiн 520
бие:
үйiрдегiсi 1500
қолдағысы 3000
iнген 1850
маралдар мен бұғылар 1850
1 ара үйiрiне 200
"Асыл" акционерлік қоғамына (бұдан әрi - "Асыл" АҚ) қарайтын асыл тұқымды шаруашылықтарда асыл тұқымдандыру мақсатында асыл тұқымды малды, ұрықты және жұмыртқаны сатқаны үшiн және ұрғашы жоғары сыныпты малды ұстауға қаражат алу үшiн, асыл тұқымдандыру жөніндегі облыстық акционерлік қоғамдар әрбiр айдың 10-ы күнiне дейiн "Асыл" АҚ-ға (олармен келiсе отырып) белгiленген нысан бойынша анықтама тапсырады (1-5-қосымшалар). "Асыл" АҚ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамыту департаментiмен келiсе отырып Қорға жиынтық анықтама тапсырады, ол тиесiлi соманы "Асыл" АҚ-ның шотына, ал соңғысы асыл тұқымдандыру iсi жөніндегі акционерлік қоғамдарға және асыл тұқымды шаруашылықтарға аударады.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бекiткен, қаржылық қолдау алуға құқығы бар асыл тұқымды шаруашылықтар тiзбесiне енген, асыл тұқымды малдың аз санды бiрегей тұқымдарын өсiрумен шұғылданатын, басқа заңды тұлғалардың асыл тұқымды шаруашылықтары жоғары сыныпты ұрғашы малды ұстауға қаржылық көмек алу үшiн әрбiр айдың 10-ы күнiне дейiн белгiленген нысандағы (3-қосымша) анықтаманы - Қордың облыстық бөлiмшелерiне, ал облыстық бөлiмшелер облыс бойынша жиынтық анықтаманы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамыту департаментiне өткiзедi, ол бұларды тексерiп, Қорға төлеуге тапсырады. Асыл тұқымды шаруашылықтарға тиесiлi соманы Қор облыстық бөлiмшелерге немесе тiкелей шаруашылықтарға аударады.
в) жануарларды сауықтыруға:
ауыл шаруашылығы жануарларын сауықтыруға арналған қаражат тендерде жеңiп шыққан ұйымдар арқылы, Ауылшарминiнiң малдәрiгерлiгi комитетiнiң ұсынысы бойынша дезинфекциялау құралдарын, "ДУК" дезинфекциялау қондырғыларын және "Жедел малдәрiгерлiк көмек" арнаулы автомашиналарын сатып алуға бөлiнедi.
Бөлiнген қаражатты пайдалану туралы тоқсан сайын Қорға есеп берiлiп отырады.
2) Австралия мериносы тұқымы қойларын өсiруге
а) Австралия мериносы тұқымы қойларын Австралиядан сатып алуға
Австралия мериносы тұқымы қойларын Австралиядан сатып алу үшiн Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтының Мыңбаев атындағы тәжiрибе шаруашылығының тұқымкөбейткiшiне өтемсiз негiзде Қордың қаражаты есебiнен қаржы бөлiнедi.
Мыңбаев атындағы тәжiрибе шаруашылығының тұқымкөбейткiшi Ауылшарминiнiң Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамыту департаментiне бизнес-жоспары бар өтiнiш бередi, ол мұны тексеруден өткiзген соң, Қордың қарауына және төленуiне жiбередi.
Қордың Австралиядан қойларды сатып алуға ақы төлеуi iс жүзiнде тапсырылған құжаттар бойынша жүргiзiледi, бiрақ бұл 1 бас үшiн 2,2 мың АҚШ долларынан аспауға тиiс.
Қойлар белгiленген лимиттен артық сатып алынған жағдайда артық бас үшiн ақша қаражаты төленбейдi.
б) Өзi өсiрген Австралия мериносы тұқымы (таза қанды) қойларын және олардың ұрықтарын сатуға
Австралияландыруды жүргiзу бағдарламасына сәйкес Ауылшарминi бекiткен тiзбеге сай, өзi өсiрген Австралия мериносы тұқымының таза қанды қойлары мен олардың ұрықтары Мыңбаев атындағы тәжiрибе шаруашылығының тұқымкөбейткiшiнен қайтарымсыз негiзде, Қор қаражаты есебiнен жетекшi асыл тұқымды шаруашылықтар мен фермаларға берiледi.
Берiлген Австралия қойлары мен өткiзiлген ұрық үшiн шығындарды өтеуге қаражат алу үшiн, Мыңбаев атындағы тәжiрибе шаруашылығының тұқымкөбейткiшi Австралия мериносы тұқымды таза қанды қойларды және олардың ұрығын асыл тұқымдық торап шаруашылықтарына бергенi туралы анықтаманы (№ 1, 2 қосымшалар) әр бiр тоқсанның 10-ы күнiне дейiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамыту департаментiне бередi, ол мұны тексерген соң Қорға төлеуге тапсырады. Мыңбаев атындағы тәжiрибе шаруашылығының тұқымкөбейткiшiне тиесiлi сомаларды аудару: қойдың 1 басына - 50,0 мың теңге және оның өлшем бiрлiгiне - 75 теңге есебi бойынша жүргiзiледi.
3) Ашық түстi, қылшықты және жартылай қылшық жүндi қойларды сатқаны үшiн
Ашық түстi қылшықты және жартылай қылшық жүндi қойлардың қошқарларын ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiне сатқан кезде асыл тұқымды шаруашылықтарының шығындарына Қор әрбiр қошқар үшiн 2000 теңге есебiнен өтем жасайды.
Ашық түстi, қылшықты және жартылай қылшық жүндi қойларды сатқаны үшiн тиесiлi қаражатты алу үшiн, асыл тұқымды шаруашылықтар әрбiр айдың 10-ы күнiне дейiн белгiленген нысандағы анықтаманы (5-қосымша) Қордың облыстық бөлiмшелерiне тапсырады.
Қордың облыстық бөлiмшесi Қорға облыс бойынша жиынтық анықтама тапсырады, ол тиесiлi соманы Қордың облыстық бөлiмшелерi шотына, ал бөлiмшелер өз кезегiнде - жүнi ашық түстi қойларды өткiзген асыл тұқымды шаруашылықтарға тапсырады. Қор асыл тұқымды шаруашылықтарға төлемдi тiкелей жүзеге асыра алады.
4) Мамандандырылған асыл тұқымды құс өсiрушi шаруашылықтарға арналған құрама жемдi арзандату үшiн
Мамандандырылған асыл тұқымды құс өсiрушi шаруашылықтарға құстардың санына қарай, Ауылшарминi бекiткен тiзiмге сәйкес, асыл тұқымдандыру мақсатында сатып алынған және пайдаланылған құрама жемнiң әрбiр тоннасы үшiн 5000 теңге есебiнен қаржылық көмек көрсетiледi.
Бұл қаражатты алу үшiн Қордың облыстық бөлiмшелерi әрбiр айдың 10-ы күнi құрама жемдi сатып алу және пайдалану туралы бекітілген нысандағы (6-қосымша) анықтаманы Ауылшарминiнiң Мал шаруашылығы басқармасына тапсырады. Анықтама тексерiлген соң Қорға төлеуге өткiзiледi, ал ол тиесiлi қаржылық көмектiң сомасын тiкелей құс өсiрушi шаруашылықтарға аударады.
II. Ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiне қой
шаруашылығын дамытуға қаржылық көмек
көрсету
1) Жүн өткiзгенi үшiн қой өсiрушi және түйе өсiрушi шаруашылықтарға қаржылық көмек
Ауылшарминi бекiткен тiзiмге сәйкес, өндiрушi-кәсiпорындарға жүндi алғаш өңдейтiн фабрикаларға, дайындау ұйымдарына, өңдеушi және қызмет көрсетуші ұйымдарға жүн өткiзгенi, сондай-ақ оны алыс-берiс жағдайларында өткiзгенi үшiн, ал республикадан тыс жерлерге, коммерциялық құрылымдарды қоса - қылшықты және жартылай қылшық жүн өткiзгенi үшiн ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiне қаржылық көмек бөлiнедi.
Жоғарыда аталған ұйымдарға өткiзген кезде таза жүннiң шығымын анықтау үшiн аймақтық жүн ғылыми-зерттеу лабораторияларының деректерiн басшылыққа алу, ал олар болмаған жағдайда, соңғы 5 жылдағы жүндi алғаш өңдеу фабрикасының қабылдау-тапсыру актілерінiң, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бекiткен, орташа статистикалық деректерiн басшылыққа алу ұсынылады.
Қаражатты алу үшiн шаруашылықтар сатып алушыларды, ал қылшықты және жартылай қылшық жүн үшiн - жүннiң түсiн көрсете отырып, жүннiң өндiрiлуi, қозғалысы және өткiзiлуi туралы өткен ай үшiн анықтама мен оны растайтын құжаттарды (7 қосымша) - Қордың облыстық бөлiмдерiне келесi айдың 5-iне дейiн, олар өткен ай үшiн жиынтық анықтаманы ұсынылып отырған нысан бойынша (8-қосымша) - Қорға тапсырады.
Қор тапсырылған материалдарды қарап, өткiзiлген жүн үшiн тиесiлi соманы Қордың облыстық бөлiмшелерiне аударады, ал соңғылары оларды тiкелей ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiне жiберудi жүзеге асырады.
Қой және түйе өсiретiн шаруашылықтарға қаржылық көмектi төлеу мынадай есептен жүргiзiледi:
өткiзiлген таза талшықты жүннiң 1 кг. үшiн:
биязы және жартылай биязы 40 теңге
қылшықты және жартылай қылшық ашық түстi 55 теңге
қылшықты және жартылай қылшық ақ
және ашық түстi 70 теңге
түйе жүнi 50 теңге
Жүннiң жұлынған, сылынған, ұйысқан, былғанған, төмен сорттарына қаржы қаражаты бөлiнбейдi.
2) қаракөл елтiрiлерiн өткiзгенi үшiн қаржылық көмек
Ауылшарминi бекiткен тiзiмге сәйкес отандық өңдеу және дайындаушы ұйымдарға, коммерциялық құрылымдарды қоса, әрбiр өткiзiлген бiрiншi сортты қаракөл елтiрiсi үшiн 100 теңге есебiнен тiкелей тауар өндiрушiлерге қаракөл елтiрiлерiн өткізуi үшiн қаржылық көмек көрсетiледi.
Қаракөлдiң басқа сорттарына қаржылық көмек бөлiнбейдi.
Қордың облыстық бөлiмшелерi қаракөл елтiрiлерiнiң өндiрiлуi және қозғалысы туралы белгiленген нысан бойынша (9-қосымша) анықтаманы және тиесiлi қаржылық көмек сомасының есептемесiн, сондай-ақ жоғарыда аталған кәсiпорындарға қаракөл елтiрiлерiн тауар өндiрушiлердiң өткiзгенiн растайтын құжаттарды - Ауылшарминiнiң Мал шаруашылығы басқармасына, ал соңғысы - Қорға тапсырады.
Қор тапсырылған материалдарды қарап, ақшалай қаражатты тiкелей ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiне аударады.
III. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiрудiң озық
технологияларын өндiрiске қолдануда ауыл
шаруашылығы өндiрушiлерiн қолдау
1) Минералдық тыңайтқыштарды сатып алу жөнiнде ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiн қаржылық қолдау
Қор суармалы жерге және тұқымдық алқаптарға сiңiрiлген минералдық тыңайтқыштардың құнының 50%-iне дейiн өтем жасайды.
Отандық дайындаушы зауыттар өндiрген минералдық тыңайтқыштарды берудi зауыттардың өздерi, немесе тендердi ұтып алған берушiлер арқылы жүзеге асырылады.
Әрбiр облысқа минералдық тыңайтқыштарды түр-түрiмен берудiң көлемiн Ауылшарминiнiң Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамыту департаментi облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларына (департаменттерiне) минералдық тыңайтқыштарды сатып алуға өтiнiш берген ауыл шаруашылығы құрылымдарының тiзбесi негiзiнде анықтайды.
Берушiлер мен тапсырысшылар арасында жасалған, Ауылшарминiмен келісілген шарттар бойынша берушiлер өздерi өндiрген минералдық тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiне жiбередi.
Қор минералдық тыңайтқыштарды сатып алу жөніндегі шығындардың 50%-iне дейiн өтеуге арналған қаражатты берушiге бөледi. Минералдық тыңайтқыштар берудi жүзеге асыратын отандық дайындаушы зауыттарға тыңайтқыш құнының 30%-iне дейiн аванс беруге рұқсат етiледi.
Берушi ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiне минералдық тыңайтқыштарды 50%-ке дейiн арзандатылған құны бойынша сатады.
Берушiден химбазаға дейiн минералдық тыңайтқыштарды тасу жөніндегі берушiнiң шығыстарының мөлшерi Ауылшарминiмен келісілген үстеме баға есебiнен өтеледi. Минералдық тыңайтқыштарды химбазадан қолдану орнына дейiн тасымалдаудың көлiктiк шығыстарын ауыл шаруашылығы өндiрушiлерi iс жүзiнде шыққан шығыстар бойынша бөлек ұсынады.
Қордың облыстық бөлiмшесi облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен (департаментiмен) бiрлесiп, аудан мен облыс мамандары арасынан комиссия құрады, ол тыңайтқыштардың енгiзiлу фактiсiн және химбазадағы олардың қалдығын тексередi, бұл актiмен расталады.
Берушi, Ауылшарминiнiң Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамыту департаментiнде қаралған, пайдаланылған қаражатты есепке алу үшiн актiлердi Қорға тапсырады.
Берушi ай сайын, әрбiр айдың 10-ынан кешiктiрмей, минералдық тыңайтқыштардың қолданылуы туралы нысан бойынша (10-қосымша) анықтама тапсырады.
ҚР Үкіметінің 04.11.98 ж. № 1126 қаулысымен 2)-тармақша толықтырылды
2) Өсiмдiктердi қорғау қаражаты
Өсiмдiктердi қорғау құралдарының және өсiмдiктердiң ерекше қауiптi зиянкестерiмен, ауруларымен күрес жүргiзу жөніндегі уақтылы шараларды жүргiзудiң қол жетерлiк бағасын қамтамасыз ету мақсатында, Қор өсiмдiктердi қорғау құралдарының құнын арзандату үшiн қаражат бөледi.
Өсiмдiктердi қорғау құралдарын берудiң көлемдерiн, олардың түр-түрi мен бағаларын ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiнiң өтiнiштерi негiзiнде Ауылшарминiнiң тендерлiк комиссиясы айқындайды және ол Қор мен тендердi ұтып алған өсiмдiктердi қорғау құралдарын берушi-фирма арасындағы шартпен бекітіледi.
Қор Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн улағыштардың топтары бойынша берушiлердiң шоттарына пестицидтердiң құнын арзандатуға арналған қаражаттардың 50%-iн, ал шетелдiк фирмаларда жинақталғанының - ҚҚС қоса, 40%-iн, Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн өзге пестицидтер бойынша - 40%-iн, ал шетелдiк фирмаларда жинақталғанының ҚҚС қоса, 30%-iн аударады, жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң негiзiнде өсiмдiктердi қорғау құралдарын арзандату 100 процентке дейiн жүргiзiлуi мүмкiн.
Ауыл шаруашылығы өндiрушiлерi бұл пестицидтердi алдын ала төлеу жағдайында арзандатылған бағалар бойынша сатып алады, оларда қаражат болмаған жағдайда, берушi, пестицидтердi жасалған шарттардың негiзiнде ағымдағы жылдың астығы үшiн жiбередi.
Қордың облыстық бөлiмшелерi шарттардың көшiрмелерiн қоса отырып, пестицидтердi тұтынушылардың жиынтық ведомосын жасайды және соңғы тұтынушылардың пестицидтердi қолданған фактiсiн растау үшiн облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (департаментiне) және облыстық өсiмдiктердi қорғау станциясына оларды тексеруге тапсырады, бұл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (департаментi) жанында құрылған комиссияның актiсiмен бекітілуi тиiс.
Әрбiр облысқа өсiмдiктердi қорғау құралдарын түр-түрiмен берудiң көлемiн республикалық өсiмдiктердi қорғау станциясы берген пестицидтердi тұтыну есептемесiнiң және ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiнiң өтiнiштерi негiзiнде жинақталған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының (департаментiнiң) өтiнiштерi негiзiнде Ауылшарминiнiң Маркетинг және инвестициялар департаментi айқындайды.
Ауылшарминiнiң Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамыту департаментi мен республикалық өсiмдiктердi қорғау станциясы қараған және бекiткен актiлер Қорға төлеу үшiн тапсырылады.
Қордың тұтынылған препараттар үшiн соманың 30%-iне дейiн отандық препарат өндiрушiлерге аванс беруге құқығы бар. Бiржола ақы төлеу әрбiр шаруашылықтан препараттың қолданылғанын растайтын құжаттардың тапсырылуы бойынша жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 27.06.03 ж. № 623 қаулысымен 3)-тармақша өзгертілді
3) Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығын дамытуда ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiн мемлекеттік қолдау
Ауылшарминi элиталық тұқымдар өндiретiн шаруашылықтардың тiзбесiн айқындайды.
Қор дәндi дақыл, картоп, қант қызылшасы элитасының, жүгерiнiң аналық нысандары мен будандарының, майлы дақылдар элитасының, көпжылдық шөптер ұрығы элитасының тұқымдарын өндiруге жұмсалған шығындарды өтеу үшiн элиталық-тұқымдық шаруашылықтарға қаражат бөледi.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымдарын өндiретiн шаруашылықтар, қаражатты алу үшiн, облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары (департаменттерi) арқылы Ауылшарминiнiң Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамыту департаментiне 1 шiлдеге дейiн белгiленген нысанда (11-13-қосымшалар) анықтамалар, соңғылары - Қорға жиынтық анықтама тапсырады, ал ол тиесiлi соманы Қордың облыстық бөлiмшелерiне аударады. Қордың облыстық бөлiмшелерi қаражатты элиталық тұқым шаруашылықтарына аударады.
Қордан элиталық шаруашылықтарға бөлiнетiн қаражаттың көлемi Ауылшарминi әрбiр элитарлық шаруашылықтар бойынша пысықтаған, лимиттiң шегiнде шаруашылықтарға өткiзiлген элиталық тұқымдардың көлемiнен, сондай-ақ әрбiр элиталық шаруашылықтың тұқымдарды пайдалану фактiсi бойынша белгiленедi.
Қаражаттың тұтынымын есептеген кезде мынадай көрсеткiштер пайдаланылады:
(1 тонна үшiн мың теңге)
* дәндi дақылдардың элиталық тұқымдары 10,0
* жүгерi будандары аналық нысанының тұқымдары 90,0
* күнбағыс элитасы 15,0
* картоптың элиталық тұқымдары 15,0
* қант қызылшасының элитасы 800,0
* көп жылдық шөптердiң элитасы 30,0
IҮ. Ауылда шағын және орта агробизнестi дамытуға
қаржылық көмек көрсету
Шағын және орта агробизнеске арналған қаражатты жоғары түсiмдi селекцияларды алу мақсатында элиталық тұқымдарды, асыл тұқымды малды және аталықтардың ұрығын ауыл шаруашылығы құралымдары ғана ала алады.
Қор шаруашылықтар сатып алған тұқымдардың, асыл тұқымды малдың және аталықтардың сатып алынған құнының 30%-iн өтейдi.
Шағын және орта бизнестi дамытуға арналған қаражаттарды беру тендерлiк негiзде, аталған мақсаттарға арналған шығыстар сметасының шегiнде жүргiзiледi. Тендердi Ауылшарминi мен Қордың комиссиясы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген тендердi жүргiзудiң тәртібіне сәйкес өткізуде. Қордың облыстық бөлiмшесi келген өтiнiштердi тiркейдi, тапсырылған жобаларды қарайды және өз қорытындыларымен оны тендерлiк комиссияның қарауына тапсырады.
Ауылда шағын және орта бизнестi дамытуға қаражат бөлудi тендерлiк комиссияның оң қорытындысын алған ауыл шаруашылығы құралымдары жүргiзедi. Қаражатты мақсатсыз пайдаланған жағдайда, ауыл шаруашылығы құралымы Қордың шығындарын толық көлемiнде өтеуге мiндеттi. Бұл ауыл шаруашылығы құралымы 5 жыл бойы Қордың қаражаты есебiнен кез келген түрде қолдау алу құқығынан айрылады.
Қор тендердi жеңiп алған ауыл шаруашылығы өндiрушiсiмен элиталық тұқымдардың, асыл тұқымды малдың және аталықтардың ұрығын арзандату үшiн шарт жасасады.
Қор шаруашылықтарға құнды өтеудi сатып алу шарттарын, оған ақы төлегенiн растайтын құжаттарды және Ауылшарминiнiң Маркетинг, инвестициялар және халықаралық ынтымақтастық департаментiнiң қорытындысын тапсырғаннан кейiн жүргiзедi.
ҚОСЫМША
Мемлекеттік ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау
қорының 1998 жылға арналған
ШЫҒЫСТАР СМЕТАСЫ
| Шығыстардың баптары | Сомасы (млн. теңге) |
| Асыл тұқымдандыру iсiн дамытуда және өсiрудiң озық технологиясын қолдануда ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiн қолдау: 1. Асыл тұқымдандыру iсiн дамытуда ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiн қаржылық қолдау, барлығы оның iшiнде: * асыл тұқымдандыру мақсатында асыл тұқымды малды, аталықтардың ұрықтарын, жұмыртқаларды өткiзгенi үшiн * асыл тұқымды аналықтарды ұстау үшiн * жануарларды сауықтыру үшiн 2. Австралия мериносы тұқымы қойларын көбейту үшiн, барлығы оның iшiнде: * Австралия мериносы тұқымды қойларды Австралиядан сатып алу үшiн * өзi өсiрген Австралия мериносы тұқымы қойларын және ұрықтарын өткiзгенi үшiн 3. Ашық түстi, қылшықты және жартылай қылшық жүндi қойларды өткiзгенi үшiн 4. Мамандандырылған құс өсiрушi шаруашылықтар үшiн құрама жемнiң құнын арзандату үшiн | 500 457 207 150 100 10 6 4 3 30 |
| Қой шаруашылығын дамыту үшiн ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiне қаржылық көмек көрсету, барлығы оның iшiнде: * жүн өткiзгенi үшiн * қаракөл елтiрiлерiн өткiзгенi үшiн | 400 380 20 |
| Тұқым шаруашылығын дамытуда және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiрудiң озық технологияларын өндiрiске енгiзуде ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiн қолдау, барлығы оның iшiнде: 1. Минералдық тыңайтқыштарды сатып алуды ауыл шаруашы лығы өндiрушiлерiн қаржылық қолдау 2. Өсiмдiк қорғау құралдары 3.Өсiмдiк дақылдарының тұқым шаруашылығын дамытуда ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiне мемлекеттік қолдау жасау | 900 100 400 400 |
| Ауылда шағын және орта агробизнестi дамытуға қаржылық көмек көрсету Резерв Басқару аппаратын ұстау | 564 119* 17 |
| Барлығы | 2500 |
Ескерту: Резерв қаражаттары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша iске асырылады.
1-қосымша
__________________
Мал шаруашылығын асыл тұқымдандыру