Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ұсынылған ақпаратқа тексерілетін субъект бұзушылықтардың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса береді (егер тексеру нəтижелері туралы актіде материалды беру туралы көрсетілсе). Бұл жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргізу талап етілмейді.
17. Тексеруді жүзеге асыру кезінде тексерілетін субъектінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін субъект тілдерді дамыту саласындағы уəкілетті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының лауазымды адамдарының шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамға не сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға құқылы.
18. Егер тексеру жүргізу нəтижесінде тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу фактісі анықталса, əкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде тілдерді дамыту саласындағы уəкілетті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының лауазымды адамдары өкілеттіктері шегінде бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
26-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6-тарау. Тiлдi шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда пайдалану
2014.30.01. № 168-V ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-бап. Тiл - халықаралық қызметте
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметi мемлекеттік тiлде, қажет болған жағдайда басқа да тiлдердi пайдаланып жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен екіжақты халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде және тараптардың келісуі бойынша өзге де тілдерде жасалады.
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен екіжақты халықаралық шарттары және Қазақстан Республикасының көпжақты халықаралық шарттары келіссөздерге қатысушы тараптардың келісуі бойынша айқындалған тілдерде жасалады.
Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкiлдерiмен өткiзiлетiн ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тiлдерге аударылып, мемлекеттік тiлде жүргiзіледi.
Қазақстан Республикасының