Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 және
1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 қазандағы N
1598 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 426-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшадағы реттік саны 5-жол алынып тасталсын;
2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы "Маңғыстау облысы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік саны 871-3-жолмен толықтырылсын:
"871-3 мНГ-010381 "Маңғыстау-Полиграф" ААҚ".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі