Кәсiпорындарды қаржы-экономикалық сауықтыру, дәрменсiз кәсiпорындардың
банкроттығын, оларды таратудың алдын алу жөніндегі
қызметтi жандандыру жөніндегі қосымша шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 сәуірдегі қаулысы
№ 394
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен күші жойылды
Төлем қабiлетi жоқ мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерiн қаржы-экономикалық сауықтыру, санациялау және оңалту процестерiн жандандыру, сондай-ақ мұндай кәсiпорындар мен шаруашылық серiктестiктерiн қайта ұйымдастыру мен тарату мәселелерiн шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттiк" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Агенттiк):
Агенттiкке берiлген мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерiн қаржылық сауықтыру не тарату жөніндегі шараларды жүзеге асыру кезеңiнде директивалық несиелер, бюджеттік қарыздар және мемлекеттiң алдындағы берешектiң басқа да түрлерi бойынша несие берушi ретіндегі мемлекеттiң атынан бiрден-бiр уәкiлеттi өкiл болып табылады;
Агенттiкке берiлген төлем қабiлетi жоқ мемлекеттік кәсiпорындар мен жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi 50 проценттен астамды құрайтын мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерiнiң өз қаржы ресурстарының, сондай-ақ көрсетiлген заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыруды және санациялауды жүзеге асыруға Агенттiк бөлген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асырады деп белгiленсiн.
2. Агенттiкке мынадай функциялар:
қызмет көрсетуге агенттiкке берiлген мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерiн қайта ұйымдастырудың және санациялаудың кешендi жоспарларын бекіту;
Агенттiкке берiлген мемлекеттік кәсiпорындарды жекешелендiру жөнiнде ұсыныс енгізу;
Агенттiкке берiлген мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерiн несиелендiру және қаржыландыру;
Агенттiк бөлген қаражатты мақсатты пайдалану саласында тәртiп бұзушылық анықталған жағдайда мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерiнiң басшылығын ауыстыру туралы ұсыныс енгізу құқығымен, Агенттiкке берiлген мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерiн қаржылық сауықтыруға бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына ұдайы қаржылық бақылау жасауды жүзеге асыру жүктелсiн.
3. Мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерiне төлем-есеп айырысу қызметiн көрсетудi Агенттiк пен банктiң арасында жасалған агенттiк келісімнiң негiзiнде екiншi деңгейдегi банктер жүзеге асырады;
төлем қабiлетi жоқ мемлекеттік кәсiпорындар Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша Агенттiкке берiледi;
төлем қабiлетi жоқ мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен және акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмiмен Агенттiкке берiледi деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Агенттiкке банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензия беру ұсынылсын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бiр айлық мерзiм iшiнде Агенттiктi, оған осы қаулымен жүктелген функцияларды орындауы үшiн, қажеттi мүлiкпен қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру жөніндегі департаментi Алматы қаласы, Мәуленов көшесi, 92 мекен-жайы бойынша орналасқан, Агенттiктiң балансындағы үйдi Агенттiктiң жарғылық капиталына кiргiзсiн.
7.
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1998.06.18. № 558 қаулысымен.
8. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 наурыздағы № 359 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 10, 122-құжат) 2,3 және 4-тармақтарының күшi жойылған деп танылсын.
9. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы