"Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен
азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерiс енгізу туралы
1997 жылғы 4 қарашадағы № 186-I Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 348-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; 1997 жылғы 3 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймаққа Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар (бұрынғы Мұғаджар ауданының елдi мекендерi шекарасының шегiнде), Темір аудандарының; Оңтүстiк Қазақстан облысының Арыс (оның iшiнде Арыс қаласы), Отырар, Созақ, Шардара аудандарының және Түркiстан қаласының, сондай-ақ Қарағанды облысының Ұлытау ауданының (бұрынғы Жезқазған облысының Жезлi ауданының елдi мекендерi шекарасының шегiнде) аумақтары кiредi.".
2-бап. Осы Заң 1997 жылғы 17 маусымнан бастап күшiне енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi