Қазақстан Республикасы Президентінің тiкелей инвестицияларды
мемлекеттік қолдау мәселелерi жөніндегі Заң күшi бар кейбір
Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасының 1997 ж. 30 маусымдағы № 139 Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi № 2368 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 13, № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 18, 367-құжат; 1997 жылғы 12 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшi бар кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
149-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Инвестициялық жобаны iске асыру үшiн қажеттi жабдықтарды, шикiзат пен материалдарды (спирттi, алкогольдi және темекi өнiмдерiн, сондай-ақ өңдемей өткiзуге арналған тауарлар импортын қоспағанда) импорттау Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетi мен инвестордың арасында жасалған келісім-шартқа сәйкес кеден бажын салудан толық немесе iшiнара босатылуы мүмкiн.".
2-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2717 Заң күшi бар жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 159-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
8-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
"Жер учаскелерi мемлекеттік заттай гранттар түрiнде инвесторға Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетi мен инвестор арасында жасалған келісім-шартқа сәйкес берiледi.";
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы жаңа 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетi мен инвестордың арасында жасалған келісім-шартқа сәйкес жер учаскелерi мемлекеттік заттай гранттар түрiнде берiлетiн инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар;";
4) тармақша 5) тармақша болып есептелсiн:
3-тармақтың бiрiншi азатжолы "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетi мен инвестордың арасында жасалған келісім-шартқа сәйкес мемлекеттік заттай гранттарды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.
3-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 163-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
3-бапта:
2-тармақта "жекешелендiру жөніндегі басқа заң актілерінде" деген сөздер "өзге де заң актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Осы Жарлық "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшiне енгiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетi мен бекітілген инвестордың арасында жасалған келісім-шартты iске асыру процесiнде туындайтын құқықтық қатынастарды реттемейдi.".
Қазақстан Республикасының
Президентi